Войти через

  • 10:01:44
  • -10°C

Четверг, 03 декабря

 

Жаңалықтар

Тоқаев Абай жайында мақала жазды

Бүгін Абай күніне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде «Абай – рухани реформатор» атты мақаласын жариялады. Төменде мақала мәтінін ұсынамыз. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); 10 тамызда ұл­­ты­­мыздың ұлы ақы­ны, ойшыл тұл­­ғасы Абай Құнан­­бай­­ұлы­ның ту­ға­нына 175 жыл тол­ды. Бұ­дан ши­рек ға­сыр уақыт бұ­рын Тұңғыш Прези­дентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен Абайдың 150 жыл­дығы ЮНЕСКО деңгейінде өткі­зіл­ген еді. Бұл торқалы той – сол тама­ша дәстүрдің жалғасы. Биылғы мерейтойға орай бірқатар іс-шара жоспарланған болатын. Бірақ әлемді жайлаған індетке байланысты со­ның көпшілігін онлайн форматқа ауыс­тырдық. Әрине сан сынақтан сү­рін­беген халқымыз бұл дертті де жеңе­ді. Қиындық  өтпелі, ал Абай мұрасы мәң­гілік. Менің тапсырмам бойынша Үкімет оныншы тамызды «Абай күні» деп бел­гілеп, мерекелер тізбесіне енгізді (бірақ жұмыс күні болып қала береді). Ұлы ақынның мұрасын ұлықтауға арналған іс-шаралар жыл сайын өткі­зіліп тұратын болады. Мәселе мерейтойда емес – тұғырлы тұлғаның туын­ды­ларынан терең тәлім алуда. Абай­дың рухына тағзым ету – оның қағи­датын ұстану, аманатына адал болу. Сонда ғана жас ұрпақтың сана­сына қастерлі құндылықтарды сіңі­реміз. Біз ұлы ойшылдың өнегелі өмірі мен тағылымы туралы айтудан жа­лық­­паймыз. Әсіресе қазіргі Қазақстан қоға­мын Абайдың рухани ұстанымына сай дамыту аса маңызды. Мен бұл жөнінде «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаламда кеңінен айттым. Биылғы жыл халықаралық «Абай жылына» айналды. Әлемнің көптеген елдері оның шығармашылығына назар аударуда. Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұлы ақынымыздың 175 жылдық мерей­тойы жаһандық деңгейде аталып өтуде. Ақынның баға жетпес мұрасын ұғын­дыру және дәріптеу – азаматтық пары­­зымыз. Өйткені Абай – әлем­дік дең­гей­дегі кемеңгер тұлға. Абай­тану­дың тұ­ғыр­намалық негізі де осы болуға тиіс. Қазір ақынның еңбектерін халық­ара­лық ғылыми айналымға енгізу үшін нақты және мақсатты жұмыс­тар қол­ға алынуда. Оның шығарма­ла­ры әлем­нің он тіліне аударылып, бас­паға әзірленді. Бұл кітаптар жүз­ден астам елдің кітапханалары мен мәде­ни орта­лықтарына жіберіледі. Бірқа­тар шетел­дік аудармашыларға, Абай­дың шығар­машылық мұрасын зерттеу­ші­лер мен насихаттаушыларға менің Жар­лығыммен мемлекеттік награда берілді. Абай рухын ұлықтау шарала­ры жалғасуда. Шетелдегі елшілік­тері­міздің жанынан Абай орталықтары ашыла бас­тады. Ақынның шығар­ма­шылығын жүйелі зерттеу үшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан Абай академия­сы құрылды. Біз бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін Абай мұрасын естен шығармауымыз керек. Себебі ұлт ретіндегі жаңару идея­сы да оның көзқарасымен үндесіп жат­қаны анық. Келесі жылы Қазақстан Тәуел­сіз­дігі­нің 30 жылдығын атап өтеміз. Бірақ ке­зінде ұлы ойшылды қатты толған­дырған кейбір келеңсіздіктер қоғамда әлі де кездеседі. Өкінішке қарай Абай айт­қан «бес дұшпаннан» толық арылып болған жоқпыз. Азаматтарымыздың арасында жал­қаулық пен сөзуарлық жиі кездесетіні қынжылтады. Бұлар бұрынғыша той­құмарлықтан тартынбай, күнделікті тынымсыз тірлікті дәріптеудің орнына, әрбір қоғамдық оқиғадан саяси астар іздейді де отырады. Абай халықты той тойлауға емес, еңбек етуге, рухани кемелденуге шақырды. Абайдың ұлағаты әлі күнге дейін маңызын да, құндылығын да жоғалтқан жоқ. Сондықтан біз оның терең ойларына, келешектің келбетіне үңілген көрегендігіне таңырқаудан жалыққан емеспіз. Абай ілімі бүгінгі бірқатар бағыттарға орайлас келеді.   