Войти через

  • 10:44:55
  • -7°C

Четверг, 03 декабря

 

Жаңалықтар

Іле ауданында Абай мен Шоқанның муралы салынды

Алматы облысының Іле ауданында Абай Құнанбайұлы мен Шоқан Уәлихановқа арналған екі мурал салынды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Жоба ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен Іле ауданы әкімдігінің қолдауымен Өтеген батыр ауылында салынды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); С.Қолдасов көшесінің бойындағы №19 үйдің қасбетіне қазақтың ұлы ақыны композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың алып суреті салынды. Муралға данагөйдің «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» - деген адамды әрбір басқан қадамына ақылға салар асыл сөзі жазылған. Аталған мурал Хакімнің 175 жылдық мерейтойы қарсаңында салынды. Ал екінші мурал Абай көшесі №23 мекен-жайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың бейнесі бейнеленген. Мурал ағартушының "Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ" деген терең тәрбиелік мазмұнға ие даналық сөзіне негізделіп салынған. «Осындай іс-шаралар халықтың санасын өзгертуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып­тастыруға, адамгершілігі мол ұрпақ тәр­биелеуге арналған», - деді Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ернар Мақажанов.

Қапшағай індеттің екінші толқынына дайын ба?

Қапшағай қалалық ауруханасы коронавирус таралмауына барлық шараларды қабылдап жатыр. Бүгінгі таңда емдеу мекемесінде 30 төсек орын дайындалған. Тағы 20 орын резервте тұр.Әзірлік барысын көшпелі брифингте қала әкімі Нұрлан Құматаев баяндады, деп хабарлайды Tinfo.kz. Ауруханалар ең алғашқы қажеттілік оттегі консентраттары мен ИВЛ аппараты, жасанды желдету құрылғыларымен жабдықталған. Қалалық аурухана басшысының айтуынша, емханаға 128 орталықтанған оттегі нүктесі тартылған. Мұнымен қоса қажетті дәрі-дәрмек, медициналық құрылғылар тапшылығы жоқ.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қала бойынша індетпен күреске 129 қызметкер жұмылдырылған. 34і дәрігер,  58 орта, 22 кіші санаттағы қызметкер жұмыс істеуде. Қалалық бас мемлекеттік санитар қаулысына сәйкес, карантин шаралары күшейтіліп, қоғамдық орындарда бетперде, арақашықтық талап етілуде.  “Бізде қазір қатаң режимдегі дезинфекциялық тәртіп сақталуда.Есіктен кіре беріске санитайзер, қолды сүртуге арналған антисептик, мекемеде күніне 3 реттік тазалық жүргізіліп отырады. Дәрігерлерге жеке қорғаныш костюмі мен бетперде, антисептик, препараттармен қамтылған. Жоспар бойынша толық дайынбыз деп айтуға болады”, - деді Айман Рақышева.

Қапшағайда 180 пәтер беріледі

Қапшағайда 180 пәтер беріледі Қала қазір баспаналардың құрылысы қарқынды. Жуырда 180 отбасы өз пәтерлеріне кіреді. Бұл туралы көшпелі брифингте қала әкімі бөлісті, деп хабарлайды Tinfo.kz. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Бүгінгі күні 50 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталған. Нысандағы жұмыстар толық аяқталып,  қолданысқа берілу кезеңіңде. Шаңырақ шаттығын тойлайтындар көп балалы, аз қамтылған және кезектегі тұрған отбасылар.  Үйлердің барлығы заманауи қажеттіліктермен қамтылған.  Сапаға баса мән берілді деді шаһар басшысы. Тұрғынүйжинақ банкі салымшылары да биыл  жаңа пәтерлерді ала алады. Қапшағайда тағы  50 жалдамалы баспаналар салынуда. 5 қабатты нысандарда жұмыс 100 пайызға аяқталды.  Жалпы,  қаладағы 180 тұрғын жаңа үйлерге кіреді. 4 баспаналардың құрылысы жүргізілуде. 2 еуі бүгінгі күні үлестіріліп берілді. Қалғаны жыл аяғына дейін деп жоспарланған деді қала әкімі Нұрлан Құматаев.

