Атақты «Тақиялы періште» 85 жаста

Войти через

  • 09:37:10
  • -17°C

Среда, 27 января

Атақты «Тақиялы періште» 85 жаста

TINFO
TINFO
Служба новостей

1 желтоқсан күні белгілі қоғам қайраткері, “Тақиялы періште” фильмінде басты рөлді сомадаған актер Әлімғазы Райымбеков 85 жасқа толды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Әлімғазы Райымбековті мерейтойымен облыс басшысы Амандық Баталов құттықтады.  Баспасөз қызметінің хабарлауынша Амандық Баталов Әлімғазы ақсақалдың өмірі мен шығармашылық жолының өнегелі екенін айта келе:

“Індетке байланысты мерейтойыңызбен құттықтауды осындай шағын ортада өткізуге тура келді. Ең бастысы, біздің өзіңізге деген құрметіміз ерекше. «Тақиялы періште» фильміндегі рөліңіз арқылы бүкіл халық сізді жақсы біледі. Өзіңіздей азаматтың біздің Жетісу өлкесінің тұрғыны болғаны – біз үшін мақтаныш. Қашанда ақ жүрегіңізбен, қарапайым үлгіңізбен үлкендік қасиетіңізді көрсетіп, елге шынайы тілекші болып, батаңызды беріп жүресіз. Осындай еңселі қалпыңызда жүзге жетіңіз. Ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, аман-есен жүріңіз. 85 жасқа толуыңызбен жұртшылықтың атынан құттықтаймын”, - деп ізгі тілегін білдірген облыс әкімі ақсақалға құттықтау хатын беріп, иығына шапан жапты. Сол сияқты ардагердің зайыбы Гүлжауар апаға сый-сияпат көрсетті.


Әлімғазы ақсақал өзіне көрсетілген ыстық ықыласқа ризашылығын білдірді.

“Күні кеше Тұңғыш Президент күні мерекесін атап өттік. Осы мерейлі мерекемен тұспа тұс келген мерейтойымды елеп, арнайы шақырып, сый-құрмет көрсетіп жатқандарыңа көп рахмет. Ел басындағы азаматтардың еселі еңбегіне халық риза. Көптің ішінде жүргенде естіп жүреміз. Осы бағытымыздан таймай,  еліміз тыныш, жұртымыз бірлікте болып, осылай өсіп-өркендей берейік. Ең бастысы дендерің сау болып, биіктен биікке жете беріңдер”, - деді Ә. Райымбеков.

Мұнан соң облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт және басқа да бірқатар ардагерлер сөз алып, мерейтой иесіне тілек білдірді.

Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі:

“Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Елбасымен сөйлестім, елдің жайын сұрап, өздеріңізге сәлем айтты. Облыстағы атқарылып жатқан игі істердің барлығына Елбасымыз бен Мемлекет басшысы қолдау көрсетіп отыр. Жетісу жерінің табиғаты да, климаты да жайлы, жерұйық мекен ғой. Бірақ біздің ең басты байлығымыз – өздеріңіз секілді азаматтарымыз. Сондықтан елдің, сіздердей үлкендердің алғысына бөленіп, батасын алайық. Алдымызда ақылшы болып ардагерлер аман жүрсін”, - деді Амандық Баталов.

Это может Вас заинтересовать