Ең алдымен, білім игеру. Біз бү­кіл әлемді ақыл-ой мен парасатты пайым арқылы ғана мойындата аламыз. За­ман талабына сай білім алу интел­лек­туалды ұлт қалыптастыруға жол ашады. Екінші, тәрбие мәселесі. Сон­дықтан, өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт берген жөн. Ақынның «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деген өсиетін әрдайым санаға сіңіру қажет. Үшінші, жаңа кәсіп игеру. Ақын әр қазақ өз ісінің шебері болса деп ар­­ман­дады. Әсіресе бәсекелестікке толы ал­мағайып заманда мұның мәні зор. Абай: «Мал керек болса, қол­өнер үй­ренбек керек. Мал жұтай­ды, өнер жұта­майды» дейді. Біз ең­бекке, жаңа өнер иге­руге деген көзқа­расымызды түбе­гейлі өзгертуге тиіспіз. Байлықтың да, бақыттың да кілті – өзің сүйген кәсіпте. Төртінші, ынтымақ мәселесі. Абай әрдайым қоғамның береке-бірлі­гін арттыруға ден қойды. Ол «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің – бәрі бос» деп, елді татулыққа шақырды. Біз аса күрделі кезеңді бастан өткеру­деміз. Осындай сәтте бір-бірімізге қол ұшын беріп, өзара мәміле мен ынты­мағымызды арттыра түсу аса маңызды. Кемеңгердің де жан-жүре­гімен тілегені жұртының амандығы мен ұлтының тұтастығы еді. Сон­дық­тан бүгінгідей қиын шақта Абай мұ­расына жүгіну өте өзекті  болып отыр. Абай өнегесінің құны дәуір алмасқан сайын артпаса, кемімейді. Ол баршаға түсінікті әрі күллі адамзатқа ортақ. Оның қара өлең болып өрілген және қара сөз болып төгілген оралымды ойлары әлі күнге дейін өмірлік бағдар болып келеді. Ұлтының болашағы үшін қам жеген ұлы ойшыл күллі жұртшылықты да махаббат пен мейірімге үндеді. Ақынның осындай адамгершілік қағидаттары еліміздің бүгінгі ұрпақтары үшін де аса қажет. Мемлекет тәуелсіздік жағдайында ұлттық сананы қайта жаңғыртуға және жаһандану өзгерістеріне бейімдеуге жалпыұлттық  тұрғыдан басымдық беріп отыр. Ұлы данышпан елдік мүддені әрдайым жоғары қоюға, алған білім мен тәжірибені халық игілігіне жұмсауға шақырды. Бүкіл адамзат үшін даму үрдісін осындай ұстаным арқылы ұғыну әрдайым маңызды болмақ. Абай – біздің ұлтымыз бен жұрты­мыз­ды танудың төте жолы. Ұлы ақын бізге мазмұндық тұрғыдан өлшеу­сіз, ха­­лық­тың рухани азығына айнал­ған мұра қалдырды. ХХІ ғасырға қадам бас­сақ та, Абайдың көзқарасы заман­ауи із­гі­лік қағидаттарына және Қа­зақ­стан қо­ғамының басты құндылық­тарына, оның бірлігі мен берекесіне толықтай сай ке­летіндігіне тағы да бір мәрте көз жеткі­земіз. Ұлы данышпан ұлттың рухани мә­дени, адами бет-бейнесін асқан көре­гендікпен сипаттаған. Оның ұлылығы да осында. Абайдың даналық сөздері қазақ халқының алтын тұғыры, түп негізімізге үңіліп, ұлттық ұстынымызды іздеген көп­теген ұрпақтың басын біріктіретін мәң­гілік рухани тірек болып қала бермек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» деген бо­латын. Бұл тұжырым бізді ақын әлеміне терең бойлауға, жаңаша ойлауға мін­деттейді. Қазір елімізде абайтанумен айна­лы­сатын бірнеше ғылыми-зерттеу орталығы бар. Осылардың жұмы­сын жүйелеп, елордамыздағы Абай акаде­миясының төңірегіне топтастырған жөн. Академия барлық зерттеу меке­мелерінің жұмысын ғылыми тұрғыдан үйлестіруші міндетін атқара алады. Алдағы уақытта гуманитарлық пән­дер­дің бөлінбес бөлшегі ретінде «Абай­тану» курсын оқыту мәселесін қолға алу керек. Жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан «Абай­та­ну» оқулығы мен хрестоматиясын әзір­леу қажет. Сондай-ақ Абайдың «толық адам» ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс. Біз Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керек. Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндеттіміз. Түптеп келгенде, әрбір қазақ Абай­мен мақтануға тиіс! Халқымыздың ұлы перзентінің торқалы тойы құтты болсын!