Талдықорған тұрғынына алғаш рет көлік нөмірін үйге жеткізу қызметі көрсетілді

Талдықорған тұрғыны Сәбит Қасенов  автокөлік сатып алып, пандемия кезінде көлікті қайта тіркеу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға бармай-ақ, онлайн режимінде жаңа көлікті қайта рәсімдеп, дайын техпаспорт пен нөмірлік белгілерді де үйге жеткізуге тапсырыс берді. Бұл  жақында ғана eGov.kz порталында қолданысқа енген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік беретін қызметтің арқасында мүмкін болды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Ол үшін  «Электрондық үкімет» порталында  «Көлік және коммуникациялар» бөлімінің «Автомобиль көлігі» тармағында «МТНБ (мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі) және КҚТК-ны (көлік құралын тіркеу туралы куәлік) үйге жеткізу» қызметін таңдап, авторизациядан өту және оған тапсырыс беру қажет. Бұл жерде қажетті деректерді толтырып, тұрғылықты мекенжайын көрсетіп, қызметке ақы төлеу жеткілікті. Қызмет құны  2240 теңге. Осыдан кейін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті МХҚО қызметкерінің үйге жеткізіп беруін күтесіз. “Осындай ыңғайлы қызмет үшін рахмет. Мен барлық автокөлік иелеріне осылай жасауға кеңес берер едім”, – дейді Сәбит Қасенов  Дайын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізу қызметі бір елдімекен шегінде, мамандандырылған ХҚКО бар қалалардың, облыс орталықтарының, аудан орталықтарының тұрғындарына қолжетімді екенін атап өткен жөн.

Қапшағай өңіріндегі Қосқұдық ауылына ауыз су тартылды

Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Қосқұдық ауылы таза сумен қамтылады. Соған сәйкес, «Алматы облысы, Қапшағай қаласы Қосқұдық, Тасқұм, Бөктер, Құлан-төбе станцияларындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу» жобасы қолға алынып су жинайтын орындары салынды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Бүгінде аталған станцияларда жаңа құбырларды тарту ісі жалғасуда. Ондағы құрылыс жұмыстары биылғы жылы аяқталады деп күтілуде. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Негізі мамандардың сөзіне қарағанда, 1928 жылы Шеңгелді аумағына теміржол салына бастағанда бұл істе қатар жүргізіліп, құбырлар ішнара жасалған. Жыл өткен сайын халық саны артып қосымша желілер тартылып, осы су құбырлары 1965 жылы қайта жаңғыртудан өткізілген. Содан бері адам қолы тимеген құбырлардың тозығы жетіп, ақырында істен шыққан. Қазіргі таңда су жүйесі бастан-аяқ жаңартылып, құбырлар ауыстырылуда. Сыйымдылығы 300 куб болатын бұл орындардағы тіршілік нәрі алдағы уақытта орталық магистральдік жүйесі арқылы Тасқұм, Бөктер, Құлан-төбе бекеттеріне жіберіліп, жаңа желілер сала мамандарының тексеруінен өтпек. Барлық сынақтан өткен жүйелер жарамды болса, халыққа тазартылған ауыз толыққанды жеткізілмек. Осының арқасында балаларға арналған «Балдәурен» демалыс орны да су тапшылығын көрмейтін болады. 

Көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны қалай рәсімдеуге болады?

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы тек ХҚО арқылы рәсімделеді. Ол үшін: (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Тұрғылықты мекенжайыңызға қарасты ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз; Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз; Операторға төмендегі құжаттарды өткізу арқылы жәрдемақыға өтініш жазыңыз: Жеке куәлік; Балалардың құжаттары; Банктік есепшот жөніндегі анықтама. Ескерту, 18 жасқа толған балалары бар отбасыларға жәрдемақы, бала жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып жатса және ол 23 жасқа толғанша оқуынан анықтама өткізсе ғана төленеді. Төлем мөлшері: 4 бала үшін - 16,03 АЕК (44 531 тг); 5 бала үшін – 20,04 АЕК (55 671 тг); 6 бала үшін – 24,05 АЕК (66 810 тг); 7 немесе одан да көп бала үшін - 28,06 АЕК (77 950 тг). Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 8 жұмыс күні.

