Войти через

  • 10:38:52
  • -10°C

Четверг, 03 декабря

 

Жаңалықтар

Алакөл ауданында кәсіпкер 20 тыныс алу аппаратын сыйға тартты

Алматы облысы Алакөл ауданының «Ырыс» ШҚ және «Айманбетов»  ЖК басшысы Рыскелді Айманбетов аудандық орталық ауруханаға жалпы құны 5 миллион тұратын 20 жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты,  деп хабарлайды Tinfo.kz. Бұл құралдар ауадан оттегі жасап, науқастардың тыныс алуына көмектеседі. Кәсіпкер бұл аппараттарды ҚХР-дан алдырған. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Айта кетейік, Рыскелді Айманбетов осыған дейін де ауруханада жатқан науқастарға қолдау білдіріп, бес жасанды тыныс алу аппаратын тарту еткен болатын.

Әнші Асылбек Тойлыбаев қайтыс болды

Алматы облысының белгілі әншісі Асылбек Тойлыбаев 39 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Бұл туралы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы хабарлады. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); “Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы ұжымы талантты әнші әріптесіміз, дарынды азамат Тойлыбаев Асылбек бауырымыздың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз! Алла панасына алып, жатқан жерін жарық қылғай!”, - делінген хабарламада. Асылбек Тойлыбаев 1981 жылы дүниеге келген. Жетісулық әнші әр жылдары халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты болды. Талдықорған қаласындағы музыка-өнер мектебінің ұстазы, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының солисті болып еңбек етті.  Асылбек Тойлыбаев “Талдықорған - Жетісудың қаласы”, “Ғашықпын саған”, “Ей досым”, “Жүрегі Қазағымның - сен, Астана!" сынды әндерді орындаумен көпшілікті есінде қалды.https://www.youtube.com/watch?v=ba6jAQkHtwA&t=163s

Алматы облысы: жол белгілері жаңартылуда

Қазақстан автобизнес қауымдастығының өткен жылғы мәліметі бойынша, еліміздегі барлық типтегі автокөліктердің саны 4 566 198-ге жеткен. Олардың 3 755 890-ны жеңіл автокөліктер болса, 446 475-і ауыр жүкті көліктердің қатарына жататын көрінеді. ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша өткен жылы елімізде 11484 жол көлік оқиғасы тіркелген. Жарақат алғандар саны – 15324, оқиға кезінде қаза тапқандар саны - 1552 адам. Комитеттің дерегіне сүйенсек, жол оқиғаларының көшін Алматы қаласы бастап тұр. Алматы облысындағы оқиға саны 1700-ге жеткен. Бұл аса қауіпті емей немене?! (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Осы орайда кейбір жандар автокөлікті жүргізуді білгенімен жол ережелерін, жол белгілерін толық білмейді деген ой мазалайды. Соңғы он жылдықта ел ішіндегі тас жолдардың сапасы біршама жақсарып қалды. Ережеге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді. 1.Ескерту белгілері, 2.Басымдық белгілері, 3.Тыйым салу белгілері, 4.Міндеттеу белгілері, 5.Ақпараттық көрсеткіш белгілері, 6.Қызмет көрсету белгілері, 7.Қосымша ақпараттар белгілері. Әр топтың белгілері әртүрлі. Бірі оннан асса, енді бірі жиырмаға жетіп-жығылады. Тағы бір ерекшелігі кез-келген жол белгілірі 100 метр қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Ал олардың сапасын қадағалау мен бақылауды «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» жүзеге асырады. Өткен жылы аталған мекеменің Алматы облыстық филиалының талабымен Алматы-Қапшағай автокөлік жолында 2 шақырымдық жол сызба таңбалары талапқа сай болмағандықтан қайта сызылып, жаңартылды. Сол сияқты Алматы-Қапшағай күре жолының 45-77 шақырымындағы жол белгілерінің де жаңартылғанын айта кеткеніміз жөн. Ал өткен айда Алматы – Шамалған – Ұзынағаш жолдарының   және  Алматы – Үшқоңыр – Ұзынағаш жолдарына тексеругі шыққанда осы жолдардың бірнеше шақырымында  жол белгілеріндегі ақауларды  анықтады. Әрине, бұл кемшіліктер бойынша  тапсырыс беруші мен тиісті мекемелерге дереу хат жолданды. Өмірде ұсақ-түйек дейтін әңгіме жоқ. Тіршіліктің бәрі де бір-бірімен байланысты. Сондықтан, кім болсаңыз да автокөлік жүргізу үшін жауапкершіліктің тым жоғары екенін естен шығармаған абзал. Себебі, әрбір көлік жүргізушісі өзінің ғана емес, болашақтың қауіпсіздігіне де жауап береді. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы

«Невада – Семей»: Талдықорғанда дөңгелек үстел өтті

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасында Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай «Невада – Семей» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz. Шара зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелді «Қазақ зағиптар қоғамы» клубының меңгерушісі Жанна Байноғаева  ашып, сөз кезегін «Қазақ зағиптар қоғамы» бірлестігінің төрағасы Әлікен Даркенбаевқа берілді.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Ол Невада Семей полигонына арнап ақын қызымыз Алмахан Мұхамедқалиқызының «Құрсақсыз ана» атты тақырыптағы өлеңін оқып беріп, барша Қазақ еліне тыныштық сыйлады. Кітапханашы Гаухар  Таукебаева осы тақырыпта елімізге қайғы – қасірет әкелген полигон туралы өз сөзімен айтып беріп шараны аяқтады. Еске салсақ, Семей полигоны — КСРО-ның ядролық сынақ жүргізуге арналған аса маңызды стратегиялық объектілерінің бірі болды. Оны ашу үшін 18 миллион гектар жер бөлінген болатын. Бастапқыда сынақтар жер бетінде жүріп, адамдар мен қоршаған табиғатқа айтарлықтай зиян келді. Кейін сынақтар тек жер астында жүргізіле бастады. Атом бомбаларының жарылысы жергілікті тұрғындар үшін ауыр тиіп, 500 мыңдай адам азап шекті. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Кейін 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы жарлығы шықты.

ХҚО-ға бару үшін кезекті алдын ала брондау

ХҚО-ға бару үшін кезекті алдын ала брондау керектігін баршамыз білеміз. Мұны бірнеше жолмен жасауға болады.📌Сонымен:1️⃣ 1414 нөмірі бойынша.Қалалық немесе ұялы телефоннан 1414 нөмірін теріп, "3" санын басыңыз (КЕАҚ/ХҚО операторы). Қосылғаннан кейін оператор бронь жасайды.2️⃣ Электронды үкімет порталы арқылы egov.kz (ЭЦҚ болған жағдайда).Порталда авторлану, басты беттің оң жақ бұрышындағы "баруды брондау" батырмасын басу, сізге қажет ХҚО-ны таңдау және ЖСН енгізу қажет. Содан кейін қажетті қызметті, бару күні мен уақытты таңдаңыз.3️⃣ Телеграм-бот EgovKzBot2.0 қосымшасы арқылы ( мобильді азаматтар базасында тіркелген болу қажет).Іздеу жолағында EgovKzBot2.0 ботын тауып, тізімнен "ХҚО-ға кезекті брондау" пәрменін таңдаңыз. Жүйе сізге мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы ХҚО-ны, аймақты, ауданды және бару мақсатын таңдауды ұсынады. Содан кейін кіру күні мен уақыты көрсетілген терезе пайда болады. Кезектің сәтті брондалғаны туралы SMS-хабарлама келеді.4️⃣ ВКонтакте және Facebook әлеуметтік желілері арқылы (мобильді азаматтар базасында тіркелген болу қажет).Таңдалған әлеуметтік желіде портал бетін табыңыз. Egov.kz және "хабарлама жазу"түймесін басыңыз. Содан кейін "Бастау" түймесін басып, негізгі мәзірден "ХҚО-ға кезекті брондау" пәрменін таңдаңыз. Көрсетілген нұсқаулықтар бойынша бағыттарды таңдап, кезекті брондаңыз.📍Ескерте кетейік, кезекке алдын-ала тапсырыс беру күніне бір рет рұқсат етіледі. Егер белсенді бронь бар болса және жаңасын брондау мүмкін болмаса, оны қайта брондау керек.

Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Рустам Әли Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Ол осыған дейін Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Рустам Әли 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін шығыстану мамандығы бойынша (бакалавр, магистратура, докторантура), І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. Философия докторы (PhD). Бірқатар ғылыми зерттеу кітаптарының авторы және бірлескен авторы. Еңбек жолын Алматы қаласында «Деловая неделя» газетінің тілшісі болып бастаған. Кейін Centralasiaonlaine.com сайтында фрилансер, «Каспий» Орта Азия мен Кавказдағы этномәдени және геосаяси зерттеулер журналының Қазақстандағы ресми өкілі, «Деловая неделя» газетінің халықаралық бөлімінің редакторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің оқытушысы, «Деловая неделя» газеті бас редакторының орынбасары, Талдықорғандағы «Жетісу жастары» МҚКК директоры, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың журналистика кафедрасының оқытушысы, Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы, «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының» Алматы облысы бойынша филиалының оқытушысы болды. 2016 жылдың мамырынан – Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы.

Аты-жөнін өзгерту туралы куәлікті қайталап алу

Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш онлайн режимде Egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін: (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); - Egov.kz порталына кіріңіз; - Іздеу жолы арқылы «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін табыңыз; - Қызметті онлайн сұратыңыз; - Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз; - Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі  және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы  деректерді  порталға енгізіңіз; - Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз; - Үшінші қадамда төлем мәртебесі  жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз; - Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз; - Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз. Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш. Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.

Алматы облысында 83 азамат «Nur Otan» праймеризіне қатыспақшы

Алматы облысында 83 адам «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға өтініш берді, деп хабарлайды Tinfo.kz. «83 азамат «Праймериз» веб-порталымен мобильді қосымшасы арқылы немесе партия филиалына келіп, өз өтініштерін қалдырды. Ел ішіндегі әлеуметтің мәселесін, мұң-мұқтажын көтеріп жүрген жетісулық белсенді азаматтар праймериз арқылы өңірдің дамуына өз үлестерін қосуға ниеттерін білдіріп отыр. Осы орайда, партияның түрлі алаңдарын пайдаланып, билікпен бұқара арасында алтын көпірге айналған партияның мүмкіндіктерін пайдаланбақ», - деп атап өтті партияның обылстық филиалында. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Атап өтейік, саяси ұйымның праймеризіне қатысуға тіркеу жұмыстары 28 тамызға дейін жалғасады.

Талғар ауданының әкімі тағайындалды

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі болып Серікжан Ерекешев тағайындалды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Серікжан Қазиұлы 47 жаста. Алматыдағы индустриалдық техникумды «техник-механик» мамандығы бойынша, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша және Нархоз Университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика және бизнес бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласында «Бағалы қағазды тіркеу системасы» жабық акционерлік қоғамының тізімдерді жүргізу қызметінің жетекші маманы ретінде бастаған. Көп жылдар бойы Маңғыстау облысындағы «Бейнеу жолдары» ЖШҚ құрылыс кешенінде механик, бас механик, атқарушы директор болып жұмыс істеген. 2012 жылдан 2016 жылға дейін Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің әкімі болған. 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Іле ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болған.

Қапшағайда Абай шығармашылығына арналған фестиваль өтті

Қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мереейтойына орай Қапшағай қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында “ТАЛАНТТЫЛАР” фестиваль-байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Шара “Қапшағай самға” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, аудандық әкімдік пен партия филиалының қолдауымен өтті. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Фестивальдің мақсаты - ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығарма шылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Байқау Қапшағай қалалық кітапханасының басшысы Кенжебекова Назым Халеловнаның құттықтау сөзімен басталды. Ары қарай шара қатысушылардың өнерімен жалғасты.