Талдықорғандық оқушы Абайға арналған ғылыми байқаудың жеңімпазы атанды

Талдықорған қаласының 5 сынып оқушысы Раушан Асқар «Білім-Өркениеті» Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырған «Абай мұрасы – Қазақтың қасиетті қазынасы» халықаралық ғылыми мақалалар байқауының жеңімпазы атанып, «Абай Құнанбайұлы» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Байқауда Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 500-ге жуық үміткер бағын сынаған. Білім додасында оқ бойы озып шыққан Раушанның «Абай Құнанбайұлының өлеңдерінің ерекшеліктері» деген тақырыптағы шағын эссесі үздік деп танылып, эсселер жинағына енді. Ұлы ақынның өлеңдеріне деген баланың қызығушылығын оятып, білім әлеміне бағдар көрсеткен ұстазы Нұргүл Иманбаева екенін айту ләзім. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Абай Құнанбайұлы – қазақтың көрнекті ойшылы, ақын, адамзат тарихындағы дана тұлғалардың бірі. Абай атамыз келер ұрпаққа мағынасы терең қара сөздерін, ғибратты өлеңдерін қалдырды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Раушан Асқар Абай шығармашылығына қатысты мәліметтерді тыңғылықты қарап, түрлі дереккөздерден ізденген. «Жастайынан әжесінің аузынан қазақтың батырлар жырымен, ертегілерімен сусындап өскен бала 35-40 жасына жеткенде өзіндік ақындық қабілетін таныта бастайды. Ақын өлеңдерінің мағынасы терең, тәрбиелік мәні зор. Абай атамыз XIX ғасырда өмір сүргендіктен қазақ жеріндегі теңсіздік, биліктегі қайшылықтар туралы жазды. Одан бөлек, адамның бойындағы ақыл, сана, білім, достық, ғашықтық сезім жайында жазып, артына мол мұра қалдырды. Ақын кейбір өлеңдерінде болашақты болжаған сияқты. Келер заман жастарының қандай болатынын да дәл айтып кетті», - дейді жас абайтанушы Раушан Асқар өз зерттеу эссесінде.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшылығы Қарасай ауданында мониторинг жүргізді

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Департаментпен                                  «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында әр түрлі әлеуметтік тақырыптар бойынша күнделікті тікелей эфирлер өткізіледі, сонымен қатар, қоғам өкілдерімен, Департамент жанындағы арнайы мониторингтік топ мүшелерімен, сондай-ақ "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджерлерімен дәрілік заттармен қамтамасыз ету және дәрі-дәрмектерге бағаны көтеру фактілерін анықтау бойынша мониторингтік жұмыстар жүргізілуде. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен мемлекеттік органдар «Сервистік әкімдік» форматындағы ашық жұмыс моделіне көшуде. Бұл жоба «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру нысандарының бірі болып табылады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен айтылған тұжырымдаманы іске асырудың маңыздылығын ескере отырып, Департамент Алматы облысының аудандары мен қалаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі қызметіне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Осы орайда, ағымдағы жылдың 07 тамызында Департамент басшысы Ернар Мақажанов және Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев "Сервистік әкімдік" жобасын іске асыру барысын мониторингілеу мақсатында, сондай-ақ азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін одан әрі дамыту, аудандарда тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың болуына ықпал ететін  жағдайларды анықтау мақсатында Алматы облысының Қарасай ауданына іс-сапармен келді. Іс-сапар аясында Департамент басшысы Ернар Мақажанов ZOOM арқылы азаматтарды қабылдау өткізді. Сондай-ақ, Қарасай ауданының ауруханаларына гуманитарлық көмектің түсуіне және дәріханаларда дәрі-дәрмектерге бағаны көтеру фактілерін анықтау бойынша тиісті мониторинг жүргізді. Сонымен қатар, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментінің басшысы Ернар Мақажанов Қарасай ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қабылданып жатқан іс-шаралармен таныстырылды.

Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінде 10 жезөкше ұсталды (ВИДЕО)

Талдықорған қаласындағы қонақ үйлердің бірінде жезөкшелер қызмет ететін притон анықталды. Тексеру кезінде ол жерде 10 бойжеткен ұсталды. Олардың үшеуі Өзбекстан азаматшалары болып шықты, еп хабарлайды Tinfo.kz. Жеңіл жүрісті қыздардың қызметін 29 жастағы жергілікті ару ұйымдастырып, жасырып келген. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Көрші республикалардан келген заңсыз иммигранттарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешіміне сәйкес олар жақын арада елімізден депортацияланады. Өйткені олардың барлығы қолданыстағы көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, Қазақстанда жүргені білгілі болды. Сонымен қатар, барлық ұсталған адамдар, оның ішінде қонақ үй кешенінің бірнеше қызметкері полицияның барлық есеп базалары бойынша тексеруден өтті. Себебі, көп жағдайда бұл санаттағы азаматтардың әртүрлі қылмыстарға қатысы болады», - деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр. Қыздар ақшалай сыйақы үшін интимдік қызметтер көрсеткендерін растады.https://www.instagram.com/p/CDlRUhDHOjS/ «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұстау, сондай-ақ жеңгетайлық үшін осы мекеменің әкімшісі жауапқа тартылды. Әйел пәтерді жеңіл жүрісті қыздарға жалға берген, олар әр клиенттен түскен пайданың белгілі бір бөлігін жеңгетайға тапсырып отырған. Сондай-ақ, қонақүй әкімшісі карантиндік шараларды өрескел бұзғаны үшін де жауапкершілікке тартылады»,- деп атап өтті Асхат Данияр. Күдікті клиенттен ақша алу үстінде ұсталды. Жеке тексеру барысында алынған барлық айғақзаттар жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастыру немесе ұстау дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске тіркелді. Дерек бойынша тергеу басталды.