Партиялық куратор комиссиясының отырысы өтті

Облыстық Nur Otan партияcы филиалында ZOOM платформасы арқылы партия сайлауалды бағдарламасының «Индустриялық даму» бағыты бойынша өңірлік партиялық куратор комиссиясының отырысы өткізілді. Отырыста партиялық куратор комиссиясының мүшесі Р.Салыкова, облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров, мекеме басшылары, мәслихат депутаттары, БПҰ төрағалары қатысты. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Күн тәртібінде өнеркәсіптік өндіріспен өнімдер көлемінің ұлғаюы, «Даму» қорының қызметімен кәсіпкерлікті қолдау мәселелері қаралып, жауапты мекеме басшылары партиялықтарға есептерін берді.   Баяндамашылардың есептері бойынша комиссия мүшелері сұрақ-жауап алмасып, шара соңында жиында айтылған мәселелерді негізге ала отырып, мекеме басшыларына тиісті ұсыныстар жолданды.

Алматы облысында «Орақты батыр» тарихи-драмасының премьерасы болды

Орақты Алшағырұлының 600 жылдық мерейтойына орай «Орақты батыр» тарихи-драмасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz. Қойылым алдында Б. Римова атындағы драма  театрында тарихи-драмаға арналған баспасөз конференциясы өтті. БАҚ өкілдерімен кездесуге қойылымның авторы Серік Сарыбай, қоюшы режиссері Ерлан Кәрібаев, Алматы облысы маслихаты хатшысының м.а Серік Мұқанов және Д. Қонаев атындағы гуманитарлық заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалаири қатысты. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Модератор ретінде Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев болды. Шара барысында қатысушылар қойылымның шығу тарихына тоқталып, шығарманың қай тұсына басымдық берілгендігі туралы айтты. Қойылымда XV ғасырдың ішінде туылған, туған жері мен елі үшін жан аямай күрескен Алшағырұлы Орақты батырдың жаужүрек батыр бейнесі жан-жақты ашылды. Сахнада 1465 жылы шаңырақ көтерген Қазақ хандығының нығаюына үлкен үлес қосып, ойрат басқыншыларына қарсы шайқастарда ерлік көрсеткен батырдың жорықтары мен қатар жан тебірентер махаббатқа толы өмірі суреттеледі. Орақты батыр тарихи-драмасы көрермен көңілін тербетіп, жігерін жандыра түсті. Қойылымнан ерекше әсер алған көрермен орнында біраз тосылып, ыстық ықыласпен қол шапалақтады.

Алматы – Қапшағай автожолындағы 18 жол белгісі талапқа сай емес

Алматы облысында жол белгілерінің талапқа сәйкестілігі тексерілуде, деп хабарлайды Tinfo.kz. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының директоры Ардақ Иманқұловтың хабарлауынша, жақында «Алматы-Қапшағай»автожолының 25-67 шақырым аралығындағы жол белгілері тексеріліп, кемшіліктер анықталған. Атап айтқанда, мамандар 20 жол белгісін тексергенде, оның 18-і талапқа сай болмай шықты. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Ал Қаскелеңдегі көшелерге қойылған  23 жол белгісін бақылап шыққанда, оның 13-інен кемшілік анықталды. Осы кемшіліктерді жою үшін тиісті мекемелерге хат жолдады, енді оның орындалуын бақылауда ұстаймыз. Орталықтың әр облыстағы филиалы жол белгілерінің сапасын жіті бақылауда. Мысалы, мамандары да жол белгілерін үнемі бақылауда ұстап отырғандықтан облыс аумағындағы жолдардың көрсеткіштері біршама ретке келіп отыр», - деп атап өтті Ардақ Иманқұлов.

