Войти через

  • 10:34:46
  • -10°C

Четверг, 03 декабря

Алматы облысында «Орақты батыр» тарихи-драмасының премьерасы болды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Орақты Алшағырұлының 600 жылдық мерейтойына орай «Орақты батыр» тарихи-драмасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Қойылым алдында Б. Римова атындағы драма  театрында тарихи-драмаға арналған баспасөз конференциясы өтті. БАҚ өкілдерімен кездесуге қойылымның авторы Серік Сарыбай, қоюшы режиссері Ерлан Кәрібаев, Алматы облысы маслихаты хатшысының м.а Серік Мұқанов және Д. Қонаев атындағы гуманитарлық заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалаири қатысты.


Модератор ретінде Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев болды. Шара барысында қатысушылар қойылымның шығу тарихына тоқталып, шығарманың қай тұсына басымдық берілгендігі туралы айтты.

Қойылымда XV ғасырдың ішінде туылған, туған жері мен елі үшін жан аямай күрескен Алшағырұлы Орақты батырдың жаужүрек батыр бейнесі жан-жақты ашылды.

Сахнада 1465 жылы шаңырақ көтерген Қазақ хандығының нығаюына үлкен үлес қосып, ойрат басқыншыларына қарсы шайқастарда ерлік көрсеткен батырдың жорықтары мен қатар жан тебірентер махаббатқа толы өмірі суреттеледі.

Орақты батыр тарихи-драмасы көрермен көңілін тербетіп, жігерін жандыра түсті. Қойылымнан ерекше әсер алған көрермен орнында біраз тосылып, ыстық ықыласпен қол шапалақтады.

Это может Вас заинтересовать