Войти через

  • 10:07:19
  • -10°C

Четверг, 03 декабря

 

Жаңалықтар

Абайдың өлеңін оқыған жетісулық бүлдіршін республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

Алматы облысы Кербұлақ ауданының бес жасар тұрғыны Бағым Сақижан «Мен де жұлдыз боламын» республикалық байқауының жеңмпазы атанды. Ол Абайдың «Ата-анаға көз қуаныш»" өлеңін оқып, «Көркем сөз» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Tinfo.kz. «Мен де жұлдыз боламын» республикалық байқауы Алматы қаласында өтіп, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналды. Конкурс вокал, би, көркемсөз сынды бірнеше жанрлар бойынша ұйымдастырылды. Барлығы 100-ден астам өнерпаз қатысқан. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Көркем сөз» аталымының жеңімпазы Бағым Сақижан енді 2021 жылы Түркия елінде өтетін халықаралық байқауға жолдама алды. Бес жасар Бағым Сарыөзек ауылындағы №49 орта мектептің мектепалды сыныбының оқушысы. Бағым қазіргі уақытта Алматы қаласында Kinokids балалар тележобасында актерлік шеберлік бойынша тәлім алуда. Алдағы айда киноға түсуге шақырту алған. Кішкентай жұлдыз өскенде актриса болғысы келеді.

Талдықорған қаласы туралы жаңа кітап шықты

Талдықорған қаласының «Қала күні» мерекесі қарсаңында «Талдықорған - сүйікті қалам!» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz. Бұл кітап Талдықорған қаласы​ әкімдігінің қолдауымен жарық көрген «Тарихы терең Талдықорған», «Тұңғиық сыр тұнған қасиетті Талдықорған», «Тарихымен тағдырлас - Талдықорған» кітаптарының​ жалғасы болып табылады. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Талдықорған - сүйікті қалам!»​ кітабының​ тұсаукесерін Талдықорған қалалық мәслихаттың хатшысы Темірболат Ахажан, Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Керімбеков, Қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Жексембай Мейрембаев және Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова Аманбайқызы атқарды. Сонымен қатар, тұсаукесер рәсімінен кейін қалалық жалпы білім беру мекемелерінің және балабақша басшыларын ​ Талдықорған қаласы аумағында көрсетілген қайырымдылық істер мен игі шараларға ат салысып, денсаулық сақтау мекемелеріне қажетті құрылғыларды алуда қосқан зор үлесі, өскелең ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім берудегі еңбектері үшін Талдықорған қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» және «Талдықорған - сүйікті қалам!» жаңа кітабімен ​ марапаттады. Мерекелік шара соңы «Талдықоған әуендері» халықтық, фольклорлық – этнографиялық ән-би ансамблінің мерекелік концертімен ​ өз жалғасын тапты.

Ақсу ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ақсу ауданы әкімінің орынбасары болып Серік Құсмолдин тағайындалды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Ол осыған дейін ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Серік Әділбекұлы 1984 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы «Вихрь» ЖШС қауіпсіздік қызметкері болып бастаған. 2007 жылы Алматы облыстық зейнетақы төлеу орталығы Ақсу ауданы бойынша филиалының біліктілігі орташа деңгейдегі маманы, 2009 жылы Алматы облыстық зейнетақы төлеу орталығы Ақсу ауданы бойынша филиалының басшысы, 2014 жылы «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы, 29.06.2017 жылдан бастап осы күнге дейін Ақсу ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды. Серік Әділбекұлы ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі, кәсіпкерлік (бағаны қалыптастыру, туризм, сауда мәселелері бойынша), жер қатынастары, ветеринария бөлімі, аумақтық бақылау және қадағалау инспекциясы, аудандық статистика басқармасына жетекшілік етеді.

