Алматы облысында 'Ashyq' жобасының қатысушылар саны 300-ге жетті

Войти через

  • 03:00:19
  • 13°C

Вторник, 15 июня

Алматы облысында "Ashyq" жобасының қатысушылар саны 300-ге жетті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында 300 кәсіпкерлік нысаны "Ashyq" жобасы бойынша жұмыс істеуге көшті. Бұл туралы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов мәлімдеді.

 


Оның айтуынша, "Ashyq" жобасы алдымен Талдықорғанда енгізіліп, кейін облыстың барлық аудандары мен қалаларында қолданысқа жалғасты. "Ashyq" бойынша жұмыс істейтін 300 нысаннын 207-і жоба қатысушылары болып табылады, 93–і сынақ режимде жұмыс істейді.

 

«Қазір "Ashyq" жобасы бойынша қоғамдық тамақтану нысандары ғана емес, сонымен қатар мәдениет, қонақ үй бизнесі, сауналар мен моншалар, фитнес-орталықтар, компьютерлік клубтар жұмыс істейді. Жобаға қатысушы нысандар демалыс күндері барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып жұмыс істей алады. Оған қатысу ерікті түрде жүргізілетінін атап өту керек. Сұрақтар туындаған жағдайда біздің мамандар кеңес беріп, өтінім беруге көмектесуге дайын, сондай-ақ мессенджерлерде талқылау және техникалық сұрақтарды шешу үшін чаттар мен каналдар құрылған», - деді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов.

 

Сонымен қатар, бүгінгі күні белгіленген санитарлық нормалардың бұзған бір кәсіпкерлік нысаны "Ashyq" жобасынан шеттетілуі мүмкін.

 

«Мониторинг жұмыстары барысында кәсіпкерлер арасында барлық талаптарды сақтамағандарда анықталды. "Apriori" мейрамхана кешенінде 15 адамға арналған ауызашар отбасылық іс-шарасын өткізу фактісі анықталды. Нысан "Ashyq "жобасының қатысушысы болып саналады және бүгінде мейрамхана кешенін жобадан 2 аптаға алып тастау туралы мәселе көтерілуде. Бұзушылық қайта анықталған жағдайда нысан 2 айға шеттетіледі», - деді Талдықорған қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Мелдебаев.

 

Алматы облысы бойынша «Ashyq» жобасына қатысушылардың тізімі өңірлік әкімдіктердің сайтында жарияланған.

 

Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес-қауымдастықпен түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда және жобаға қатысуға ниет білдірушілердің тізімін жасақтауда. "Ashyq" қосымшасына қатысты барлық сұрақтар бойынша "Атамекен" ӨКП-ға мына телефон арқылы хабарласуға болады: + 7 775 594 5977 (Жамбулатова Дана Дәулетқызы), +7 775 894 6061 (Дәулетбекова Ақерке Нұрдәулетқызы).

Это может Вас заинтересовать