Ерекше күтімді қажет ететін балаларға сыйлықтар табысталды

Войти через

  • 04:20:57
  • 12°C

Вторник, 15 июня

Ерекше күтімді қажет ететін балаларға сыйлықтар табысталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алакөл ауданыңда «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай 68 ерекше күтімді қажет ететін балаларға арнайы сыйлықтар табыс етілді, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Жомарт жүректі жандар сый-сыйапатты алуға демеушілік танытты. Аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужанов  ерекше күтімді қажет ететін Гүлнұр Несіпбек пен Ләтай Ерсұлтанның үйіне арнайы барып, ақжарма тілегін айтып, аудан әкімінің арнайы әзірлеген сый-сыйапатын табыстап, халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап қайтты.


Айта кету керек, бұдан бөлек «9807» әскери бөлім, «Искорка», «Сарыарқа» сауда орталықтары, сондай-ақ, «Манна», «КМФ» ЖШС өкілдері және т.б. ат салысып, өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, Үшарал имамдары және аудандық мешіт жанынан құрылған әйел-қыздар секторы бірігіп 100 балаға тәтті мақта мен сусындар таратты.

Это может Вас заинтересовать