Қазақстанда жаңа мейрам бекітілді

ҚР Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді, деп хабарлайды Tinfo.kz. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: «22-1. Абай күні – 10 тамыз». Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин. Еске салсақ, өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы заңға қол қойды.

Талдықорғанда "Адамзаттың Абайы" жыр-жинағы жарық көрді

Жетісу жерінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай "Адамзаттың Абайы" атты жыр-жинағы басылып шықты, деп хабарлайды Tinfo.kz. Шығармалар жинағы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен жарық көрді. Кітапқа жетісулық жазба ақындардың 100-ге тарта өлең-жырлары топтастырылған. Еске салсақ, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай  қаңтар мен наурыз айы аралығында "Абайға арнау" атты облыстық жыр мүшәйрасы өткізілген. Байқауға Жетісу өңірінен 200-ге тарта ақын-жазушы қатысып, 100 ақынның өлеңі кітапқа енгізілді.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); "Адамзаттың Абайы" атты жыр-жинағының тұсаукесеріне Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев, «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Әбікенұлы, Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу өңірлік филиалының төрағасы, «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін қатысып, лента қию рәсімін орындады. Кітап 1000 данамен жарыққа шықты. Айта кетейік, жинақтың 500 данасы ұлы ойшыл туған жер - Шығыс Қазақстан өңіріне сый ретінде табысталады.

Құрбан айтта Талдықорған өңіріндегі 5,5 мың астам отбасыға ет таратылды

Құрбан айтта Талдықорған өңірінде 23200 кг ет 5531 отбасына таратылды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Бұл туралы баспасөз маслихатында ҚМДБ Талдықорған өңірі бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы мәлімдеді. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Бас имамның айтуынша, өткен құрбан айттың 3 күнінде Талдықорған өңірі бойынша құрбан шалу рәсіміне қатысты ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары жоғары деңгейде өтті. Үйлестіру жұмыстарына байланысты арнайы штаб құрылып, азаматтар арасында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң орындалды. QURBAN2020.KZ жобасы арқылы келіп түскен құрбандық шалуға тапсырыстармен қатар, ет алуға өтініш білдірген азаматтардың да сұраныстары толығымен орындалды. Жалпы өңір бойынша: 1 түйе, 56 сиыр, 529 қой, 60 тоқты,22 ешкі сойылып, 5531 отбасына еттері таратылды. Соның ішінде онлайн режимінде 3 ірі қара, 53 қой, 41 тоқты, 5 ешкі сойылып, 805 отбасына еттері жеткізілді. Ал қосымша 6 сиыр, 45 қой, 7 тоқты сойылып, 316 адамға еттері берілген. Жалпы жұмыс нәтижесінде 23200 кг ет 5531 отбасына таратылған. "Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық бағытта қолға алған www.qurban2020.kz жобасына белсенді түрде атсалысып, қайырымды жан ретінда қайырын көрсеткен, мұқтаждың мұңын бөлісіп, сауапты амалға үлес қосқан еріктілер тобы, автоеріктілер, қала әкімі және орынбасарлары, қалалық ауыл шаруашылық бөлім және басшысы, қалалық ішкі саясат бөлімі, ветеринардық дәрігерлер, СЭС, жастар басқармасына, мешіт және қаланың автоеріктілеріне, барлық имамдарға, ет цехын 3 күнге тегін ұсынған Амиров Мұса ағамызға алғыс айтамын Алла баршаңызға разы болсын, Алла Тағала жасаған қайырымдылықтың қайырын өздеріңізге еселеп қайтарсын. Әмин" - деп сөзін қорытындылады Ардақ Нүсіпханұлы.

Талғарда жер алып беремін деген алаяқ ұсталды

Алматы облысында жер учаскелерін саудалау бойынша алаяқтық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен Талғар ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның жалпы сомасы 7 миллионға жуық материалдық шығын келтіргені анықталды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Тергеу барысында алаяқ өз құрбандарына нарықтық бағадан төмен бағада жер телімдерін алып берем деп, қолдарында бар қомақты қаржыны алып, сан соқтырған. Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, күдікті былтырғы жылдың соңында өзінде жоқ жерлерді алып берем деген желеумен бір тұрғыннан 2,7 миллион, екінші азаматтан 1,2 миллион, ал үшінші құрбанынан 3 миллион теңгеге бағалап «Тойота» маркалы автокөлігін алып кеткен. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алаяқтық жасады деген күдікпен Талғар ауданының бұған дейін сотталмаған 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұлтартпас айғақтар негізінде күдікті қылмыстарын мойындады. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бары тексерілуде. Күдікті сот шешімімен мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды», - Талғар қалалық ПБ бастығы полиция полковнигі Ерлан Қасым.

