Алакөл ауданында ең мықты мемлекеттік қызметшілерді анықтады

Войти через

  • 03:45:49
  • 12°C

Вторник, 15 июня

Алакөл ауданында ең мықты мемлекеттік қызметшілерді анықтады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алакөл ауданында «Әкем, шешем және мен – біз шынығамыз спортпен» атты мемлекеттік қызметшілер арасында отбасылық эстафеталық жарыс өткізілді, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Аудандық персоналды басқару мен аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен өткізілген спорттық сайыстың негізгі мақсаты – халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ата – аналар балаларымен бірге спортпен айналысып, белсенді уақыт өткізу.


«Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 3 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Сайысқа қатысушы әр топ отбасыларына  сәттілік тілеймін», - деді аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Садиев.

Үздіктердің үздігін іріктейтін сайыста эстафеталық ойындар, жеңіл атлетика және т.б. спорттық ойын түрлері қамтылды. Жекелей және отбасылық сайыстардан тұратын жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды «Қоңыровтар» әулеті, ІІ орынды «Сағымбековтар» отбасы, І орынды «Көпшікбаевтар» жанұясы иеленді.

Жарысты қорытындылай  келе І орын иегері Лепсі ауылдық округінің әкімі С.Көпшікбаевтың отбасынан құралған «Көпшікбаевтар» командасы  спорттық өнерлерінің, жылдамдықтарының, ұйымшылдықтары мен ептіліктерінің арқасында  үш  команданы да жеңіп, облыс орталығына жолдама алды. Әділқазылар алқасы  жеңімпаздарды алғыс хаттарымен марапаттап, арнайы сыйлықтарын табыстады.

Это может Вас заинтересовать