Жаңалықтар

Войти через

  • 04:34:11
  • 12°C

Вторник, 15 июня

 

Жаңалықтар

Іле ауданында Абай мен Шоқанның муралы салынды

Алматы облысының Іле ауданында Абай Құнанбайұлы мен Шоқан Уәлихановқа арналған екі мурал салынды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Жоба ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен Іле ауданы әкімдігінің қолдауымен Өтеген батыр ауылында салынды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); С.Қолдасов көшесінің бойындағы №19 үйдің қасбетіне қазақтың ұлы ақыны композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың алып суреті салынды. Муралға данагөйдің «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» - деген адамды әрбір басқан қадамына ақылға салар асыл сөзі жазылған. Аталған мурал Хакімнің 175 жылдық мерейтойы қарсаңында салынды. Ал екінші мурал Абай көшесі №23 мекен-жайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың бейнесі бейнеленген. Мурал ағартушының "Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ" деген терең тәрбиелік мазмұнға ие даналық сөзіне негізделіп салынған. «Осындай іс-шаралар халықтың санасын өзгертуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып­тастыруға, адамгершілігі мол ұрпақ тәр­биелеуге арналған», - деді Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ернар Мақажанов.

Алматы – Қапшағай автожолындағы 18 жол белгісі талапқа сай емес

Алматы облысында жол белгілерінің талапқа сәйкестілігі тексерілуде, деп хабарлайды Tinfo.kz. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының директоры Ардақ Иманқұловтың хабарлауынша, жақында «Алматы-Қапшағай»автожолының 25-67 шақырым аралығындағы жол белгілері тексеріліп, кемшіліктер анықталған. Атап айтқанда, мамандар 20 жол белгісін тексергенде, оның 18-і талапқа сай болмай шықты. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Ал Қаскелеңдегі көшелерге қойылған  23 жол белгісін бақылап шыққанда, оның 13-інен кемшілік анықталды. Осы кемшіліктерді жою үшін тиісті мекемелерге хат жолдады, енді оның орындалуын бақылауда ұстаймыз. Орталықтың әр облыстағы филиалы жол белгілерінің сапасын жіті бақылауда. Мысалы, мамандары да жол белгілерін үнемі бақылауда ұстап отырғандықтан облыс аумағындағы жолдардың көрсеткіштері біршама ретке келіп отыр», - деп атап өтті Ардақ Иманқұлов.

«Жетісулықтардың жеңіс жолы» кітабы шықты

Б. Римова атындағы драма театрында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Жетусылықтардың женіс жолы» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz. Шара барысында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы МарленКөлбаев сөз сойлеп, сахна төріне Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келімсейітті, Алматы облыстық мәслихат хатшысының м.а. Серік Мұқановты және Алматы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Серікжан Бекмұратов мырзаны сахна төріне шақырып, кітаптың тұсаукесер рәсімін өткізді. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Жетісулықтардың ерлігі баян етілген кітап 3 бөлімнен тұрады: Бірінші бөлім: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Халық Комиссарлары Кеңесінің Алматы облыстық және аудандық еңбекшілер депутаттары комитетінің шығарған шешімдері мен қаулыларынан тұратын құжаттар мен майдангерлердің өз қолымен жазылған хаттары. Екінші бөлім: Ұлы Отан соғысына Жетісу өлкесінің және Қазақстанның басқа да аймақтарынан аттанып, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан және соғыста із-түссіз жоғалған боздақтар тізімі Үшінші бөлім: Алматы облысының мемлекеттік архив сақтауындағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шайқас аландарынан түсірілген жауынгерлердің суреттері мен соғыс ардагерлерінің фотоқұжаттар топтамасы «Жетісулықтардың жеңіс жолы» атты  жинақ 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл толуына орай, Алматы облысының мемлекеттік архив сақтауындағы архивтік құжаттар негізінде басылып шығарылған.