Алматы облысының әкімдігінде жаңа тағайындау

Алматы облысы әкімінің өкімімен Санжар Әбдікәрімұлы Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Ол осыған дейін Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. Cанжар Әбдікәрімұлы 30 жаста. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін, РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын және «Тұран - Астана» университетінің магистратурасын бітірген. Мамандығы бойынша құқық, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілік шебері және құқық магистрі. Еңбек жолын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің заңгері болып бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінде маман, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Электронды үкімет» нормативті-құқықтық базаны жетілдіру басқармасының сарапшысы, Алматы облысы әкімі аппаратының заң, мемлекеттік құқық бөлімінің жетекші маманы, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы, Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Протоколының сарапшысы, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқарды. 2019 жылдың қарашасынан – Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({});

Бейсен Құранбектің әкесі қайтыс болды

Белгілі журналист Бейсен Құранбектің әкесі Абай дүние салды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Бұл туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасына фотограф Жеңіс Ысқабай жазды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Ол жаққа да жақсы адам керек екен. Жатқан жеріңіз жайлы болсын Абай ақсақал!», - деп жазды ол. Сонымен бірге журналист Есболат Айдабосын Құранбек әулетіндегі қазаға қатысты көңіл айтты. «... Абай аға да көшіпті жалғаннан. Нағыз даланың қазағы еді, "ерке өскен , әлі күнге еркелейді" деп қоятын Бейсекең марқұм. Иманы жолдас болсын, бұ дүниеде көрмеген жақсылығын о дүниеден көрсін! Артында қалған берекесі бала-шағасына дарысын!», - деп еске алды қаламгер. Еске салсақ, осы жылдың 18 мамырында 48 жасында ауыр дерттен белгілі журналист, облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбек қайтыс болды. Артынан маусым айында журналисттің анасы Ямали ана 73 жасқа қараған шағында дүние салды.

Улы газды анықтау үшін 1621 құрылғы қойылған

«Қатер аяқ астынан» демекші тілсіз жаудың құрсауында қалу әп сәтте. Ал, аталған келеңсіз жағдайдың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар басқармасы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Tinfo.kz.   Жылыту кезеңінде өткізілген арнайы іс-шаралардың арқасында тұрғын үй секторындағы өрттердің санын едәуір азайтуға және улы газбен улану жағдайларына жол бермейді. Оған дәдел, өткен жылыту кезеңімен салыстырғанда өрт саны 47% - ға азайған. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Биылғы жылы 21 мың 200 үй (2018-2019ж. – 20 483) көлемінде жеке тұрғын үйлер тексерілген, жұмыс барысында 36 мың 536 азаматқа нұсқамалар берілген. Бұдан басқа, қала бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі барлық үйлерде назардан тыс қалмаған.  Осы ретте 15 мың 106 азаматқа нұсқаулықтар таратылған. Өрттің және улы газбен уланудың негізгі себептері халықтың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы болып табылады, бұған улы газбен уланудың осы фактілері тіркелген мекенжайлар бойынша өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды орындау туралы ұсынылған ұсыныстар дәлел бола алады. Улы газбен улануға ықпал ететін негізгі себептер тазартылмаған мұржалар, жылыту пештеріндегі жарықтар болып табылады дейді мамандар.  Ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап 2156 азаматты қамти отырып, халықтың осал топтарының 1876 үйін комиссиялық мекенжайлық аралау басталды, онда өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді және тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша ұсыныс-түбіртектер, жадынамалар табыс етілді. «Улы газбен уланудың қайғылы салдарларын азайту мақсатында Талдықорған қаласының әкімдігімен халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне улы газды анықтаудың 1621 датчиктерін сатып алып, орнатылды»,-дейді Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары- Манат Тұрымов. Тұрғын үйде орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйелерін және газ баллонды қондырғыларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады.  Статистикаға сөз жүгіртсек, 2019 жылы газ баллонды қондырғылардың және газбен жабдықтаудың орталық жүйелерінде 3 жарылыс жағдайы тіркелген, онда 2 адам жарақат алған. Ағымдағы жылдың 7 айында газ қоспасының  2 жарылу жағдайы орын алып, 6 адам жарақаттанған. «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, жергілікті атқарушы органдарға тұрмыстық газ баллондары мен газбен жабдықтау жүйелерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру бойынша құзырет бекітілген.

Баспананы қалай тіркеуге болады?

