Войти через

  • 10:36:55
  • -10°C

Четверг, 03 декабря

Алматы – Қапшағай автожолындағы 18 жол белгісі талапқа сай емес

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында жол белгілерінің талапқа сәйкестілігі тексерілуде, деп хабарлайды Tinfo.kz.

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының директоры Ардақ Иманқұловтың хабарлауынша, жақында «Алматы-Қапшағай»автожолының 25-67 шақырым аралығындағы жол белгілері тексеріліп, кемшіліктер анықталған. Атап айтқанда, мамандар 20 жол белгісін тексергенде, оның 18-і талапқа сай болмай шықты.


«Ал Қаскелеңдегі көшелерге қойылған  23 жол белгісін бақылап шыққанда, оның 13-інен кемшілік анықталды. Осы кемшіліктерді жою үшін тиісті мекемелерге хат жолдады, енді оның орындалуын бақылауда ұстаймыз. Орталықтың әр облыстағы филиалы жол белгілерінің сапасын жіті бақылауда. Мысалы, мамандары да жол белгілерін үнемі бақылауда ұстап отырғандықтан облыс аумағындағы жолдардың көрсеткіштері біршама ретке келіп отыр», - деп атап өтті Ардақ Иманқұлов.

Это может Вас заинтересовать