Войти через

  • 10:33:01
  • -10°C

Четверг, 03 декабря

Қапшағай індеттің екінші толқынына дайын ба?

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қапшағай қалалық ауруханасы коронавирус таралмауына барлық шараларды қабылдап жатыр. Бүгінгі таңда емдеу мекемесінде 30 төсек орын дайындалған. Тағы 20 орын резервте тұр.Әзірлік барысын көшпелі брифингте қала әкімі Нұрлан Құматаев баяндады, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Ауруханалар ең алғашқы қажеттілік оттегі консентраттары мен ИВЛ аппараты, жасанды желдету құрылғыларымен жабдықталған. Қалалық аурухана басшысының айтуынша, емханаға 128 орталықтанған оттегі нүктесі тартылған. Мұнымен қоса қажетті дәрі-дәрмек, медициналық құрылғылар тапшылығы жоқ. 


Қала бойынша індетпен күреске 129 қызметкер жұмылдырылған. 34і дәрігер,  58 орта, 22 кіші санаттағы қызметкер жұмыс істеуде. Қалалық бас мемлекеттік санитар қаулысына сәйкес, карантин шаралары күшейтіліп, қоғамдық орындарда бетперде, арақашықтық талап етілуде. 

“Бізде қазір қатаң режимдегі дезинфекциялық тәртіп сақталуда.Есіктен кіре беріске санитайзер, қолды сүртуге арналған антисептик, мекемеде күніне 3 реттік тазалық жүргізіліп отырады. Дәрігерлерге жеке қорғаныш костюмі мен бетперде, антисептик, препараттармен қамтылған. Жоспар бойынша толық дайынбыз деп айтуға болады”, - деді Айман Рақышева.

Это может Вас заинтересовать