Войти через

  • 13:54:34
  • -2°C

Пятница, 04 декабря

Алматы облысының қысқы тазалық жұмысына дайындығы пысықталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы облыстың қысқы тазалық жұмысына дайындықты пысықтаған отырысы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

«Zoоm» платформасымен онлайн жүйеде өткен жиынға Алматы облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Танекенов қатысты.


Басқарма басшысының сөзінше, тиісті құрылымдар қысқа әбден дайын. “Құрал-жабдықтар, техникалар сақадай сай. Оларға қажетті жанар-жағар май да, жолға себілер қоспалар да жеткілікті. Мамандар да қажеттілікті қамтамасыз етеді. Қаланы қар құрсауында қалдырмас үшін тиісті жұмыстар атқарылады. Тек жүргізушілер мен жүргіншілердің түсіністігі керек. Қар жауған сәтте жүргізушілер көліктерін жол жиегіне қойып кетіп, арнайы қар тазалайтын тахникалардың жұмысына кедергісін де келтіреді”, - деп атап өтті ол.

Это может Вас заинтересовать