"Ұлы даланың ұлы тұлғалары" онлайн видео байқауы өтті

Алматы облысында "Ұлы даланың ұлы тұлғалары" атты онлайн видео байқауының жеңімпаздарын анықтады, деп хабарлайды Tinfo.kz. Онлайн видео байқау С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен Абайдың 175 жылдығына орай өтті. Байқауға 6-11 жас аралығындағы балалар қатысты. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Шығармашылық байқау балалар әдебиетін насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.  Қазылар алқасының шешімі бойынша  1- орынды Талдықорған қалалық балалар кітапханасы жеңіп алса, Іле аудандық кітапханасы 2- тұғырдан көрінді.  Ал,  Ақсу аудандық балалар кітапханасы  3-орынды қанжығасына байлады. Онлайн режимде өткен марапат негізінде бақ сынасқан барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар жолданды.

Қапшағайда аббатандырылу мен көгалдандыру істері қарқынды

Қала аумағын аббатандыру, көгалдандыру, санитарлық тазарту жұмыстары жыл сайын дәстүрлі түрде көктем-күз айларында жүргізіліп келеді. «Қапшағай қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемелекеттік мекемесімен біраз жұмыстар қолға алынып, кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Мәселен, «Аула алаңдарын абаттандыру, 1-кезек-Қапшағай қаласы Алматы облысы» жобасы бойынша 33 аула алаңы абаттандыру сараптамадан өтіп, бюджеттен 933,3 млн қаражат бөлінген. Соның нәтижесінде өңірдің 1-2-3 ықшам аудандарына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде аталған өтпелі жобаны жалғастыру мақсатында «Асыл Тау» ЖШС мердігер ұйымымен 682 млн теңгеге келісім шарт жасалып, 107,217 млн теңгесі игерілген. Яғни, 17 тұрғын үй ауласы жасалған. Онда балалар ойын, спорт алаңдары, қоқыс жәшіктері, шаруашылық орындары,орындықтар орын теуіп, айналасына тас жол түсіп,  жиек тастармен көмкеріліп, жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызылып, бүгінде көз тартарлық жерге айналған. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Сол секілді «Аула алаңдарын абаттандыру-2 кезек» бағдарламасы шеңберінде 4,5,18 және Сейфулин, Ивушка, Спутник шағын аудары сынды 38 аула қалпына келтірілген.  Жоба құны: 3289,8 млн теңге. Сондай-ақ, биыл қалалық аурухана ауласы, Алматинская, Абай, Достық, Мостостроитель, Больничная көшелерінің ауласын көгалдандырып,абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптама өткізу жоспарланып отыр. Сонымен бірге, аймаққа қарасты 8 жағажайды көріктендіру негізінде жұмыстар қолға алынуда. Оның 5-ші жағалауына жөндеу істері жүргізіліп, брусчатка, кіре беріс жолдары, жиек тастарын орнату, балалар алаңдары тұрғызылған. Жалпы аумағы 1,7300 га жер. Дәл осындай 6,7 жағажай  бойы жаңадан салынып, мұнда 265 автотұрақ орындары, әкімшілік корпус, жуыну, әжетханалар, жазғы кафелер, сауда орындары, футбол мен волейбол алаңдар және демалушыларға арналған тынығу жерлері жасалып, қажетті жабдықтармен қамтылған. Бөлінген қаржы сомасы 580 млн теңгені құрайды. Ал, 8-ші жағалау бойынша құрылыс монтаждау жұмысына 1977 млн. теңгеге бюджеттік өтінім беріліп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Алып жатқан аумағы 50га, ұзындығы 1,4 шаршы метр. Одан басқа, өңір басшылығы аумағындағы жасыл желектерін молайтып, оны күтіп-баптауға ерекше ден қойылған. Соған орай, кешенді іс-шаралар қабылданған. Нақты айтар болсақ, көгалдандыру, суару, гүл егу қызметтерін көрсету үшін «Бастау» мүмкіндігі шектеулі қоғамымен арнайы келісім –шарты жасалған. Ол бойынша аталған серіктестік 52667,2 шаршы метр аумаққа 20 мың біржылдық гүл отырғызып,арам шөптерін шауып, уақытылы суарып, топырағын ауыстырып, қураған ағаштарын кесу ісін жүргізген. Осы сынды жұмыспен «Жан жүрек» инвалидтер Одағы 7,9 млн теңгеге келісімге отырып, көктем және күз мезгілдерінде жас көшеттер егіліп, оған қарап, баптауымен айналысқан. Атқарылған жұмыс нәтижесінде аймақ шеңберінде 1200-ден астам ағаш  отырғызылып, соның 300 қылқан жапырақты. Онымен қоса, қала аумағы мен елді мекендерде тазалау жұмыстары да жүйелі жүргізіледі. Соған сәйкесінше, аймақта санитарлық штаб құрылып, олар жоспар бойынша маңайды жинау істерімен айналысып келеді. Демек, әр жауапты тұлға өздеріне тиесілі учаскелерін таза ұстау міндеттелген. Соның нәтижесінде қала шеңберінен жыл бойына 400 тоннадан астам қатты-тұрмыстық қалдықтар шығарылған. Іргелес ауылды жерлер санитарлық талаптарға сай болмағаны анықталып 253 жеке және заңды тұлғаларды учаскелік инспекторлар әкімшілік жауапкершілікке тарқан. Әлбетте осындай олқылықтар орын алмас үшін үнемі өңірде халық арасында түсіндіру насихат жұмыстары да жүргізіліп келеді. Үстіміздегі жылы осы бағытындағы істерді жалғастыру үшін 47,5 млн. теңге бөлініп, онымен «Қапшағай Коркейту» мемлекеттік коммуналдық мекемесі айналысуда. Тағы да сол сияқты 7 жағажайдың айналасы күніне үш рет, ал демалыс кездерінде 7 мәрте тазартылып, реттеліп отырады. Жоғары да аталған мекемеден бөлек қаласы бойынша «Альянс Центр», «Капшагай АТО», «Сенім», «Таза жер» ЖШС-рі қоқыс жинап, шығарумен шұғылданады. Қапшағай қаласында қатты-тұрмыстық қалдықтарды бөліп салу жүйесі енгізілген. Қазіргі таңда пластик, қағаз, шыны қалдықтарына арналған 175 жәшіктер, аса қауіпті люминисценттік шамдарға, батареяларға секілді т.б қалдықтарға бағытталған 16 контейнер орнатылды. Жалпы осындай көптеген жұмыстар ретімен атқарылып, жоспарлы түрде жүргізіле бермек.