Жақсылық Үшкемпіровтың айтқандары

2 тамыз күні қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қоғам қайраткері, кәсіпкер Жақсылық Үшкемпіров дүние салды. Ол Қазақстан спорты мен руханиятында аты алтын әріптермен жазылған аңыз тұлға. Кәсіби спорттан алыстаған соң, Жақсылық аға жастарды спортпен баулуға, туған жерін гүлдендіруге, ауыл шаруашылығын көтеруге өмірін арнады.   Әр кездесу-жиында жастарды қанаттандырып, серпін беретін. Ағаның әр сөзінен елжандылық пен еңбекқорлық, адамгершілік пен қарапайымдылық сезілетін. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Tinfo.kz редакциясы Жақсылық Үшкемпіровтің әр жылдары сұхбат барысында, кездесулер кезінде ел мен ұлт тағдыры, жастар болашағы, кәсіп туралы айтқан ойларын топтастырып, оқырмандарға ұсынады.  *** Біріншіден, әркім өз Отанын сүю қажет. Күрес алаңына шыққан сайын, елім үшін бірінші болсам деп армандадым... Жас кезде ақшаны ойламаған едік. Осы идеологияны сақтап, оны жастарға жеткізуіміз керек: Құрметті адам болу үшін өз Отанына сүйіспеншілікпен қарау қажет. *** Бүкіл халық сыйлайды. Рах­­мет. Шүкір. Елбасының өзі тәуел­сіз­діктен кейін туған қанша­ма спорт­шының алдында мені ашық­тан ашық бір бас жоғары қойып келеді. Халық тұңғыш Олим­пиада чемпионымыз деп ер­келе­теді. Осының бәрі қолға алған ісімнің берекет табуына себепші болды. *** Ата кәсіппен айналысу – ұрпақтардың міндеті. Мұнай таусылса да, мал қырылып қалмайды. Сол себепті жастарды ата кәсіппен айналысуға итермелеу керек. Мен қаншама шығынға баттым, бірақ өз миссиямды жалғастырып келемін, шама келсе жастарға осыны үйреткім келеді. *** Менің бү­гінгі таңда көзімнің жеткені – біз­дің көпшілігіміз қарапайым ға­на қажетті құжаттарды қара­пайым түрде ғана толтырып тиісті мекеменің қолына тап-тұйнақтай етіп табыстай алмаймыз, ерін­шектігіміз ұстайды, әлі де болса немқұрайдылығымыз басым. Мәселен, мен белгілі бір соманы алу үшін банктің соңынан 2 жыл жүгірдім, қаншама білімімді сарп еттім. Бірақ, бәрібір өзіміздің ор­тадан тыс ешкімге жалынбадым, ешкімнен көмек сұрамадым. Жанымда қаншама білімді азамат жұмыс істейді, солардың бәрі атсалысты, ақыры 2 жылдан кейін несие ақша қолыма тиді. *** Кәсіпкерлік спорт сияқты. Табандылық пен шыдамдылық қажет. Бірінші болып жетістікке жету үшін жігер мен еңбек етемін деген ұмтылыс керек. *** Жамбыл ауданындағы Мыңбаев ауылында спорт залы және 100 балаға арналған балабақша аштым. Менің ойымша, молшылықта тұратын әрбір тұлға қасындағы адамдарға көмектесуге міндетті. Мысалы, егер әрбір азамат бір ағаштан отырғызса, қандай керемет болар еді!  *** Біз дамыған 50 елдің қатарына кіріп, әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне де айналуымыз керек. Бұл үшін бір-бірімізге қол ұшын беріп, қолдау жасауымыз қажет.  *** Менің ойымша, спортпен айналысу — ұлт денсаулығын сақтау. Мысалы, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бар. Меніңше, 50 емхананың орнына 50 спорт кешенін салу керек.  *** Енді мемлекеттік тілдің өркендемей жатқан жайы болса, бұл үшін мемлекетті де, Қазақстанды мекендеп отырған өзге ұлт өкілдерін де айыптаудың қажеті жоқ. Бəрі де өзімізден. Тіліміз үшін əрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз бар екендігін ұғынатын кез келді. *** Менің бір арманым бар. Осы көп болса 5 мыңнан аса ауыл бар шығар. Соны қазақтың 5 мың жігіті көтеріп жіберсе, одан артық қандай бақыт керек. Мен соны ойлаймын. e-history.kz, mangystaumedia.kz, egemen.kz, 7-su.kz, atameken.kz сайттарынан мәлімет алынды.

