Алматы облысында мәслихат депутаттары өңірдің салық-бюджет саясатына баға берді

Войти через

  • 04:20:27
  • 12°C

Вторник, 15 июня

Алматы облысында мәслихат депутаттары өңірдің салық-бюджет саясатына баға берді

TINFO
TINFO
Служба новостей

26 мамыр күні  Алматы облыстық мәслихатының кезекті V сессиясы өтіп, халық қалаулылары бірқатар мәселелерді қарап, шешім шығарды, деп хабарлайды Tinfo.kz Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық мәслихат депутаты Гүлнәр Тойлыбаеваның төрағалығымен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының мәжіліс залында өткен сессия отырысында облыстық мәслихат депутаттары төмендегі мәселелерді қарады, олар:


- Алматы облысының 2020 жылға арналған бюджетінің орындалуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы.

- Алматы облысында жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы және облыстық мәслихаттың  2019 жылғы 16 шілдедегі «Іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» №49-253 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.                                         
-  Алматы облысында қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйi туралы.                                                                                  
- Форвардтық сатып алуға қатысатын өнім берушілердің тізімін қарау және бекіту жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.                                                                                         
- Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.                                                                             
- Кезекті сессияның төрағасын сайлау туралы.

Сессия отырысында облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев, облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов, облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, қоғамдық кеңес өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі сұрақтардың бірінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов 2020 жылдың қорытындысы бойынша аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу тиімділігін бағалау бойынша баяндамасы  «Әкімдіктің қызметі 2020 жылдың қорытындысы бойынша аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу бойынша 72,59 балға бағаланды, оның ішінде аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізгені үшін – мүмкін болатын 50 балдың 48,7 балын иеленді. Стратегиялық компонент бойынша аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына 50% қол жеткізілгені анықталды (есепке алынған 10 мақсаттың 5). Бұл ретте толық көлемде орындалған нысаналы индикаторлардың үлесі 79,4% құрады» - деп атап өтті.

Сонымен қатар, Жомарт Әмірханов депутаттар қарауына жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асыру тізбесі ұсынып соның ішінде әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін Блокты-модульді қазандықтарды салу сияқты жобалар бар екенгдігін, сондай-ақ, Ақсу ауданының Қызылағаш суару алқабын салу жобасын іске асыру жоспарлануда, бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары және тұрақты өнімін алу үшін Қызылағаш өзені бассейнінің тау бөктеріндегі аймағында қолданыстағы суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін арттыруға мүмкіндік беретіндігін жеткізді. Қосымша, Ұйғыр ауданында жоғары қысымды кентаралық газ құбырын және кентішілік желілерді салу және сервистік қызмет көрсету жөніндегі жобаларды іске асыру көзделіп отырғандығын ақпараттандырып өтті.

Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша халық қалаулылары өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Қойылған сауалдардың бәріне тиісті жауап беріп, ұсыныстар бойынша назарларына алды.

Сессияда күн тәртібіндегі қаралған барлық сұрақтарға депутаттардың дауыс беруімен шешім қабылданды.

 

Это может Вас заинтересовать