«Жетісулықтардың жеңіс жолы» кітабы шықты

Б. Римова атындағы драма театрында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Жетусылықтардың женіс жолы» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz. Шара барысында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы МарленКөлбаев сөз сойлеп, сахна төріне Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келімсейітті, Алматы облыстық мәслихат хатшысының м.а. Серік Мұқановты және Алматы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Серікжан Бекмұратов мырзаны сахна төріне шақырып, кітаптың тұсаукесер рәсімін өткізді. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Жетісулықтардың ерлігі баян етілген кітап 3 бөлімнен тұрады: Бірінші бөлім: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Халық Комиссарлары Кеңесінің Алматы облыстық және аудандық еңбекшілер депутаттары комитетінің шығарған шешімдері мен қаулыларынан тұратын құжаттар мен майдангерлердің өз қолымен жазылған хаттары. Екінші бөлім: Ұлы Отан соғысына Жетісу өлкесінің және Қазақстанның басқа да аймақтарынан аттанып, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан және соғыста із-түссіз жоғалған боздақтар тізімі Үшінші бөлім: Алматы облысының мемлекеттік архив сақтауындағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шайқас аландарынан түсірілген жауынгерлердің суреттері мен соғыс ардагерлерінің фотоқұжаттар топтамасы «Жетісулықтардың жеңіс жолы» атты  жинақ 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл толуына орай, Алматы облысының мемлекеттік архив сақтауындағы архивтік құжаттар негізінде басылып шығарылған.

"Ұлы даланың ұлы тұлғалары" онлайн видео байқауы өтті

Алматы облысында "Ұлы даланың ұлы тұлғалары" атты онлайн видео байқауының жеңімпаздарын анықтады, деп хабарлайды Tinfo.kz. Онлайн видео байқау С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен Абайдың 175 жылдығына орай өтті. Байқауға 6-11 жас аралығындағы балалар қатысты. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Шығармашылық байқау балалар әдебиетін насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.  Қазылар алқасының шешімі бойынша  1- орынды Талдықорған қалалық балалар кітапханасы жеңіп алса, Іле аудандық кітапханасы 2- тұғырдан көрінді.  Ал,  Ақсу аудандық балалар кітапханасы  3-орынды қанжығасына байлады. Онлайн режимде өткен марапат негізінде бақ сынасқан барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар жолданды.