Баспананы ХҚО арқылы да рәсімдеуге болады. Ол үшін:📌Ең алдымен ХҚО-ға кезекті брондаңыз;📌Брон уақытына сәйкес ХҚО тіркеу бөліміне барып талон алыңыз;📌Күту залындағы электронды таблодан кезегіңізді бақылаңыз;📌Реттеу залына өтіп қажетті операторға құжаттарыңызды ұсыныңыз.📍ХҚО-ға келесі құжаттарды ала баруыңыз керек:📎Жылжымайтын мүліктің меншік құжаттары;📎Жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты;📎Жер телімі болса, оның сәйкестендіру нөмірі;📎Жылжымайтын мүлікке құқылы азаматтардың нотариалды заңдастырылған келісімі;Некеде болсаңыз, жұбайңыздың нотариалды тіркелген келісімі, некеде болмасаңыз - некеге тұрмағандығы жайлы нотариалдық құжат;📎Егер сатушы кәмелет жасына толмаған іске қабілетсіз азамат болса, онда қамқоршы органның жазбаша келісімі;📎Келісім-шартты жасау үшін төленген қаражаттың төлем түбіртегі.📍Мемлекеттік БАЖ салығы 1073 теңгені құрайды.📍Қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.Баспана құтты болсын! Іске сәт!

Батыр Молдахметов Текелі қаласының әкімі болып тағайындалды

Алматы облысы Текелі қаласының әкімі болып Батыр Молдахметов тағайындалды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Ол осыған дейін Текелі әкімінің орынбасары болып жұмыс атқарды.   (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); ​Батыр Қайыркенұлы Молдахметов 1978 жылы Алматы қаласында туған. 1999 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Инженер-педагог» мамандығы бойынша бітірген, 2003 жылы Д. Қонаев атындағы университетін «Заңтану» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. ​2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет өткерген. Еңбек жолын 1999 жылы Талдықорған қаласының политехникалық колледжінде өндірістік оқыту шебері болып бастаған. Алматы облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі, Алматы облысы әкімі аппаратының бас маманы-облыс әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі, Алматы облысы әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет еткен. ​2018 жылдың қаңтар айынан – Текелі қаласы әкімінің орынбасары.

Текелі әкімі Бақтияр Өнербаев отставкаға кетті

Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев отставкаға кетті, деп хабарлайды Tinfo.kz. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Мен Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңына сәйкес, заң үстемдігін құрмет тұтатын азамат ретінде өз еркіммен отставкаға сұранып, өтініш жаздым. Және бүгін облыс әкімі – Амандық Ғаббасұлы отставкамды қабылдады», - деп жазды Бақтияр Өнербаев. Айта кетейік, бұл қызметте Өнербаев 2016 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істеді. Ол Текелі әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Баходир Норкуловқа үкім жарияланғаннан кейін отставкаға кету туралы арыз жазды. «Сіздермен бірге қоян-қолтық Текелінің өсіп-өркендеуіне, дамуына қолдан келгенше үлес қостық. Әрине, әлі күнге дейін көптеген мәселелердің түйіні шешілмегені мені де мазалайды. Бір қуантатын жәй – Текелі қаласындағы ең өзекті мәселелердің бірі болған – су мәселесі жартылай шешілді, енді жалғасын таппақ. Екіншісі – экологиялық мәселе, яғни, қорғасын-мырыш зауытының қала ортасындағы жатқан өндірістік қалдығының рекультивациясы жобасы басталды, жылдың соңына дейін аяқталу қажет», - деді ол. Бақтияр Өнербаев 1967 жылы дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Қырғыз ұлттық мемлекеттік университетін бітірген.  Саяси ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік университетінің бейорганикалық химия кафедрасының лаборанты болып бастады. Әр жылдары Қазақ мемлекеттік университеті кафедрасында инженер, ҚР жекешелендіру және коммуналдық меншікті мемлекет иелігінен алу Комитетінің бас маманы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті Іс басқармасының ұйымдастыру бөлімінің және іс-шараларға қызмет көрсету және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласы Соттар әкімшісі, сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының бірінші орынбасары, ҚР Парламенті Сенатының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2014 жылдың қараша айынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары, 2016 жылдың қарашасынан Текелі қаласының әкімі болып қызмет атқарды.