“Барша қазақтың Жақсылығы еді”. Амандық Баталов Үшкемпіровтың отбасына көңіл айтты

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Жақсылық Үшкемпіровтың қазасына байланысты оның отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Tinfo.kz. “Бүгін халқының ықыласына бөленген Батыры, әйгілі спортшы, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров ағамыз дүниеден озды деген хабарды естіп қатты күйзелдім. Ол Жетісудың ғана емес, барша қазақтың Жақсылығы еді, аты аңызға айналған саңлағы, ірісі еді”, - деп жазды Баталов жеке парақшасында 2 тамыз күні.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); “Кездескен сайын «Жақсылық болсын, амандық болсын» деп бір-біріміздің арқамыздан қағысып, арқа-жарқа болып қалушы едік. Қашан көрсең, жүзі жайдары, көзі күлімсіреп, жан-жағына мейіріммен қарайтын. Рухы қандай мықты болса, жүрегі сондай жұмсақ еді. Біз ниеттес, пікірлес едік. Көрген жерде әңгімесі елдің, жердің жағдайы, шаруашылықтардың аяқ алысы, жастарды спортқа баулу жайында болатын. Өмірінің соңына дейін ауыл шаруашылығында шаршамай, талмай еңбек етті, облыстың аграрлық саласының өркендеуіне үлес қосты. Ауылдардың әл-ауқатын көтеруге, инфрақұрылымын дамытуға атсалысты. Ол өзінің қажетін өтеу үшін емес, артындағыларға үлгі болу үшін, еңбегінің жемісін елі көрсе екен деп тыным таппады. Өзінің туған ел, өскен ортасына қолынан келгенше көмектесті, көптің рахметіне бөленді. Сіз біздің мәңгі жадымыздасыз! Жаныңыз жаннатта, топырағыңыз торға болсын, жақсы аға, қазақтың һас Батыры!”, - деді облыс басшысы.

Еңбекшіқазақ ауданында «Абай» оқулары онлайн түрде өтті

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты облыстық жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «Абай» оқулары онлайн байқауы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz. Байқау 6 номинация бойынша өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» номинациясында жүлделі 1 – орынды Бәйтерек орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сембинова Айгерім жеңіп алса, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында 1 – орынды Бәйтерек орта мектебінің 8 сынып оқушысы Игерді Ақтолқын, «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша жүлделі 2 – орынды Т.Қабылов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Ниязбек Шұғыла иеленді. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Байқаудың жеңімпаздары Сембинова Айгерім мен Игерді Ақтолқын тамыз айында өтетін «Абай оқуларының» республикалық онлайн байқауына қатысып Алматы облысының намысын қорғайтын болады.

Амандық Баталов: Карантин сауапты амалдар жасауға кедергі бола алмайды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың Жетісу жұртын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Құттықтау мәтіні әкімдік сайтында жарияланған, деп хабарлайды Tinfo.kz. “Құрметті жетісулықтар! Баршаңызды әлем  мұсылмандарының  аса  ұлық мейрамы – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Құрбан айт - бейбітшілік пен бірлік, мейірімділік пен бауырластық сияқты мәңгі адами құндылықтарды нығайтатын, жүректерге ізгілік ұялататын жарқын мерекелердің бірі. Бүгінгі күні Құрбан айт қазақстандықтардың рухани өмірінде, қоғамның ауызбіршілігін бекемдеуде маңызды оқиғаға айналды. Мейрам күндері көпшілік Құрбан шалып, бір-біріне қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қолдау танытып, ізгі амалдар жасауға асығады.   Биылғы жылы Құрбан айт мейрамы карантин жағдайында өткізіліп отыр. Алайда бұл сауапты амалдар мен игі шаралар жасауға кедергі бола алмайды. Қайта осындай кезеңде адамдардың қайырымдылық жасауға деген құлшынысы арта түспек. Қадірменді қауым! Ниеттеріңіз бен шалар құрбандарыңыз қабыл болсын. Мемлекеттің салиқалы саясаты мен тұрғындарымыздың бекем бірлігі мен өзара ынтымағының арқасында еліміз індеттен аман-есен шығады деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, әр отбасына қуаныш пен жақсылық тілеймін. Құрбан айт құтты болсын!”, - делінген құттықтауда.

Тоқаев Баталовпен телефон арқылы сөйлесті

28 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Амандық Баталов президентке өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Tinfo.kz. “Індеттің таралу қарқынының төмендегенін, ауруға шалдыққандар саны 4115 болса, соның 3224-інің емделіп шыққаны, дәрі-дәрмек қоры мен тестілеу зертханасын жеткілікті болуы үшін қолға алынып жатқан шаралар туралы баяндады. Сол сияқты жағдайы ауыр науқастарды емдеуге көп көңіл бөлініп, қазіргі кезде облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасының базасында арнайы жағдаяттық орталық жұмыс істеп жатқаны жайлы да хабарлады”, - делінген облыс әкімдігінің хабарламасында. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Әңгіме соңында Мемлекет басшысы облыс әкіміне ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантин сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керектігін айтты.

