Войти через

  • 7°C

Пятница, 29 марта

Қоңырөлеңде спорттық алаң ашылды

Қоңырөлеңде спорттық алаң ашылды

26.08.19

Спорт
TINFO
TINFO
Служба новостей

Панфилов ауданының Қоңырөлең ауылында белсенді азаматтар мен кәсіпкерлердің қаражатына спорттық алаң салынды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

Салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары Думан Төреханов ауыл тұрғындарын құттықтап, аудан әкімінің ізгі лебізін жеткізді.

Жалпы аумағы 1030 шаршы метрді құрайтын бұл спорттық нысан футбол және волейбол алаңы, жаттығу аймағы сонымен қатар жас балаларға арналған ойын алаңынан тұрады.

Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать