Қаратал ауданында 11 кәсіпкердің құқығы қорғалды

Войти через

  • 02:18:01
  • 14°C

Вторник, 15 июня

Қаратал ауданында 11 кәсіпкердің құқығы қорғалды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қаратал ауданында «Атамекен» мен прокуратура өкілдері 11 кәсіпкердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қаратал ауданының Кәсіпкерлер палатасы мен аудандық прокуратура өкілдерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде 11 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Бұл туралы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Қаратал аудандық филиалының директоры Фархат Құсайынов хабарлады.


Айтуынша, ауданда кәсіпкерлердің құқығын қорғау мен заңбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында мобильді топ құрылған. Жыл басынан бері прокуратура органдарымен бірлесе «Атамекен» өкілдері 11 кәсіпкерлік субъектісінің құқығын қорғады.

«Соның бірі наурыз айында кәсіпкерлік нысандарын мемлекеттік қызметкерлер тарапынан мониторингтік топтың құрамынсыз тексеру жүргізу оқиғалары болғандығы жөнінде кәсіпкерлерден арыз келіп түсті. Нәтижесінде Алматы облысы Полиция департаментінің ЖПҚ қызметкерлерінің кәсіпкерлердің санитарлық нормаларды сақтауына жүргізген тексеру кезінде қолданыстағы заңнама нормаларын бұзған анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша аудан прокуроры департамент  басшысының атына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді», - деп атап өтті Фархат Құсайынов.

Айта кетейік, 2021 жылдың басында облыстық кәсіпкерлер палатасы мен өңірлік прокуратура арасында бірлескен ынтымақтастық туралы Жол картасына қол қойылды. Жол картасы аясында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен құқықтарын бұзу фактілерінің жолын кесу бойынша бірлескен іс-шаралар көзделген. Бизнес өкілі Кәсіпкерлер палатасына немесе прокуратура органдарына жүгінген жағдайда, өтінішті қарау қорытындысы бойынша «Атамекен» ӨКП сараптамалық қорытынды дайындайды, сондай-ақ зерделеу нәтижесі бойынша прокуратура прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін енгізеді.

Это может Вас заинтересовать