Алматы облысында ең берекелі отбасыны анықтады

Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Берекелі шаңырақ» жас отбасылардың фестивалі  өтті. Онда өңірдің ең өнегелі отбасы анықталды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Фестиваль отбасы институтын нығайту, отбасы беделін көтеру, неке мен отбасының ұлттық құндылықтарын  насихаттауға бағытталған. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға аудан-қалалардан 26 отбасы қатысып, 12 отбасы іріктеуден өткен. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Талдықорған қаласынан Искаковтар отбасы, екінші орынды Талғар ауданынан келген Айбахуновтар отбасы иеленсе, үшінші орынды Текелі қаласынан келген Мұсановтар отбасы иемденді. Сонымен қатар белсенді қатысушылар Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының дипломымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Қапшағай қаласының мониторингтік тобы кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмысын жүргізді

Қапшағай қаласының мониторингтік тобы «ИнфоҚазақстан» порталына тіркелу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған топ құрамындағы кәсіпкерлік, жергілікті полиция бөлімдері мен жастардан құралған еріктілер және қалалық туарлар мен қызмет көрсету сапасын қадағалау басқармасының мамандары аталған порталдың мақсаты мен міндетін кеңінен айтып, оған тіркелу керектігін, қоғамдық орындарда бет перде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, антисептиктер мен санитайзерлердің болуы мен оның қала берді қолданылу тәсілдері де насихатталды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Монитроинг топ мүшелерімен сәуір айынан бүгінгі күнге дейін 690 нысанмен жұмыс жасалған. Соның нәтижесінде 18 сақтық шараларын бұзуғандар анықталып, кәсіпкерлер мен азаматтардың жіберген олқылықтары бойынша 7 айып пұл салынды. Жалпы, гигиеналық ережелерді бұзған бизнес өкілдері 230 айлық есептік көрсеткіш, яғни 638970 тенге төлейтін болса, жекелеген адамдар 30 айлық есептік көрсеткіш демек, 83340 тенге қаражатты мемлекет иелігіне қалталарынан бермек. Бүгін рейд барысында топ құрамы 16 суда орынына барып, қортындысында 3 адам аталмыш сайтқа тіркелмегені белгілі болды. Қазіргі күні 1152 кәсіпкер порталға тіркелу үшін өтініш білдірген.

ХҚО-ның жаңа дәстүрі: Біз жылу Сыйлаймыз

ХҚО-ның жаңа дәстүрі :Біз жылу Сыйлаймыз "Азаматтарға арналған үкіметтің" Алматы облыстық филиалында Қызмет алуға келген көп балалы аналар, жаңа босанған аналар, ардагерлер, зейнеткерлер мен алғаш рет төлқұжаттарын рәсімдеуге немесе дайын құжаттарын алуға келген азаматтарға акция аясында құттықтау айтылып, сыйлықтар мен тәттілер таратылды. Қызмет алушылардың көңіл-күйін көтеруге бағытталған бұл іс-шара Қазақстанның барлық аймақтарында өтіп жатыр.Әрине, бұл жерде сыйлықтың көлемі мен бағасы маңызды емес, бастысы - осындай қиын сәтте тосынсый жасау арқылы халықтың көңіліне демеу беріп, қуаныш сыйлау.