Ескелді ауданында сервистік әкімдік ашылды

Алматы облысының Ескелді ауданында сервистік әкімдік ашылды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Кез кезген қызмет түрін тез арада жүзеге асыратын сервистік әкімдіктегі бес бөлім халық сұранысын жүзеге асырады. Бұл орталықта жеті маман халыққа 38 қызмет түрін көрсетеді. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев қатысып, жоба Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін сапалы жүзеге асыруға оң ықпалын тигізетінін айтып өтті. Алматы облысында осындай 13 сервистік әкімдіктер ашылған болатын, осы жылдың соңына дейін қалған 7 ашылуы жоспарлануда. Айта кетейік, жаңа форматтағы әкімдіктер Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Алматы облысы әкімінің қолдауымен іске асырылуда.

Сарыөзекте мал базары ашылды

Алматы облысының Кербқлақ ауданында мал базары ашылды, деп хабарлайды Tinfo.kz. «Майтөбе» мал базарының құрылысы 2020 жылдың 17 шілдесінде басталған. Базар жеке кəсіпкер Баясыл Ақбасовтың қаражатына салынған. Онда қасапхана, 40 орындық асхана, сырттан келгендер тынығатын орын және 300 орындық көлік тұрағы қарастырылған. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Сонымен қатар, жем-шөп сату орындары да бар. Мал базары әр сенбі, жексенбі күндері жұмыс істейді.