Құрбан айт 2020: qurban2020.kz сайты арқылы құрбандық шалуға өтініш беруге болады

Жетісулықтар құрбан шалу рәсімін онлайн режимінде өткізуге өтінім бере алады. Бұл туралы ақпараттық алаңында «JETISÝ MEDIA» Талдықорған өңірі бойынша ҚМДБ бас имамы Ардақ Оразбаев хабарлады. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, құрбан айт мерекесі қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы qurban2020.kz арнайы сайтын іске қосты (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Ол арқылы әрбір ниет білдіруші құрбандық шалу рәсімін өткізуге өтініш бере алады. "Енді Алматы облысының тұрғындары да өз борышын үйден шықпай-ақ денсаулығына қауіп төндірмей орындауға мүмкіндігі бар. Ол үшін сізге сайтқа кіріп, "құрбандық шалу қызметіне тапсырыс беру" ұяшығын басу қажет, әрі қарай өңірді, толық атын, телефон нөмірін көрсету қажет, содан кейін құрбандық шалу үшін мал таңдап, қажетті соманы төлеуге болады", - деп түсіндірді Ардақ Оразбаев. Бас Имам сондай-ақ, азаматтардың рәсімге жеке қатыса алмайтынын атап өтті. Өйткені, сойып, етті бөлшектеу үшін арнайы бөлінген орында қасапшылар адамдардың тапсырыстарын орындайтын болады. Ал тапсырыс беруші фото - және бейне есеп сұрай алады. Ол ет мұқтаждар арасында толығымен таратылатынын атап өтті. Ал қызметке тапсырыс берген азаматтар құрбандыққа шалынған малдың етінің үшінші бөлігін өзіне қалдыра алмайды.Құрбандық шалу рәсімін өткізу орнында міндетті түрде барлық қажетті санитарлық шаралар сақталатын болады. Бұл туралы Талдықорған қаласының эпидимиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Айдана Тәттімғалиева мәлімдеді. "Құрбандық шалу қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі. Ет сақтайтын орындарда қажетті медициналық анықтама және арнайы киім болады. Ал салттың өзі ашық аспан астында өтеді. Сондай– ақ, 4 мобильді топ міндетті санитарлық және карантиндік шаралардың сақталуын қадағалайтын болады", - деді Айдана Тәттімғалиева.

Карантин кезінде 100 мыңнан астам қазақстандық ХҚО-ның жеңілдік терезесі арқылы мемлекеттік қызмет алды

100 мыңнан астам қазақстандық ХҚО-ның жеңілдік терезесі арқылы мемлекеттік қызмет алды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Карантин шектеулері аясында жұмысын қайта бастаған ХҚО-лардағы жеңілдік терезесі арқылы  101,8 мың қазақстандыққа қызмет көрсетілді. Мамыр айының ортасынан бастап вирустың таралу қаупі мен қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылыққа байланысты еліміздегі  ХҚО-лардың жұмыс тәртібі өзгерген болатын.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Енді ХҚО-да онлайн түрде қолжетімсіз «қағаз» жүзіндегі қызметтер ғана ұсынылады. Алайда азаматтардың үш санаты, атап айтқанда, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар мен мүгедектер бұрынғыдай ХҚО-да электронды қызметтерді ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезелері ұйымдастырылған. Олар «қағаз» қызметтерді де, түрлі анықтамалар мен мемлекеттік қызметтерді де сонда ала алады. Жеңілдік терезесіне міндетті түрде онлайн түрде кезек уақытын алдын ала брондау қажет. Жеңілдік терезелері арқылы қызметтердің көп бөлігі мегаполистердегі ХҚО, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан (9941), Алматы (9719) және Шымкент (7753) қалаларында ұсынылды. Тізімнің ең соңында Маңғыстау облысы, онда 1862 азамат жеңілдік терезесінің қызметіне жүгінген.  Азаматтарға арналған үкіметтің басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, жеңілдік терезелері аталған санаттардағы азаматтарға қызметтерді жылдам әрі сапалы алуға көмектеседі.  «Біз осы үш санатқа кіретін қазақстандықтар үшін электронды қызметтерді өздігінен алу оңай емес екенін түсінеміз, сондықтан олар үшін электронды қызметтерді де ХҚО-дан алу мүмкіндігін жасадық» – деді ол.   Айта кетейік, төтенше жағдай режимі тоқтатылып, халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа форматта жұмыс істей бастағаннан бері қазақстандықтарға 2 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.  Азаматтар egov.kz порталы, телеграмдағы egovkzbot2.0 немесе 1414 байланыс орталығы арқылы кезек уақытын алдын ала брондауы тиіс.  Бүгінде брондау сервисінің қызметі жетілдірілген, енді азаматтар брондау барысында бос уақыт аралығын көре алады және уақытын қайта рәсімдей алады. Бүгінгі таңда egov.kz порталында барлық мемлекеттік қызметтердің 80% -дан астамы қолжетімді. Компьютері жоқ азаматтар әкімдіктерде, жұмыспен қамту орталықтарында, білім беру, медицина ұйымдарында және т.б. жерлерде ұйымдастырылған egov бұрыштарының қызметін пайдалана алады.

