Войти через

  • 10:33:24
  • -10°C

Четверг, 03 декабря

 

Жаңалықтар

Амандық Баталов облыс тұрғындарына үндеу жариялады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңір тұрғындарына үндеу жариялады, деп хабарлайды Tinfo.kz. Облыс басшысының пікірінше, кейбір аудан мен қала әкімдерінің әрекетінен, сондай-ақ облыстық бақылаушы құрылымдар басшыларының сырқаттануына байланысты өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артқан. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Сонымен қатар белгісіз себептермен оперативті штабтың жұмысы тоқтап қалған, бірақ ең бастысы - инфекциялық және провизорлық бөлімдердің жұмыс алгоритмі бұзылған. Жекелеген жағдайларда коронавируспен ауырған азаматтармен байланыста болған, "қызыл аймақта" саналатын медицина мамандары қоғамдық көлікпен қатынап, отбасы ортасына оралып жүрген. Мұндай жағдайлардың мен аудан, қала әкімдерімен өткізген селектор жиыны барысында Талдықорған, Текелі қалалары мен кейбір аудандарда орын алғанын анықтадым. Бұл ең алдымен жергілікті жерлердегі әкімдердің, денсаулық сақтау басқармасы басшылығының олқылығы, медицина мекемелері бас дәрігерлерінің санитарлық нормаларды өрескел бұзуға жол бергенінің салдары. Осының барлығы және басқа да факторлар, әсіресе, Талдықорған мен Текелі қалаларында індеттің жылдам артуына себеп болды, бұл қалаларда коронавирустың өсімі сəйкесінше 11-12% құрап отыр», - деді Амандық Баталов. Осыған байланысты өңір әкімі барлық аудан, қала әкімдеріне тиісті шараларды қабылдауды тапсырды. «Қысқа мерзім ішінде халық үшін ПЦР талдау жасайтын тағы бірнеше қосымша зертханалар ашу жүктелді. Осы жұмыстардың барлығын тез арада бастауды, оның нәтижелері туралы жедел штабты күнделікті хабардар етіп отыруды тапсырдым. Мұндай шараларды қабылдауға қажетті барлық мәселелер шешілген, облыстық бюджет қайта қаралып, барлық қажетсіз бағдарламалар қысқартылып, мұқтаж адамдарға медициналық көмек көрсетуге және медицина мамандарын қолдауға қажетті көлемде қаржы бөлінді. Жалпы коронавируспен күрес шараларының өзіне ғана жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді», - деп жазды Амандық Баталов жеке парақшасында. Сонымен бірге, облыс бойынша қайырымдылық шараларына бастамашы болып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. «Осы ретте қазіргі ауыр кезеңде сырқаттарға, медицина мамандарына қайтарымсыз, шын пейілмен азық-түлік, дəрі-дəрмек, құрал-жабдық жəне басқа да қажеттіліктер əкеліп беріп, қолдау көрсеткен барша жандарға шын жүректен алғысымды айтамын. Рахмет сіздерге! Құрметті жерлестер, карантин талаптарын қатаң сақтап, өз денсаулықтарыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына жауапты қараңыздар. Қазіргі кезде көп нәрсе өзіміздің саналы əрекетімізге байланысты. Өздеріңізге, жақындарыңызға жанашыр болыңыздар!», - деді облыс басшысы.

