Войти через

  • 9°C

Пятница, 19 апреля

Алматы облысының имамдары электронды үкімет порталымен жұмыс жасауды үйренуде

TINFO
TINFO
Служба новостей

Өңірдің 80 имамы «Электронды үкімет порталы» және «EgovKzBot» арқылы электронды форматта мемлекеттік қызметтерді алу бойынша оқудан өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Біліктілікті арттыру шарасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалымен Талғар ауданындағы Д. Қонаев атындағы заң колледжінде өткізілді. электронды форматта мемлекеттік қызметтерді алу бойынша Алматы облысының 80 имамын оқытты.

Бүгінгі танда азаматтарға «EgovKzBot» телеграмм-бот арқылы 25 мемлекеттік кызмет алуға мүмкіндік бар. Бұл тізімде ең көп сұралатын «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру», «Дәрігердің қабылдауына жазылу» сияқты мемлекеттік қызметтер бар.

Өз кезегінде қызмет алушылармен кері байланысты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде туындайтын мәселелерді жедел шешуге арналған «Digital agent» қосымшасы арқылы өзара іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.

Фото: Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті.

Это может Вас заинтересовать