Войти через

  • 10°C

Пятница, 29 марта

Түзету мекемесіндегі спартакияда

Түзету мекемесіндегі спартакияда

07.10.22

Спорт
TINFO
TINFO
Служба новостей

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні Алматы облысы Қонаев қаласына қарасты Заречный ауылында ІІМ ҚАЖД-ға қарасты №57 (155/8) мекемесінде «Спорт – дін мен рух кепілі» атты жазасын өтеуші азаматтар арасында Vші дәстүрлі спартакияда өтті, tinfo.kz хабарлайды

Спорттық шараға Алматы облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Асет Ұзақбаев, басқармаға қарасты оңалту орталығының бөлім басшысы Дәурен Жомартұлы, «Yerkin» өнер академиясы төрағасы Даулет Ауданбаев, №57 мекеменің сотталған арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Анар Қайратқызы, кәсіби төрешілер қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Гір көтеру, арқан тартыс, қол күрес, сонымен қатар футбол, волейбол спорттық түрлерінен өткен жарысқа 100-ден аса азамат қатысып, 1,2,3 шы орын алған және үздік танылып, белсенді өнер көрсеткендерге ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар тапсырылды.

Түзету мекемесінің өкілдері аталған бағыттағы шаралар алдағы уақытта бірлесе өткізетінін жеткізіп, шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Это может Вас заинтересовать