Алматы облысының Ұйғыр ауданында «сервистік әкімдік» ашылды

11 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Сағындықұлы Жұмабаев және ақпараттық үгіт-насихат Штабының мүшесі - Келемсейіт Ермек Әбілмажінұлы Шонжы ауылына іс-сапармен келді. Ұйғыр ауданының әкімі Ш.Нұрахуновтың  қатысуымен өткен кездесудің басты оқиғасы заманауи сервистік әкімдіктің тұсаукесері болды.         Аталған Сервистік әкімдік аудан азаматтары үшін қолайлы жағдай жасау арқылы жаңартылған форматта жүмысын бастады. Әкімдікте азаматтар білім, жер қатынастары, сәулет және аудан құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және басқада салалар бойынша қызметтерін және пайдалы кеңестер алатын болады. Сервистік әкімдік мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға қолайлы жағдай жасауға арналғандығымен құнды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({});         Яғни, бұл жерде атқарушы билік өкілдерінің жергілікті тұрғындармен бетпе-бет отырып жұмыс жасауына еш кедергі жоқ, қажетті қызметі бір ғимаратың ішіне тауып, ісін қиналмай-ақ бітіруіне қол жеткізді. Әкімдіктің алдына қойған басты мақсаты - қол жетімділік, ашықтық, есептілік және тұтынушыға ең басты бағыт-бағдар көрсету бойынша қызмет атқару.        Департамент басшысының бірінші орынбасарының айтуынша, осындай сервистік әкімдіктердің ашылуы - мемлекеттік аппарат қызметінің және жалпы мемлекеттік қызметтік көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуда және трансформациялауда үлкен қадам.          Өздеріңізге мәлім болғандай, бұндай әкімдік облысымызда оныншы. Алдағы уақытта барлық аудан, қалаларда осындай әкімдіктердің ашылуы жоспарланған.   Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің) Алматы облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасы

Қазақстан мен Моңғолияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының басшылары онлайн кездесу өткізді

Шет елдердің жемқорлыққа қарсы ведомстволары басшыларымен кездесулер легін жалғастыра отырып, 2020 жылғы 11 қыркүйекте Алик Шпекбаев өзінің моңғол әріптесі Дашдаваа Зандраамен әңгімелесті. Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – басқа елдер тап болған жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асырудағы тәжірибе мен қиындықтарды зерделеу. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды (whistleblowing) қорғаудың кешенді жүйесін  қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары үшін шетелдік юрисдикцияларда активтерді иеленуге тыйым салу жөніндегі шараларды іске асыруға ерекше назар аударылды. Кездесу барысында тараптардың әрқайсысы өз елінің жемқорлыққа қарсы саясатының бағыттарын және оның нәтижелерін таныстыру бейнероликтерін көрсете отырып баяндады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы біздің ымырасыздық әрекетіміз, ең алдымен, ел басшылығының саяси ерік-жігеріне, азаматтық қоғамның, бизнестің және қатардағы қазақстандықтардың кең қолдауына байланысты. Бізден нақты мәселелерді шешу күтілуде. Жемқорлықты азайтуда елеулі серпіліс жасау қажет», – деп атап өтті Алик Шпекбаев. Моңғол тарапы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының жекелеген ережелерін іске асыру тәжірибесін жан-жақты айтып өтті. БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 20-бабын іске асыру тәжірибесі зор қызығушылық тудырады. Мемлекеттік қызметші табысының едәуір артуының заңдылығы расталмаған жағдайда түрмеге қамалуы мүмкін. Сонымен бірге, аталған активтер тәркіленеді, айыппұл салынып, мемлекеттік қызмет атқаруға шектеу қойылады. Моңғолияда пара ұсыну мен оны қабылдауға келісім криминализацияланған. Мұндай құқық бұзушылықтар 5000$ дейінгі айыппұлмен немесе кейін мемлекеттік лауазым атқару құқығынсыз 5 жылға дейін бас бостандығын шектеумен/айырумен жазаланады. Кездесу соңында тараптар одан әрі ынтымақтасу және халықаралық стандарттарды енгізу барысында өзара тәжірибелік қолдау көрсету туралы келісімге келді.     