Талдықорғанда Бейсен Құранбек бейнеленген муралы салынуда

Талдықорған қаласында журналист Бейсен Құранбек бейнеленген муралы салынуда, деп хабарлайды Tinfo.kz. Мурал Бейсен Құранбек басшылық еткен “Жетісу” телеарнасы орналасқан "Журналистер үйі" ғимаратының қарсы алдындағы үй қабырғасында салынып жатыр.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Суреттің төменгі жағында "Қарекет ет, батырым!" деген жазу қойылады. Аталған мурал Алматы облысы әкімдігі мен "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Еске салсақ, Бейсен Құранбек  осы жылдың 18 мамырында 48 жасында ауыр дерттен қайтыс болды. Ол 2014 жылдан бастап облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры болып қызмет атқарды. 2017 жылдан бері «Қазақстан» телеарнасында «Қарекет» бағдарламасын жүргізді.

Алакөлде 700-ге мың жуық адам демалған

Биылғы шомылу мауысымынан бері Алакөлдегі демалушылар саны 629 мыңнан асты. Оларға 3 млрд 739 млн теңгенің қызметі көрсетілді, деп хабарлайды Tinfo.kz. Көл жағалауындағы санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы мониторинг топ құрылған. Бүгінгі күні ауданда 4 мониторинг тобы күнделікті жұмыстар атқаруда. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Мониторинг тобының зерделеу жұмыстары барысында көл жағалауында құрылған барлық 17 стихиялық шатырлы лагерлер жабылды. Көл жағасындағы тыйым салынған, Заңсыз сауда жүргізген тұлғаларға ескертулер беріліп, айыппұлдар салынды. Жағалаудағы демалыс орындарындағы санитарлық жағдай қатаң бақылауға алынып, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.  Туризм саласындағы 262 нысанның 171-не жұмыс істеуге рұқсат берілген. Онда барлық санитарлық нормалар сақталған. Алакөл көл жағалауына  екі айдың қорытындысы бойынша 630 мың турист келсе, бұл көрсеткіш шомылу мауысымының аяғына дейін 1 млн-ға жетпек. Туристердің негізгі ағыны автобуспен келіп жатқанын ескере отырып, «Талдықорған-Өскемен» және «Үшарал-Достық» күре жолын қалпына келтіру бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алакөл ауданы әкімдігінің хабарлауынша, «Алматы-Жетіген-Достық» теміржолы мен «Үшарал» әуежайында «Астана-Үшарал-Астана», «Алматы-Үшарал-Алматы» (аптасына жеті күн, SCAT әуе компаниясы), «Талдықорған-Үшарал-Талдықорған» («Жетісу» әуе компаниясы) әуе рейстері қызмет көрсетуде. Санитарлық алгоритмге байланысты Үшарал әуежайы тепловизормен және ұшып келу, кету залдарында  арнайы дизенфекциялық  тунелмен қамтылған. Үшарал әуежайы арқылы күніне Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған қалаларынан қатынайтын рейстермен 180, ал көл жағалауына күніне барлығы 12 512 турист келуде. Сондай-ақ Алакөл жағалауы бойынша Көктұмада 3 шақырым, Ақшиде 10 шақырым көл жағалауын бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Ақсу ауданында жаңа оқу жылында 12 мектеп оқушы қабылдайды

Алматы облысының Ақсу ауданында 80 оқушыға дейінгі бала санымен 12 мектеп жаңа оқу жылында оқушылар қабылдайды. Олардың 7-бастауыш, 4-шағын жинақталған негізгі және 1-шағын жинақталған орта мектеп жаңа оқу жылына дайын. Бұл білім ошақтарында 321 бала білім алады, деп хабарлайды Tinfo.kz. Ақсу ауданында ‪2020-2021‬ жаңа оқу жылын аудан бойынша 7662 оқушы бастайды деп жоспарлануда.   (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); “Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында білім ордаларында барлық қажетті заттар қойылады. Мектеп кіре-берісіне дизинфекциялық тоннель орнатылып, келушілердің барлығының дене қызуы өлшенеді. Оқушылар сабақ оқитын бөлмелерге бактерицид лампалары (кварц), санитайзерлер орнатылатын болады. Білім алушылар оқитын білім беру мекемелерінде толығымен санитарлық талаптар қатаң сақталады. Басты мақсат ұстаздар мен оқушылардың денсаулыған сақтау”, - деп атап өтті аудан әкімдігінде.