Қапшағайда аббатандырылу мен көгалдандыру істері қарқынды

Қала аумағын аббатандыру, көгалдандыру, санитарлық тазарту жұмыстары жыл сайын дәстүрлі түрде көктем-күз айларында жүргізіліп келеді. «Қапшағай қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемелекеттік мекемесімен біраз жұмыстар қолға алынып, кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Мәселен, «Аула алаңдарын абаттандыру, 1-кезек-Қапшағай қаласы Алматы облысы» жобасы бойынша 33 аула алаңы абаттандыру сараптамадан өтіп, бюджеттен 933,3 млн қаражат бөлінген. Соның нәтижесінде өңірдің 1-2-3 ықшам аудандарына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде аталған өтпелі жобаны жалғастыру мақсатында «Асыл Тау» ЖШС мердігер ұйымымен 682 млн теңгеге келісім шарт жасалып, 107,217 млн теңгесі игерілген. Яғни, 17 тұрғын үй ауласы жасалған. Онда балалар ойын, спорт алаңдары, қоқыс жәшіктері, шаруашылық орындары,орындықтар орын теуіп, айналасына тас жол түсіп,  жиек тастармен көмкеріліп, жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызылып, бүгінде көз тартарлық жерге айналған. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Сол секілді «Аула алаңдарын абаттандыру-2 кезек» бағдарламасы шеңберінде 4,5,18 және Сейфулин, Ивушка, Спутник шағын аудары сынды 38 аула қалпына келтірілген.  Жоба құны: 3289,8 млн теңге. Сондай-ақ, биыл қалалық аурухана ауласы, Алматинская, Абай, Достық, Мостостроитель, Больничная көшелерінің ауласын көгалдандырып,абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптама өткізу жоспарланып отыр. Сонымен бірге, аймаққа қарасты 8 жағажайды көріктендіру негізінде жұмыстар қолға алынуда. Оның 5-ші жағалауына жөндеу істері жүргізіліп, брусчатка, кіре беріс жолдары, жиек тастарын орнату, балалар алаңдары тұрғызылған. Жалпы аумағы 1,7300 га жер. Дәл осындай 6,7 жағажай  бойы жаңадан салынып, мұнда 265 автотұрақ орындары, әкімшілік корпус, жуыну, әжетханалар, жазғы кафелер, сауда орындары, футбол мен волейбол алаңдар және демалушыларға арналған тынығу жерлері жасалып, қажетті жабдықтармен қамтылған. Бөлінген қаржы сомасы 580 млн теңгені құрайды. Ал, 8-ші жағалау бойынша құрылыс монтаждау жұмысына 1977 млн. теңгеге бюджеттік өтінім беріліп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Алып жатқан аумағы 50га, ұзындығы 1,4 шаршы метр. Одан басқа, өңір басшылығы аумағындағы жасыл желектерін молайтып, оны күтіп-баптауға ерекше ден қойылған. Соған орай, кешенді іс-шаралар қабылданған. Нақты айтар болсақ, көгалдандыру, суару, гүл егу қызметтерін көрсету үшін «Бастау» мүмкіндігі шектеулі қоғамымен арнайы келісім –шарты жасалған. Ол бойынша аталған серіктестік 52667,2 шаршы метр аумаққа 20 мың біржылдық гүл отырғызып,арам шөптерін шауып, уақытылы суарып, топырағын ауыстырып, қураған ағаштарын кесу ісін жүргізген. Осы сынды жұмыспен «Жан жүрек» инвалидтер Одағы 7,9 млн теңгеге келісімге отырып, көктем және күз мезгілдерінде жас көшеттер егіліп, оған қарап, баптауымен айналысқан. Атқарылған жұмыс нәтижесінде аймақ шеңберінде 1200-ден астам ағаш  отырғызылып, соның 300 қылқан жапырақты. Онымен қоса, қала аумағы мен елді мекендерде тазалау жұмыстары да жүйелі жүргізіледі. Соған сәйкесінше, аймақта санитарлық штаб құрылып, олар жоспар бойынша маңайды жинау істерімен айналысып келеді. Демек, әр жауапты тұлға өздеріне тиесілі учаскелерін таза ұстау міндеттелген. Соның нәтижесінде қала шеңберінен жыл бойына 400 тоннадан астам қатты-тұрмыстық қалдықтар шығарылған. Іргелес ауылды жерлер санитарлық талаптарға сай болмағаны анықталып 253 жеке және заңды тұлғаларды учаскелік инспекторлар әкімшілік жауапкершілікке тарқан. Әлбетте осындай олқылықтар орын алмас үшін үнемі өңірде халық арасында түсіндіру насихат жұмыстары да жүргізіліп келеді. Үстіміздегі жылы осы бағытындағы істерді жалғастыру үшін 47,5 млн. теңге бөлініп, онымен «Қапшағай Коркейту» мемлекеттік коммуналдық мекемесі айналысуда. Тағы да сол сияқты 7 жағажайдың айналасы күніне үш рет, ал демалыс кездерінде 7 мәрте тазартылып, реттеліп отырады. Жоғары да аталған мекемеден бөлек қаласы бойынша «Альянс Центр», «Капшагай АТО», «Сенім», «Таза жер» ЖШС-рі қоқыс жинап, шығарумен шұғылданады. Қапшағай қаласында қатты-тұрмыстық қалдықтарды бөліп салу жүйесі енгізілген. Қазіргі таңда пластик, қағаз, шыны қалдықтарына арналған 175 жәшіктер, аса қауіпті люминисценттік шамдарға, батареяларға секілді т.б қалдықтарға бағытталған 16 контейнер орнатылды. Жалпы осындай көптеген жұмыстар ретімен атқарылып, жоспарлы түрде жүргізіле бермек.

Ескелді ауданында сервистік әкімдік ашылды

Алматы облысының Ескелді ауданында сервистік әкімдік ашылды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Кез кезген қызмет түрін тез арада жүзеге асыратын сервистік әкімдіктегі бес бөлім халық сұранысын жүзеге асырады. Бұл орталықта жеті маман халыққа 38 қызмет түрін көрсетеді. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев қатысып, жоба Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін сапалы жүзеге асыруға оң ықпалын тигізетінін айтып өтті. Алматы облысында осындай 13 сервистік әкімдіктер ашылған болатын, осы жылдың соңына дейін қалған 7 ашылуы жоспарлануда. Айта кетейік, жаңа форматтағы әкімдіктер Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Алматы облысы әкімінің қолдауымен іске асырылуда.