Талдықорғанда Нобель сыйлығы иегерінің шығармасы сахналанды

Бикен Римова атындағы Алматы облыстық драма театрында Светлана Алексиевичтің «Соғыстың сұрқы әйелге жат» атты реквием жанрындағы қойылымы сахналанды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Светлана Алексиевич Нобель сыйлығы комитетінің өкілі әдебиет саласы бойынша 2015 жылғы сыйлықтың иегері. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Премьера Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орайластырылды. Шара басында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Ғұмаров Төлеужан Нүсіпжанұлы сондай ақ театрымыздың артисі, ҚР «Мәдениет қайраткері» Темербаева Ғалия Әмірқамзақызы сөз сөйлеп, жаңа маусымның ашылуымен құттықтады. Екінші дүниежүзілік - Ұлы Отан соғысы талай жанның ғұмырын қыршыннан қиып, толмас қасіретке жолықтырды. Елін сақтап қалу үшін, соңғы демі қалғанша күрескен ерлердің қатарында нәзік жанды Аруларымыз да қан майданда неміс фашисттеріне қарсы шайқасты. С.Алексиевичтің “Соғыстың сұрқы әйелге жат” реквиемі соғыс даласында отан үшін отқа түскен әйел-қыздардың сан-қилы тағдырының тапталуы, арман-мақсатының, күн сүйген келбетінің “күлге айналғаны” туралы сыр шертеді. Оқиға желісі тартымды, сюжеті қызықты. Соңында соғыстың тек әйелдерге ғана емес, күллі ғаламға жат екендігі көрсетілді.

Амандық Баталов Қазақ радиосын 99 жылдығымен құттықтады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қазақ радиосының ұжымын 99 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Tinfo.kz. Облыс басшысы құттықтауын әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Қазақ радиосы - бір ғасырға жуық уақыттан бері ұлтымыздың мәдениеті мен төл тарихынан сыр шертіп келе жатқан құнды ақпарат құралы. 1921 жылдан бастап талай тарихи кезеңдерді артқа тастаған Қазақ радиосы халыққа арналған игі жобалардың тірегі болып, ұлт үнін жаңғыртуда! Тыңдарманын әуезді әнімен, сырлы сазымен, тағылымға толы дүниелерімен бір арнаға тоғыстырған бұл ақпарат көзінің қазақ қоржынына қосқан үлесі зор! Мерейлі мереке күні радио ұжымына зор алғысымды білдіргім келеді! Шығармашылықтарыңыз одан әрі шыңдалып, ұлт алдындағы ұлы міндеттеріңізді абыроймен атқаруға тілектеспін!  Қазақ радиосының үні халқымызбен бірге ғасырдан ғасырға жалғаса берсін!», - деп жазды Амандық Баталов.

Алматы облысында әйелдің басын таспен ұрған азамат қамауға алынды

Алматы облысының Ескелді ауданында көшеде әйелдің басын таспен ұрып, тонамақ болған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tinfo.kz. Белгілі болғандай, жағдай 28 қыркүйекте шамамен сағат 15:30 шамасында орын алған. Үйіне келе жатқан жолда 52 жастағы әйелге белгісіз біреу шабуыл жасап, қолындағы сөмкесін алып қашуға әрекет еткен. Сөмкені жібермейтінін түсінген күдікті азамат алдын ала дайындап алған таспен әйелдің басынан соққы жасаған. Дегенмен, зардап шегуші әйел ішінде қомақты қаржы бар қол сөмкесінен айырылмай, өзгелерді көмекке шақырған. Күдікті оқиға орнынан із суытуға тырысқан. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Күдікті бой тасалауға тырысқанымен, көшедегі куәгер азаматтардың көмегімен ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Тексеру барысында күдіктінің бұған дейін адам өлтіру, ұрлық деректері бойынша бірнеше мәрте сотталған 44 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Оқиға орнынан күдікті пайдаланған тас тәркіленіп, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес кісі тонауға оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деді Ескелді ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Жанат Құдайбергенов. Зардап шегуші өзіне жасалған шабуыл кезінде алған дене жарақатымен дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің ішімдікке сылқия тойып алып, қылмыс жасағаны белгілі болды. Полицейлер күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатысы барын тексеруде.