Алматы облысына шетелден гуманитарлық көмектің жаңа партиясы келді

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Лидер» еріктілер қозғалысымен бірге Түркиядан, Польшадан және Израильден Алматы облысына келген гуманитарлық көмекті жөнелту бойынша мониторинг жүргізді. Аталған партиямен «Дексаметазон» және «Мепрелон» препараттары, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдары келді. Гуманитарлық көмек толығымен аймақтағы ауруханаларға арналған. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұл жұмысы тұрақты негізде жүргізіліп, гуманитарлық көмекті бөлу мен түсірудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Райымбек ауданында Абай есімі ұлықталды

10 тамыз — Абай күніне орай Райымбек ауданында Абайға арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов Сүмбе ауылындағы Абай мектебінің алдында орналасқан Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Абай жаққан сәулені сөндірмеу бүгінгі ұрпақтың басты парызы. Атаулы мереке алдағы уақытта жыл сайын тұрақты түрде аталып өтілетіні көңіл қуантады. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Айта кетейік, осыған дейін  ұлы ақынның 175 жылдығына Қарасаз ауылында Райымбек ауданы әкімдігі мен «Мұқағали» журналының ұйымдастырған республика көлеміндегі әдеби кеш өтті. ЕҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз — Абай күні болып жарияланып, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Бұл күн енді жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтілетін болады. Абай күні — қазақтың ізгілік пен өркениет өріне басқан тағы да бір қайырлы қадам.Осындай айтулы шаралар бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.

Талдықорғанда Абай дәуіріндегі ана тақырыбы талқыланды

Талдықорғанда «Абай дәуіріндегі әйел - аналар бейнесі» онлайн конференциясы өтті. Шараға Алматы облысындағы аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшылары мен қызметкерлері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері қатысты, деп хабарлайды Tinfo.kz. Онлайн конференция  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және «Абай күніне» орай ұйымдастырылды.   (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Конференцияға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жетекшісі Несіпжамал Баймадиева төрағалық етті. «Заман өзгерді, заманына қарай адам да өзгереді. Бірақ, әйел – ананың еңбасты орындайтын парызы аманаты, адамзатты тәрбиелеу, тіршіліктің бастау бұлағы, отбасының өзегі, шаңырақтың шамшырағы, әдеміліктің асыл тәжі ұғымдары өзгермейді», - деп атап өтті Несіпжамал Баймадиева. Онлайн-конференцияда Қарасай аудандық Аналар кеңесінің төрағасы, Абайтанушы Бекбаева Ақлия Бекбайқызы, Алакөл аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Алакөл ауданының құрметті азаматы Дүйсебаева Ұлжалғас Бурасанқызы, Кербұлақ аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, Кербұлақ ауданының құрметті азаматы Ақбасова Ғалия Ниязқызы, Сарқан аудандық Аналар кеңесінің төрағасы, ана-медиатор Калиева Гүлшарбан Мырзабайқызы, Текелі қалалық Аналар кеңесінің төрайымы, мәслихат депутаты, №5 орта мектептің директоры Иманбердиева Эльмира Сейдахметқызы, Талдықорған қалалық Аналар кеңесінің мүшесі Бердіқожаева Ләззат Алдабергенқызы Абай заманындағы «АНА» тақырыбын асқақтата көтеріп, қазіргі уақытта жан-жақты дамыған, толық жетілген тұлғаны тәрбиелеудегі, отбасының жауапкершілігі туралы, әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіне ықпалы туралы өз ойларын ортаға салды.