Сарыөзекте мал базары ашылды

Алматы облысының Кербқлақ ауданында мал базары ашылды, деп хабарлайды Tinfo.kz. «Майтөбе» мал базарының құрылысы 2020 жылдың 17 шілдесінде басталған. Базар жеке кəсіпкер Баясыл Ақбасовтың қаражатына салынған. Онда қасапхана, 40 орындық асхана, сырттан келгендер тынығатын орын және 300 орындық көлік тұрағы қарастырылған. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Сонымен қатар, жем-шөп сату орындары да бар. Мал базары әр сенбі, жексенбі күндері жұмыс істейді.

Талдықорғанда Нобель сыйлығы иегерінің шығармасы сахналанды

Бикен Римова атындағы Алматы облыстық драма театрында Светлана Алексиевичтің «Соғыстың сұрқы әйелге жат» атты реквием жанрындағы қойылымы сахналанды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Светлана Алексиевич Нобель сыйлығы комитетінің өкілі әдебиет саласы бойынша 2015 жылғы сыйлықтың иегері. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Премьера Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орайластырылды. Шара басында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Ғұмаров Төлеужан Нүсіпжанұлы сондай ақ театрымыздың артисі, ҚР «Мәдениет қайраткері» Темербаева Ғалия Әмірқамзақызы сөз сөйлеп, жаңа маусымның ашылуымен құттықтады. Екінші дүниежүзілік - Ұлы Отан соғысы талай жанның ғұмырын қыршыннан қиып, толмас қасіретке жолықтырды. Елін сақтап қалу үшін, соңғы демі қалғанша күрескен ерлердің қатарында нәзік жанды Аруларымыз да қан майданда неміс фашисттеріне қарсы шайқасты. С.Алексиевичтің “Соғыстың сұрқы әйелге жат” реквиемі соғыс даласында отан үшін отқа түскен әйел-қыздардың сан-қилы тағдырының тапталуы, арман-мақсатының, күн сүйген келбетінің “күлге айналғаны” туралы сыр шертеді. Оқиға желісі тартымды, сюжеті қызықты. Соңында соғыстың тек әйелдерге ғана емес, күллі ғаламға жат екендігі көрсетілді.

Амандық Баталов Қазақ радиосын 99 жылдығымен құттықтады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қазақ радиосының ұжымын 99 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Tinfo.kz. Облыс басшысы құттықтауын әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Қазақ радиосы - бір ғасырға жуық уақыттан бері ұлтымыздың мәдениеті мен төл тарихынан сыр шертіп келе жатқан құнды ақпарат құралы. 1921 жылдан бастап талай тарихи кезеңдерді артқа тастаған Қазақ радиосы халыққа арналған игі жобалардың тірегі болып, ұлт үнін жаңғыртуда! Тыңдарманын әуезді әнімен, сырлы сазымен, тағылымға толы дүниелерімен бір арнаға тоғыстырған бұл ақпарат көзінің қазақ қоржынына қосқан үлесі зор! Мерейлі мереке күні радио ұжымына зор алғысымды білдіргім келеді! Шығармашылықтарыңыз одан әрі шыңдалып, ұлт алдындағы ұлы міндеттеріңізді абыроймен атқаруға тілектеспін!  Қазақ радиосының үні халқымызбен бірге ғасырдан ғасырға жалғаса берсін!», - деп жазды Амандық Баталов.

Алматы облысында әйелдің басын таспен ұрған азамат қамауға алынды

Алматы облысының Ескелді ауданында көшеде әйелдің басын таспен ұрып, тонамақ болған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tinfo.kz. Белгілі болғандай, жағдай 28 қыркүйекте шамамен сағат 15:30 шамасында орын алған. Үйіне келе жатқан жолда 52 жастағы әйелге белгісіз біреу шабуыл жасап, қолындағы сөмкесін алып қашуға әрекет еткен. Сөмкені жібермейтінін түсінген күдікті азамат алдын ала дайындап алған таспен әйелдің басынан соққы жасаған. Дегенмен, зардап шегуші әйел ішінде қомақты қаржы бар қол сөмкесінен айырылмай, өзгелерді көмекке шақырған. Күдікті оқиға орнынан із суытуға тырысқан. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Күдікті бой тасалауға тырысқанымен, көшедегі куәгер азаматтардың көмегімен ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Тексеру барысында күдіктінің бұған дейін адам өлтіру, ұрлық деректері бойынша бірнеше мәрте сотталған 44 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Оқиға орнынан күдікті пайдаланған тас тәркіленіп, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес кісі тонауға оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деді Ескелді ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Жанат Құдайбергенов. Зардап шегуші өзіне жасалған шабуыл кезінде алған дене жарақатымен дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің ішімдікке сылқия тойып алып, қылмыс жасағаны белгілі болды. Полицейлер күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатысы барын тексеруде.