Талғарда дүкеннен ішімдік алып қашқан жігіт ұсталды

Талғар ауданында дүкеннен ішімдіктер алып, төлеместен қашып кеткен 29 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Полицияға дүкен иесі шағымданған. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Қылмыс жасады деген күдікпен 1991 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды. Оның тұлғасын анықтау барысында бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Оның бұдан өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеру барысында Талғар ауданында екі велосипед ұрлағаны дәлелденді. Сот шешімімен күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды»,- деді Талғар ауданы ПБ Анықтау бөлімінің бастығы полиция капитаны Ғалым Иманғалиев. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол ішімдік ішкен соң шөлін басу мақсатында дүкенге кірген. Қалтасында қаржы болмағандықтан және сатушы әйелдің жалғыз екенін көргендіктен, сыра мен сусын алып, ақша төлеместен кетіп қалған. Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Ассамблеяға 25 жыл: «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» облыстық форумы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Халықаралық қарттар күні аясында Талдықорған қаласының Достық үйінде «Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығы» КММ және «Авив» еврей мәдени-қайырымдылық орталығының ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» облыстық форумы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz. Халықаралық қарттар күні - аға ұрпақ үшін ерекше күн. Мереке БҰҰ бастамасымен 1990 жылдың желтоқсанында құрылды. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Олардың өмірлік тәжірибелері, ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының жастар үшін орны бөлек. Себебі, олардың әрқайсысының облысымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері зор.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Іс-шараның басты мақсаты – қарттарымызға құрмет көрсету, олардың мемлекеттің даму жолында қосқан үлесін, жас ұрпаққа үлгі ретінде насихаттау.  Құттықтау сөзбен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Сәуле Алханқызы Сурабалдинова, «Авив» еврей мәдени - қайырымдылық орталығының төрағасы Игорь Александрович Возчиков, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің төрайымы Светлана Зунуновна Гаитова, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Қасымбекқызы Баймадиева, кәсіби медиатор Мусанова Шолпан Мадгалиевна сөз сөйледі. Салтанатты шараға   ЭМБ-дің ақсақалдар кеңесінен, басқа да салада қызмет еткен аға буын өкілдерінен барлығы 30 адам қатысты. Талай жасты тәрбиелеп,  бүгінгі таңда еңбектерінің зейнетін көріп отырған ұлағатты қарттарға облыстық Ассамблея мен «Достық үй – Қоғамдық келісім орталығы» қайырымдылық дастархан жайып, мерекелік концерттік бағдарлама дайындады.  Қарттарға арнап, Достық үйінің ұжымы мен этномәдени бірлестіктер мерекелік концерт ұйымдастырды. Соңында қарттарға сыйлықтар табысталды.

Абайға арналған мүшәйраның облыстық іріктеуі жүргізілуде

Алматы облысының ақын-жазушылары Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай республикалық мүшәйраға дайындықты бастап кетті. Қазіргі уақытта байқаудың облыстық іріктеу кезеңі жүріп жатыр, деп хабарлайды Tinfo.kz. Іріктеліп алынған үміткер республикаға жолдама алады. Әзірге облыстан 50-ге жуық жас әдебиетшілер қатысуға өтінім берген. Сайысқа 16-29 жас аралығындағы жас ақын-жазушылар қатысып бақтарын сынай алады Шығармаларды сараптап авторларымен талдау жұмыстарын белгілі ақын Жангелді Немеребаев, облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Оспанұлы шеберлік сағаттарын өткізді. Жалпы, мүшайраның мақсаты – Абай мұрасын дәріптеп, ұрпаққа жеткізу. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Жастардың ақындық мәдениетке, өнерге қызығушылығын арттыру, жас жазушылардың ортасын қалыптастыруға ықпал ету.

Талдықорған қаласы туралы жаңа кітап шықты

Талдықорған қаласының «Қала күні» мерекесі қарсаңында «Талдықорған - сүйікті қалам!» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz. Бұл кітап Талдықорған қаласы​ әкімдігінің қолдауымен жарық көрген «Тарихы терең Талдықорған», «Тұңғиық сыр тұнған қасиетті Талдықорған», «Тарихымен тағдырлас - Талдықорған» кітаптарының​ жалғасы болып табылады. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Талдықорған - сүйікті қалам!»​ кітабының​ тұсаукесерін Талдықорған қалалық мәслихаттың хатшысы Темірболат Ахажан, Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Керімбеков, Қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Жексембай Мейрембаев және Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова Аманбайқызы атқарды. Сонымен қатар, тұсаукесер рәсімінен кейін қалалық жалпы білім беру мекемелерінің және балабақша басшыларын ​ Талдықорған қаласы аумағында көрсетілген қайырымдылық істер мен игі шараларға ат салысып, денсаулық сақтау мекемелеріне қажетті құрылғыларды алуда қосқан зор үлесі, өскелең ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім берудегі еңбектері үшін Талдықорған қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» және «Талдықорған - сүйікті қалам!» жаңа кітабімен ​ марапаттады. Мерекелік шара соңы «Талдықоған әуендері» халықтық, фольклорлық – этнографиялық ән-би ансамблінің мерекелік концертімен ​ өз жалғасын тапты.