Жетісулық оқырмандарға Абайға арналған жаңа кітаптар жол тартты

Алматы облысында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай басылып шыққан жаңа кітаптар таныстырылды. "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы аясында облыстық кітапханаға бірқатар туындылар табыс етілді, деп хабарлайды Tinfo.kz.  Жақында белгілі абайтанушы, философ Досым Омаровтың “Абай мұрасын қолдану жолдары” атты кітабы оқырмандарға ұсынылды. Кітапта Абай ілімі аясында адамзат өркениетінің құлдырауы, Кеңес Одағының ыдырау себептері, бүгінгі өтпелі кезеңнен шығу жолдары көрсетіледі. Абайдың "толық адам" ілімі талқыланып, қазақтың ұлттық идеясы ұсынылады. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Сонымен бірге облыстық кітапхана қорына Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Роллан Сейсенбаев құрастырған 10 томнан тұратын "Қара сөздер" кітабы табысталды.Бүгінге дейін қазақ, орыс тілінде оқырманға етене танылған кітап енді ағылшын, неміс, француз тілідеріне аударылды. Тамыз айында жетісулық оқырмандарға  "Адамзаттың Абайы" атты жыр жинағы жол тартты. Кітапқа Алматы облысындағы жазба ақындардың 100-ге тарта өлең-жырлары топтастырылған. Кітапқа белгілі ақындар Нүсіпбай Әбдірахым, Сағыныш Намазшамова, Әсел Оспан, Асыл Сұлтанғазы және т.б. шығармалары енді.

Алакөл ауданында Абай күні аталып өтті

10 тамыз - қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушы композитор Абай Құнанбайұлының күнін атап өту мақсатында Алакөл ауданында Абай орта мектебінің алдына орнатылған Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып жарияланып, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Ауданда өткен шараға Үшарал қаласының әкімі М.Сайдильдинов пен мәдениет және білім саласының қызметкерлері қатысып, ақын рухына тағзым етілді. Сондай-ақ, ауданда бұдан бөлек Абай күніне орай онлайн мәдени шаралар да өткізілуде. Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде "Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар" бағдарламасы және Ұлы Абайдың 175 жылдығы және 10 тамыз - Абай күніне орай "Мәңгілік елдің Ұлы Абайы" тақырыбында Zoom мобильды қосымшасы арқылы онлайн кездесу өткізілді. Аталған шарада "Рухтың биігі - Абай" тақырыбында қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы К. Бектемисова, "Ляйсан татар-мәдени орталығы" ҚБ жетекшісі И. Абдухаликова, "Рухани жаңғыру аясында атқарылған іс-шаралар" тақырыбында Тіл оқыту әдістемелік орталығының әдіскер меңгерушісі А. Дарханбаева, "Рухани жаңғыру - халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар" атты тақырыбында қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі К. Абдрахманова, "Ұлы даланың Ұлы Абайы" тақырыбында аудандық кітапхана директорының орынбасары Ж. Омарова, Қайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ә. Ермұханов пен Жайпақ ауылының тұрғыны Н. Сериковалар баяндама оқып, рухани жаңғырумен байланыстыра отырып, Абай Құнанбайұлының өмірінен сыр шертті. Бүгінгі ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Сүлейменовтың төрағалығымен өткен кездесуге Қайнар және Жайпақ ауылдық округтерінің тұрғындары, жастары мен ұстаздары қатысты.

Ұлы ақын ескерткішіне гүл қойылды

10 тамыз  Абай күніне орай бүгін ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою акциясы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz. Атаулы күнге орай облысымыздың түкпір-түкпірінде ұлы ақынның ескерткіштеріне тағзым етілді. Бұл акциядан қарасайлықтар да шет қалған жоқ. Атап айтар болсақ,  Райымбек округіндегі Абай ауылындағы орналасқан Абай Құнанбайұлының  ескерткішіне   аталған округтің әкімі  Елжан Төленбаев пен ауылдық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әбләшім Беспаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ділда Әбілқасымова, ықылас гүлін қойды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Осы орайда Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев ақынның мерейтойын атап өту туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Сол уақыттан бастап   10 тамыз – еліміз бойынша Абай күні болып белгіленді.  

Абай өлеңдеріне арналған онлайн концерт өтті

10 тамыз Абай күніне орай «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен ақын өлеңдерінің онлайн кеші өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz. Кеш қонақтары «Талдықорған» халықтық, фольклорлы-этнографикалық ән-би ансамблінің әншілері мен жас ақындары хәкім Абайдың өлеңдерін әуендетіп, өз арнауларын айтты. Олардың қатарында Абылай Қожақов, Жания Спанова, Тоқтарбек Заманбеков, Арайлым Ермекқызы, Марал Сеитова, Мадина Турдахун. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Онлайн концерт «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының «Фейсбук» және «Инстаграм» әлеуметтік әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларында көрсетілді. Еске салсақ, ҚР Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы заңға қол қойды.