Алакөлде саяси қуғын–сүргін және ашаршылық құрбандарының ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды

Войти через

  • 04:27:58
  • 12°C

Вторник, 15 июня

Алакөлде саяси қуғын–сүргін және ашаршылық құрбандарының ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Саяси қуғын – сүргін мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі. Естеліктері ешқашан ескірмейтін бұл күнді Алакөлдік жұртшылық ескерусіз қалдырған жоқ. Аудан орталығында орналасқан Даңқ аллеясындағы саяси қуғын – сүргін құрбандарына арнайы орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, құрбандарды еске алу рәсімі өткізілді6 деп хабарлайды Tinfo.kz.

Еске алу рәсіміне аудан әкімнің орынбасары М.Төлеужанов және өңірдің зиялы қауым өкілдері, бөлім – мекеме басшылары мен бірқатар қызметкерлер қатысты.


Сөз алған аудан әкімнің орынбасары М.Төлеужанов:

-  ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын – сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. Ауызға салар ас пен киер киімнен, жан жылулығынан айырылған, торға қамалған тотыдай бір уақыт қанат қағуға мұрша таппай жапа шеккен азаматтарымыздың есімдері мәңгілік жүректе қалары сөзсіз. Міне, биыл ел тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы жазықсыз құрбан болған азаматтардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтап, өткенге салауат етіп, ақтандақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақтың абыройлы міндеті мен парызы болмақ.

Жалпы, деректерге сүйенер болсақ 1929 – 1933 жылдар Кеңес Одағында 40 миллионнан астам адам саяси қуғын – сүргіннің құрбаны болған. Ал, Қазақстанға келер болсақ 1921 – 1954 – ші жылдары жалған саяси айыппен 100 мыңнан астам адам сотталып, 30 мыңдайы ату жазасына кесілген. Тек қана, 1931 – 1933 жылдары қолдан ұйымдастырылған ашаршылық салдарынан 2 миллионға жуық қазақ азаматтары қаза тапса, қиындыққа қарсы төтеп бере алмаған  бір миллионнан астам азаматтар шетел асып кетуіне мәжбүр болды. Бұл сол кездегі барлық қазақтың  тең жарымынан астамы еді.

Қазақ тарихындағы бұл қасіретке бей – жай қарау, санамыздан өшіру елдігімізге сын келтіретіндігі белгілі. Ащы тарихымызды білмеу – тәуелсіздік қадірін түсінбеумен пара – пар. Ұрпақ санасына өткен дәуір тарихын жаңғырту, халық зиялыларын жадымыздан бір сәт те шығармау баршамыздың ұлт алдындағы азаматтық борышымыз деп білейік.

Это может Вас заинтересовать