Талғарда дүкеннен ішімдік алып қашқан жігіт ұсталды

Талғар ауданында дүкеннен ішімдіктер алып, төлеместен қашып кеткен 29 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Полицияға дүкен иесі шағымданған. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Қылмыс жасады деген күдікпен 1991 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды. Оның тұлғасын анықтау барысында бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Оның бұдан өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеру барысында Талғар ауданында екі велосипед ұрлағаны дәлелденді. Сот шешімімен күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды»,- деді Талғар ауданы ПБ Анықтау бөлімінің бастығы полиция капитаны Ғалым Иманғалиев. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол ішімдік ішкен соң шөлін басу мақсатында дүкенге кірген. Қалтасында қаржы болмағандықтан және сатушы әйелдің жалғыз екенін көргендіктен, сыра мен сусын алып, ақша төлеместен кетіп қалған. Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Ассамблеяға 25 жыл: «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» облыстық форумы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Халықаралық қарттар күні аясында Талдықорған қаласының Достық үйінде «Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығы» КММ және «Авив» еврей мәдени-қайырымдылық орталығының ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» облыстық форумы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz. Халықаралық қарттар күні - аға ұрпақ үшін ерекше күн. Мереке БҰҰ бастамасымен 1990 жылдың желтоқсанында құрылды. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Олардың өмірлік тәжірибелері, ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының жастар үшін орны бөлек. Себебі, олардың әрқайсысының облысымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері зор.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Іс-шараның басты мақсаты – қарттарымызға құрмет көрсету, олардың мемлекеттің даму жолында қосқан үлесін, жас ұрпаққа үлгі ретінде насихаттау.  Құттықтау сөзбен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Сәуле Алханқызы Сурабалдинова, «Авив» еврей мәдени - қайырымдылық орталығының төрағасы Игорь Александрович Возчиков, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің төрайымы Светлана Зунуновна Гаитова, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Қасымбекқызы Баймадиева, кәсіби медиатор Мусанова Шолпан Мадгалиевна сөз сөйледі. Салтанатты шараға   ЭМБ-дің ақсақалдар кеңесінен, басқа да салада қызмет еткен аға буын өкілдерінен барлығы 30 адам қатысты. Талай жасты тәрбиелеп,  бүгінгі таңда еңбектерінің зейнетін көріп отырған ұлағатты қарттарға облыстық Ассамблея мен «Достық үй – Қоғамдық келісім орталығы» қайырымдылық дастархан жайып, мерекелік концерттік бағдарлама дайындады.  Қарттарға арнап, Достық үйінің ұжымы мен этномәдени бірлестіктер мерекелік концерт ұйымдастырды. Соңында қарттарға сыйлықтар табысталды.

Абайға арналған мүшәйраның облыстық іріктеуі жүргізілуде

Алматы облысының ақын-жазушылары Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай республикалық мүшәйраға дайындықты бастап кетті. Қазіргі уақытта байқаудың облыстық іріктеу кезеңі жүріп жатыр, деп хабарлайды Tinfo.kz. Іріктеліп алынған үміткер республикаға жолдама алады. Әзірге облыстан 50-ге жуық жас әдебиетшілер қатысуға өтінім берген. Сайысқа 16-29 жас аралығындағы жас ақын-жазушылар қатысып бақтарын сынай алады Шығармаларды сараптап авторларымен талдау жұмыстарын белгілі ақын Жангелді Немеребаев, облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Оспанұлы шеберлік сағаттарын өткізді. Жалпы, мүшайраның мақсаты – Абай мұрасын дәріптеп, ұрпаққа жеткізу. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Жастардың ақындық мәдениетке, өнерге қызығушылығын арттыру, жас жазушылардың ортасын қалыптастыруға ықпал ету.