Алакөл ауданыңда рәміздер күніне орай автошеру ұйымдастырылды

Войти через

  • 04:01:41
  • 12°C

Вторник, 15 июня

Алакөл ауданыңда рәміздер күніне орай автошеру ұйымдастырылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алакөл ауданыңда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мен елімнің символымен мақтанамын» атты автошеру өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Акцияның басты мақсаты – жастарға патриоттық тәрбиені қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге құрметтерін арттыру болып табылады.


Автошерудің негізгі  атрибуты ҚР мемлекеттік Туы болды. Аталған шара аудан орталығы, «Даңқ» аллеясында орналасқан 33 метрлік Ту тұғырынан бастау алып, көк байрақпен безендірілген 10-ға жуық автокөлік пен ауданның еркіті жастары қаланың басты көшелері Дулепов, Төле би, Абылайхан, Үшарал – Достық, Д.Қонаев және Жеңіс көшелерінің  бойымен жүрді. Акция Үшарал қаласының әкімдігінен аяқталды.

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Желтоқсан оқиғасы мен Чернобыль апатының 35 жылдығы, Семей полигонының жабылғанына 30 жыл және жыр алыбы Ж.Жабаевтың 175 жылдығын аудан көлемінде аталуда.

Это может Вас заинтересовать