Войти через

  • 09:50:07
  • -10°C

Четверг, 03 декабря

Алматы облысынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер анықталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласында өткен «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясында Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру рәсімі өтіп, конференцияға қатысушы делегаттар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы 26 үміткерге дауыстарын берді, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Үміткерлер ішінен 140 делегат лайықтыларды анықтап, әрбір делегат бірнеше дауыс бере алды. Яғни, әрбір делегат бір үміткерге немесе тізімдегі барлық үміткерге дауыс беруге мүмкіндігі болды. 


Қорытындысында  8 үміткер анықталып, тікелей эфир режимінде өткен конференция барысында нәтижелері көрсетілді. Олардың қатарында: Ә.Абсеметова, Е. Жасыбаев,  Д.Алимбаев,  Ж.Тельпекбаева, М. Тажмағамбетова, Д. Дигай, Д.Каримов,  К.Нестеров жоғары рейтинг жинап, пікір-сайысқа қатысқан басқа үміткерлер облыстық мәслихатағы депутатттыққа үміткер ретінде тіркелді.

Это может Вас заинтересовать