Жыл соңына дейін Алматы облысында 156 мектеп Wi-Fi-ға қосылады

  Алматы облысында Wi-Fi технологиясы негізінде сымсыз интернетке қосу мақсатында жергілікті бюджеттен 156 мектепке 454 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде жыл соңына дейін 639 мектеп немесе барлық білім ошағының 84%-ы Wi-Fi арқылы ғаламторға қол жеткізеді, депхабарлайды Tinfo.kz. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметнің ақпаратынша, бүгінгі таңда облыстағы 760 мектептің барлығы компьютерлік техникамен жабдықталып, 100% ғаламторға қосылған. Оның 527 мектебі немесе 69,3%-ы жоғары жылдамдықты интернетке талшықты-оптикалық мыс кабелі арқылы, 233 мектеп яғни, 30,6%-ы спутниктік байланыс арқылы қосылған. Өткен жылы ақпараттандыру бағдарламасы бойынша бірнеше компьютер сатып алуға 376,9 миллион теңге бөлінсе, биыл мұғалімдерге компьютер сатып алуға 311,8 миллион қаржы қарастырылған. Білім ошақтары мен ұстаздарға компьютер сатып алуға жыл сайын қаражат бөлінсе де бұл көрсеткіш еш төмендемейді. Өйткені бұл санатты толықтырып отыратын оқушылар саны да артуда. Сондықтан тағы 40 мың компьютер сатып алу туралы шешім қабылданды. Оның 20 мың компьютерін сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 4 миллиард қаржы бөлінген. Қалған 20 мың компьютерді сатып алу үшін мемлекеттік-жекеменшік әрптестік (МЖӘ) жобасы аясында 5 миллиард қаржы қарастырылған. Республикалық бюджеттен 8,6 миллиард теңгеден астам сомаға 55 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алынады. Жалпы, бүгінгі таңда облыс оқушыларының компьютерлік техникамен қамтамасыз ету 60,9%-ды құрайды. Тағы бір айта кететін жайт, бүгінде облыстың білім беру мекемелерінде 69 ІТ-сыныптар құрылды. Биылдың өзінде 50 ІТ-сыныптарды жабдықтау үшін 476,8 миллион теңге бөлінді.

Қазақстаннан қай мемлекеттерге ұшуға болады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстаннан қандай мемлекеттерге кедергісіз және карантиндік шектеусіз ұшып баруға болатынын айтты, деп хабарлайды Tinfo.kz. «Комиссияның 2020 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, 2020 жылғы 20 маусымынан бастап Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Грузия мен Жапония мемлекеттеріне халықаралық рейстерді жандандыруға рұқсат берілген. Сонымен бірге, комиссияның 2020 жылғы 11 тамыздағы шешіміне сәйкес, 2020 жылғы 17 тамыздан бастап Біріккен Араб Әмірлігі, Беларусь Республикасы, Германия, Нидерланды, Египет, Украина және Ресей Федерациясына халықаралық рейстерді орындауға рұқсат берілген. Қазіргі жағдай бойынша 7 мемлекетке (Түркия (41 жиілік), Оңтүстік Корея (2 жиілік), Нидерланды (1 жиілік), БАӘ (19 жиілік), Беларусь (9 жиілік), Германия (6 жиілік), Украина (5 жиілік) – аптасына 83 рейс жиілігімен 14 бағыт бойынша тұрақты халықаралық авиарейс кезең-кезеңімен қайта жаңартылды», - деп атап өтті министрлікте. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Атап айтқанда төмендегі рейстер жанданған: - Нұр-Сұлтан – Дубай – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 3 рет, Fly Dubai – аптасына 5 рет); - Алматы – Дубай – Алматы (Эйр Астана – аптасына 4 рет, Fly Dubai – аптасына 7 рет); - Нұр-Сұлтан – Франкфурт – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 5 рет); - Орал – Франкфурт – Орал (Эйр Астана – аптасына 1 рет); - Нұр-Сұлтан – Минск – Нұр-Сұлтан (Белавиа – аптасына 5 рет); - Алматы – Минск – Алматы (Белавиа – аптасына 4 рет); Алматы – Киев – Алматы (Эйр Астана – аптасына 5 рет); - Алматы – Сеул – Алматы (Эйр Астана – аптасына 1 рет, Asiana Airlines – аптасына 1 рет); - Атырау – Амстердам – Атырау (Эйр Астана – аптасына 1 рет); - Алматы – Ыстамбұл – Алматы (Эйр Астана – аптасына 9 рет, Turkish Airlines – аптасына 2 рет, Pegasus – аптасына 3 рет). - Нұр-Сұлтан – Ыстанбұл – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 5 рет, Turkish Airlines – аптасына 2 рет); - Алматы – Анталья – Алматы (Эйр Астана – аптасына 7 рет); - Нұр-Сұлтан – Анталья – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 7 рет, Turkish Airlines – аптасына 4 рет); - Атырау – Ыстанбұл – Атырау (Эйр Астана – аптасына 2 рет).