Ақсу ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ақсу ауданы әкімінің орынбасары болып Серік Құсмолдин тағайындалды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Ол осыған дейін ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Серік Әділбекұлы 1984 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы «Вихрь» ЖШС қауіпсіздік қызметкері болып бастаған. 2007 жылы Алматы облыстық зейнетақы төлеу орталығы Ақсу ауданы бойынша филиалының біліктілігі орташа деңгейдегі маманы, 2009 жылы Алматы облыстық зейнетақы төлеу орталығы Ақсу ауданы бойынша филиалының басшысы, 2014 жылы «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы, 29.06.2017 жылдан бастап осы күнге дейін Ақсу ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды. Серік Әділбекұлы ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі, кәсіпкерлік (бағаны қалыптастыру, туризм, сауда мәселелері бойынша), жер қатынастары, ветеринария бөлімі, аумақтық бақылау және қадағалау инспекциясы, аудандық статистика басқармасына жетекшілік етеді.

Алматы облысының әкімдігінде жаңа тағайындау

Алматы облысы әкімінің өкімімен Санжар Әбдікәрімұлы Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Ол осыған дейін Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. Cанжар Әбдікәрімұлы 30 жаста. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін, РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын және «Тұран - Астана» университетінің магистратурасын бітірген. Мамандығы бойынша құқық, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілік шебері және құқық магистрі. Еңбек жолын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің заңгері болып бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінде маман, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Электронды үкімет» нормативті-құқықтық базаны жетілдіру басқармасының сарапшысы, Алматы облысы әкімі аппаратының заң, мемлекеттік құқық бөлімінің жетекші маманы, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы, Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Протоколының сарапшысы, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқарды. 2019 жылдың қарашасынан – Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({});

Бейсен Құранбектің әкесі қайтыс болды

Белгілі журналист Бейсен Құранбектің әкесі Абай дүние салды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Бұл туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасына фотограф Жеңіс Ысқабай жазды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Ол жаққа да жақсы адам керек екен. Жатқан жеріңіз жайлы болсын Абай ақсақал!», - деп жазды ол. Сонымен бірге журналист Есболат Айдабосын Құранбек әулетіндегі қазаға қатысты көңіл айтты. «... Абай аға да көшіпті жалғаннан. Нағыз даланың қазағы еді, "ерке өскен , әлі күнге еркелейді" деп қоятын Бейсекең марқұм. Иманы жолдас болсын, бұ дүниеде көрмеген жақсылығын о дүниеден көрсін! Артында қалған берекесі бала-шағасына дарысын!», - деп еске алды қаламгер. Еске салсақ, осы жылдың 18 мамырында 48 жасында ауыр дерттен белгілі журналист, облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбек қайтыс болды. Артынан маусым айында журналисттің анасы Ямали ана 73 жасқа қараған шағында дүние салды.

Абайдың өлеңін оқыған жетісулық бүлдіршін республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

Алматы облысы Кербұлақ ауданының бес жасар тұрғыны Бағым Сақижан «Мен де жұлдыз боламын» республикалық байқауының жеңмпазы атанды. Ол Абайдың «Ата-анаға көз қуаныш»" өлеңін оқып, «Көркем сөз» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Tinfo.kz. «Мен де жұлдыз боламын» республикалық байқауы Алматы қаласында өтіп, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналды. Конкурс вокал, би, көркемсөз сынды бірнеше жанрлар бойынша ұйымдастырылды. Барлығы 100-ден астам өнерпаз қатысқан. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Көркем сөз» аталымының жеңімпазы Бағым Сақижан енді 2021 жылы Түркия елінде өтетін халықаралық байқауға жолдама алды. Бес жасар Бағым Сарыөзек ауылындағы №49 орта мектептің мектепалды сыныбының оқушысы. Бағым қазіргі уақытта Алматы қаласында Kinokids балалар тележобасында актерлік шеберлік бойынша тәлім алуда. Алдағы айда киноға түсуге шақырту алған. Кішкентай жұлдыз өскенде актриса болғысы келеді.

