Войти через

  • 14:23:16
  • -1°C

Пятница, 04 декабря

Алматы облысында 351 мыңға тарта оқушы қашықтан білім алуда

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы Сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша партиялық куратор комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Комиссия жетекшісі Жамал Құлахметова жүргізген онлайн жиын «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы, Сайлауалды бағдарламасының 2020 – 2021 оқу жылында карантиндік шаралар жағдайында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын компьютерлік техникамен қамтамасыз ету жайын талқылады.


“Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер,технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту”, - деді комиссия жетекшісі Жамал Құлахметова.

2020-2021 оқу жылында Алматы облысында 760 мектепте 429 мыңнан аса оқушы білім алуда. Оның ішінде 564 мектептің 351 мыңға тарта оқушысы қашықтықтан білім алуда. 16 мыңдай оқушы білім алатын 196 мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Ал ата-аналардың өтініші негізінде 62 347 оқушы білім алуы үшін 5025 кезекші сынып ұйымдастырылған. Штаттық режимде жұмыс істейтін және кезекші сыныптар ұйымдастырылған мектептер санитарлық талаптарды толықтай сақтап білім беруде. Бұл мақсат үшін 226,9 млн. теңге қаржы қаралған. Бұл қаржыға 5877 дезинфекциялық тоннель, 1003 тепловизор, 1741 дезинфекциялық  кілемше, 1724 бактерицидті лампа, 6240 санитайзер сынды жабдықтар алынған. Мұнан бөлек аталған мектептерден тыс қосымша 371 тепловизор, 50 тоннель, 716 дезинфекциялық кілемше, 304 бактерицидті лампа, 498 санитайзер алуға жергілікті бюджеттен қаржы қаралған. Бүгінде аталған құралдар толықтай сатып алынған. 

“Облыстың білім саласы қашықтықтан оқыту жүйесін толықтай игерді. Жазғы демалыста 4 мыңнан аса мұғалім «Қашықтықтан білім беруді үйренемін» тақырыбындағы курстан өтті. Нәтижесінде облыстың оқушыларының білім алуына барлық жағдай жасалған. Қашықтықтан білім беретін 524 мектеп Online-mektep, 38 мектеп Daryn online, 2 мектеп Edupage ғаламтор платформасымен жұмыс істейді. Мұнан бөлек Bilimland.kz білім беру платформасына кең жолақты интернет желісіне мектептердің 97 пайызы, ал «Күнделік» жүйесіне 95 пайызы қосылған. Қазіргі таңда мектеп оқушыларын компьютерлік техникамен қамтылуы 93,5 пайызды құрап отыр. 23 678 дана компьютер оқушыларға уақытша қолдануға берілсе, 246 мыңнан аса оқушы өз меншігіндегі компьютерін пайдалануда”, - деді Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова. 

Мектеп оқушыларын одан әрі компьютермен қамту үшін жергілікті бюджеттен 4 млрд. теңге, республикалық бюджеттен 8,6 млрд. теңге қарастырылған. Аталған қаржыға 55 017 компьютерлік техника сатып алынған. Мұнан бөлек демеушілердің қолдауымен 2110 компьютер алынған. Бүгінде компьютерлік техникамен 22 932 оқушы қамтылмаған. Осы оқушыларды тиісті құралмен 30 қарашаға дейін қамтамасыз етілмек.

Это может Вас заинтересовать