Өзге ұлт өкілдері арасында челлендж өтті

Талдықорған қаласында «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өзге ұлт өкілдері арасында челлендж ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Челлендж сонымен бірге Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға да бағытталған. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Онлайн челлендж үш номенация бойынша өтті: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» Абай Құнанбайұлының Қара сөзін жатқа оқу; «Құлақтан кіріп, бойды алар...» Абай әндерін орындау «Өлең - сөздің патшасы» Абай өлеңдерін жатқа оқу. Шараға қала мектептерінің оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарынан білімгерлері 57 үміткер қатысып, қазылар алқасы челлендж талаптарын толық орындаған 10 жүлдегерді анықтады. Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары арнайы Дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Абай әлемі» атты онлайн әдеби кеші өтті

Ұйғыр ауданында «Абай әлемі» атты онлайн әдеби кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Онлайн кеш «Алматы облысының мемлекеттік архивінің Ұйғыр аудандық филиалымен өткізілді. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шыңғыс тауды жайлаған Тобықты руында дүниеге келді. Болашақ ақын ел анасы атанған Зере әжесінің таусылмайтын аңыз-ертегілерін естіп, сөзге шебер Ұлжан анасының тәрбиесін көріп өсті. Абай алдымен әкесінің өз туыстарының балаларын окытамын деп, «Ескітам» деген қоныста салдыртқан медреседе сауат ашты. Одан кейін ауылдағы Ғабитхан молдадан білім алды. Ал 10 жасқа толғанда Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқыды. Сол жерде араб пен парсы тілдерін меңгеріп шыққан. Абай дін оқуымен ғана шектелмей, білімін өз бетінше жетілдіруге тырысады. Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Хафиз, Физули сияқты ұлы ғұламалардың шығармаларымен танысады. Орысша сауат ашады», - деп атап өтілді кеш барысында. «Адам өмірінің мақсаты – кемелдену мен жетілу», – дейді Абай. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді. Абайдың айтуынша, жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді.  

Жаңа оқу жылы «әділдікке үндеген Қожа Ахмет Ясауи» тақырыбында адалдық сағатымен басталды

Бүгін Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орай еліміздің барлық оқу орындарында бірыңғай онлайн жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық және сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды сіңіру. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Онлайн-дәріс Тұран даласының ХІІ ғасырдағы ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың адалдық қағидаларын түсіндіруге арналған. Түркі әлемінің дамуындағы Ясауи рөлі сөзсіз, оның мұрасы түркі мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастардың қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қожа Ахмет Ясауи Орталық Азиядағы оның ішінде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарының ұлттық рухани ілім жүйесін өрнектеп берді» деп тап өткен. Бейне-дәрістерде оқушылар мен студенттер «ақыл кітабы» – «Диуани-Хикметте» жинақталған адалдық, әділдік, парасаттылық, қарапайымдылық пен мейірімділік сияқты адами құндылықтарға шақыратын ұлы ойшылдың сөздерімен танысады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды. Елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Алматы облысы бойынша 40 805 оқушыға 3211 кезекші сынып құрылды. Штаттық режімде - 12 228 оқушы оқуды бастайды. Жалпы, облыс бойынша - 426 958 оқушы, оның ішінде, бірінші сыныпқа – 45 965 оқушы барады. https://www.youtube.com/watch?v=3p1TwYI9-fg&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN

Сарқан ауданының әкімдігінде ауыс-түйіс

Алматы облысының Сарқан ауданында аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Ғабит Сабитұлы тағайындалды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Ол бұған дейін осы мекеменің бас маманы қызметін атқарып келді. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Ғабит Сабитұлы 25 жаста. Сарқан ауданының Сарқан қаласында дүниеге келді.  2016 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін "машина жасау инженері" мамандығы, 2018 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 2017 жылы «Аманбөктер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы қызметінен бастады. 2018 -2019 жж. аралығында «Сарқан қаласы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің бас маманы. 2019 жылдан бері «Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаурашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметін атқарып келді.