Улы газды анықтау үшін 1621 құрылғы қойылған

«Қатер аяқ астынан» демекші тілсіз жаудың құрсауында қалу әп сәтте. Ал, аталған келеңсіз жағдайдың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар басқармасы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Tinfo.kz.   Жылыту кезеңінде өткізілген арнайы іс-шаралардың арқасында тұрғын үй секторындағы өрттердің санын едәуір азайтуға және улы газбен улану жағдайларына жол бермейді. Оған дәдел, өткен жылыту кезеңімен салыстырғанда өрт саны 47% - ға азайған. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Биылғы жылы 21 мың 200 үй (2018-2019ж. – 20 483) көлемінде жеке тұрғын үйлер тексерілген, жұмыс барысында 36 мың 536 азаматқа нұсқамалар берілген. Бұдан басқа, қала бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі барлық үйлерде назардан тыс қалмаған.  Осы ретте 15 мың 106 азаматқа нұсқаулықтар таратылған. Өрттің және улы газбен уланудың негізгі себептері халықтың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы болып табылады, бұған улы газбен уланудың осы фактілері тіркелген мекенжайлар бойынша өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды орындау туралы ұсынылған ұсыныстар дәлел бола алады. Улы газбен улануға ықпал ететін негізгі себептер тазартылмаған мұржалар, жылыту пештеріндегі жарықтар болып табылады дейді мамандар.  Ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап 2156 азаматты қамти отырып, халықтың осал топтарының 1876 үйін комиссиялық мекенжайлық аралау басталды, онда өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді және тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша ұсыныс-түбіртектер, жадынамалар табыс етілді. «Улы газбен уланудың қайғылы салдарларын азайту мақсатында Талдықорған қаласының әкімдігімен халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне улы газды анықтаудың 1621 датчиктерін сатып алып, орнатылды»,-дейді Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары- Манат Тұрымов. Тұрғын үйде орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйелерін және газ баллонды қондырғыларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады.  Статистикаға сөз жүгіртсек, 2019 жылы газ баллонды қондырғылардың және газбен жабдықтаудың орталық жүйелерінде 3 жарылыс жағдайы тіркелген, онда 2 адам жарақат алған. Ағымдағы жылдың 7 айында газ қоспасының  2 жарылу жағдайы орын алып, 6 адам жарақаттанған. «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, жергілікті атқарушы органдарға тұрмыстық газ баллондары мен газбен жабдықтау жүйелерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру бойынша құзырет бекітілген.

Баспананы қалай тіркеуге болады?

Баспананы ХҚО арқылы да рәсімдеуге болады. Ол үшін:📌Ең алдымен ХҚО-ға кезекті брондаңыз;📌Брон уақытына сәйкес ХҚО тіркеу бөліміне барып талон алыңыз;📌Күту залындағы электронды таблодан кезегіңізді бақылаңыз;📌Реттеу залына өтіп қажетті операторға құжаттарыңызды ұсыныңыз.📍ХҚО-ға келесі құжаттарды ала баруыңыз керек:📎Жылжымайтын мүліктің меншік құжаттары;📎Жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты;📎Жер телімі болса, оның сәйкестендіру нөмірі;📎Жылжымайтын мүлікке құқылы азаматтардың нотариалды заңдастырылған келісімі;Некеде болсаңыз, жұбайңыздың нотариалды тіркелген келісімі, некеде болмасаңыз - некеге тұрмағандығы жайлы нотариалдық құжат;📎Егер сатушы кәмелет жасына толмаған іске қабілетсіз азамат болса, онда қамқоршы органның жазбаша келісімі;📎Келісім-шартты жасау үшін төленген қаражаттың төлем түбіртегі.📍Мемлекеттік БАЖ салығы 1073 теңгені құрайды.📍Қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.Баспана құтты болсын! Іске сәт!