Алматы облысында жас кәсіпкер 5,5 мың басқа арналған құс фермасын салып жатыр

Войти через

  • 04:24:14
  • 12°C

Вторник, 15 июня

Алматы облысында жас кәсіпкер 5,5 мың басқа арналған құс фермасын салып жатыр

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында ерекше қажеттіліктері бар кәсіпкер Айдар Маманов 5,5 мың басқа арналған құс фермасын ашуды жоспарлап отыр. Нысанның құрылысы ағымдағы жылы аяқталады, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Айдар Маманов 29 жаста. Алакөл ауданының Қызылқайың ауылында дүниеге келген. Жоғары оқу орнын бітіріп, Талдықорғанда әскери қызметте болды. 2016 жылы жазатайым оқиға болып, Айдар бел омыртқасының жарақат алды. Алайда ол ауыр сынаққа төтеп беріп, жігерліне түсті. Отбасылық кәсіпті жалғастырып, одан ары кеңейтуге шешім қабылдады.


«Жанұямыз бұрыннан құс шаруашылығымен айналысып келеді. Үй ауласында тауық, қаз және үйрек ұстап келгенбіз. Үйде бос отырмай, қолғабыс болып, отбасылық кәсіпті дөңгелетуді ойладым. Ата-анаммен ақылдастым. Шешімімді қолдады.  Осылайша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жүгініп, кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы кеңес алдым. Істің қыр-сырын үйрену үшін «Бастау Бизнес» жобасына оқуға жазылдым», - деді ол.

2019 жылы Айдар Маманов Алакөл ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті. Онда алғаш рет бизнес туралы білім алып, кәсіпті жүргізу мен дамытудың қыр-сырын үйренді. Қайсарлық пен еңбек өз жемісін берді. Айдардың бизнес-жобасы мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландыруға қол жеткізді.

«Бір жыл бұрын «Даму» қоры бойынша 1 миллион теңге көлеміндегі грантқ, кейін «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде 2,5 млн теңге сомасында қайтарымсыз грантқа ие болдым. Бқл қаражатқа инкубатор, шағын трактор, ұсақтағыш және басқа да қажетті жабдықтар сатып алынды. Қазір шамамен ай сайын 200-400 бас құс сатамыз. Болашақта құстардың саны көп болады. Себебі, құс фермасын ашуды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті жас кәсіпкер.

Айтуынша, құс фермасы жеке қаражат есебінен салынуда. Алакөл ауданы Қызылқайың ауылындағы нысанның жалпы аумағы 7 гектар. Ферма 5,5 мың басқа есептелген, оның ішінде 3 мың қаз, 2 мың тауық және 500 үйрек болады. Кәсіпорынның  табысты іске асырылуының нәтижесінде 15 жұмыс орны құрылатын болады.

Это может Вас заинтересовать