Алматы облысында полицейлер Қапшағай көпірінен секірген бойжеткенді құтқарды

Алматы облысының полицейлері Қапшағай көпірінен суға секірген бойжеткенді құтқарып қалды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Белгілі болғандай, көпірден секірмек болған бойжеткен полицейлермен тілдесуге бармады. Бірден суға секіріп кеткен. Дәл сол сәтте полиция қызметкері қыздың артынан суға секірді. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Менің әріптесім лейтенант Нұрмекенов тез арада оған ұмтылды. Ол бір қолымен қызды ұстап, жағаға жүзе бастады. Адам өмірін құтқара алдық. Қыз үнемі жылаумен болды, ол осындай қатал әрекеттінің себебі туралы бізге ештеңе айта алмады»,- деп атап өтті Қапшағай полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторлары полиция капитаны Асхат Дабылдаев пен полиция лейтенанты Айбек Нұрмекенов. Сонымен қатар, полицейлер медицина қызметкерлерін күтпей, қызды алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға өз беттерінше жеткізген. "Бұл ерлік емес. Өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің куәгері болған өзге де полиция қызметкерлері дәл осылай әрекет ететініне сенімдімін»-, дейді Асхат Дабылдаев.

Алматы облысында 78 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте Алматы облысында 78 адамнан коронавирус анықталды. Оның 56-сы симптомсыз жағдай, деп хабарлайды Tinfo.kz.  Осылайша өңірде коронавируспен ауырғандар саны 3880-ге жетті. Жазылғандар саны – 2881. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қазақстан бойынша: өткен тәулікте 1687 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 776 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы - 175 / 98 Алматы қаласы - 247 / 113 Шымкент қаласы - 22 / 6 Ақмола облысы - 49 / 23 Ақтөбе облысы - 32 / 11 Алматы облысы - 78 / 56 Атырау облысы - 180 / 119 Шығыс Қазақстан облысы - 216 / 88 Жамбыл облысы - 75 / 53 Батыс Қазақстан облысы - 89 / 47 Қарағанды облысы - 140 / 56 Қостанай облысы - 54 / 20 Қызылорда облысы - 85 / 26 Маңғыстау облысы - 75 / 36 Павлодар облысы - 61 / 11 Солтүстік Қазақстан облысы - 89 / 6 Түркістан облысы - 20 / 7 Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 78486.

Алматы облысында 69 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте Алматы облысында 69 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Оның 32-сі симптомсыз жағдай. Жалпы өңір бойынша 3802 адам коронавирус жұқтырған. Жазылғандар саны 2808. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қазақстан бойынша: өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы - 236 / 166 Алматы қаласы - 216 / 103 Шымкент қаласы - 36 / 20 Ақмола облысы - 53 / 29 Ақтөбе облысы - 39 / 17 Алматы облысы - 69 / 32 Атырау облысы - 138 / 97 Шығыс Қазақстан облысы - 210 / 91 Жамбыл облысы - 48 / 23 Батыс Қазақстан облысы - 99 / 55 Қарағанды   облысы - 140 / 53 Қостанай облысы - 52 / 25 Қызылорда облысы - 77 / 12 Маңғыстау облысы - 47 / 15 Павлодар облысы - 68 / 18 Солтүстік Қазақстан облысы - 99 / 7 Түркістан облысы - 19 / 15 Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799.

Алматы облысында 54 азамат коронавируспен ауырды

Өткен тәулікте Алматы облысында 54 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Оның 27-сі  симптомсыз жағдай. Облыста барлығы 3733 адам коронавирус індетімен ауырған. Жазылғандар саны – 2733. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қазақстан бойынша: өткен тәулікте 1685 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 743 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы - 213 / 103 Алматы қаласы - 241 / 134 Шымкент қаласы - 38 / 10 Ақмола облысы - 54 / 28 Ақтөбе облысы - 50 / 30 Алматы облысы - 54 / 27 Атырау облысы - 109 / 65 Шығыс Қазақстан облысы - 238 / 115 Жамбыл облысы - 42 / 23 Батыс Қазақстан облысы - 87 / 44 Қарағанды   облысы - 175 / 79 Қостанай облысы - 54 / 17 Қызылорда облысы - 115 / 34 Маңғыстау облысы - 49 / 18 Павлодар облысы - 68 / 6 Солтүстік Қазақстан облысы - 82 / 4 Түркістан облысы - 16 / 6 Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 75 153.

Жерлеуге арналған бір реттік төлемге өтінішті қалай береді

«Жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау» қызметін онлайн қалай рәсімдеуге болады? Ол үшін: (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); kz порталына кіріңіз «Жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау» қызметін табыңыз Қызметті онлайн сұратыңыз Қайтыс болған кісінің ЖСН енгізіңіз Ақпаратты тексеру қажет Сұранымды жіберіңіз Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы сұранымға қол қою қажет Аталмыш қызметке өтінімді ХҚО-дан да беруге болады. Ол үшін келесі құжаттар қажет: Жерлеуді жүзеге асыратын адамның жеке басын куәландыратын құжат Заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе кәсіпкердің патенті Қайтыс болу фактісін растайтын құжат Құжат туралы ақпаратты жеке кабинетіңіздегі қызметтерді алу тарихынан көре аласыз. Қызмет үш жұмыс күні ішінде дайын болады.