Әл-Фараби ізімен: «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы өтуде

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық аумағында "Адалдық сағаты" жалпы республикалық бірыңғай акциясы өткізіледі, деп хабарлайды Tinfo.kz. Бұл жолы дәстүрлі тоқсан сайын өткізілетін "Адалдық сағаты" акциясы өз ерекшелігі бар. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Біріншіден, биыл біздің елімізде бүкіл әлемде мойындалған ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Ол өз шығармаларында, соның ішінде "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы туралы Трактат" еңбектерінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік туралы ойды қозғады. Екіншіден, карантин жағдайында бұл акция онлайн форматта өтеді», - деп атап өтті ұйымдастырушылар. Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен алдын ала келісілген "Адалдық сағаты" бейне-сабағы республикалық телеарналардың эфирінен көрсетіледі. Сонымен қатар, бейне-дәрістер Агенттіктің Youtube арнасында, аумақтық департаменттің және "JETISY - ADALDYQ ALANY" жобалық кеңсесінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Онлайн форматта өткізілген іс-шара қоғамның кең қолдауына ие болды. Бейне-дәрістің Онлайн-трансляциясы өскелең ұрпақ арасында парасаттылық жүйесін қалыптастырудың жаңа тетігі болды. Сондай-ақ, қоғам мен жастарға тек терең білімнің ғана емес, сонымен қатар адам құндылықтарының ұлы тұлғалардың еңбектерінің призмасы арқылы адалдық пен парасаттылық ретінде маңыздылығын сіңіру бойынша қолдау көрсетілді. Ұлы ойшылдардың еңбектерін кеңінен насихаттау – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі. https://www.youtube.com/watch?v=yS8p6EH5tfg&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN&index=2

Алматы облысы: 54 адамнан коронавирус табылды

Өткен тәулікте Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 54 жағдай тіркелді. Оның 41-і  клиникалық белгілері жоқ жағдай, деп хабарлайды Tinfo.kz. Жалпы өңірде ауырғандар саны 3679 жетті. Жазылғандар саны – 2733. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Ал Қазақстан бойынша өткен тәулікте 1630 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 745 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы - 248 / 134 Алматы қаласы - 251 / 113 Шымкент қаласы - 27 / 17 Ақмола облысы - 53 / 27 Ақтөбе облысы - 17 / 10 Алматы облысы - 54 / 41 Атырау облысы - 96 / 53 Шығыс Қазақстан облысы - 163 / 92 Жамбыл облысы - 61 / 37 Батыс Қазақстан облысы - 103 / 47 Қарағанды облысы - 168 / 77 Қостанай облысы - 57 / 26 Қызылорда облысы - 119 / 32 Маңғыстау облысы - 54 / 14 Павлодар облысы - 67 / 12 Солтүстік Қазақстан облысы - 72 / 2 Түркістан облысы - 20 / 11 Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 73468.

Алматы-Өскемен автожолында газ тасымалдайтын көлік жарылды

Алматы-Өскемен автожолында газ тасымалдайтын көліктің қатысуымен болған оқиғадан үш адам аман қалып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Tinfo.kz. Қайғылы оқиға 18 шілдеде сағат 20.05 шамасында Алматы-Өскемен автожолының 548 шақырымында "ЗИЛ-130" маркалы автокөліктің қатысуымен орын алды. ЖКО салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, бір адам қайтыс болды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан "ЗИЛ" маркалы автокөлігін басқарған 1982 жылғы азамат рульді басқара алмай жолай келе жатқан "Пежо-307" маркалы автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. Патрульдік экипажда екі полиция қызметкері – полиция аға лейтенанты Максим Шевченко мен полиция лейтенанты Руслан Меделханов болған. Инерция салдарынан газ тасымалдайтын көлік тағы екі көлікпен соқтығысқан. Алдымен қарсы бағытта келе жатқан "Мазда-626" маркалы автокөлігімен, ал кейін "Рено" маркалы фурасымен. Осыдан кейін " ЗИЛ" жол жиегіне шығып, аударылып кеткен. Бірнеше минуттан кейін газовоз жарылып, толықтай жанған», - деп атап өтті ПД баспасөз қызметінде. Аталған жол-көлік оқиғасында 1972 жылғы Ж. есімді "Мазда - 626" жүргізушісі ауыр дене жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Жарылысқа бірнеше секунд қалғанда полиция қызметкерлері жарылыс пен оның зардаптарын алдын ала болжап, газ тасымалдайтын көлік жүргізушісін құтқаруға ұмтылған: олар санаулы секунд ішінде жүргізушіні қауіпті аймақтан сүйреп шығарып алған. Сонымен қатар, полицейлер жол-көлік оқиғасының қалған қатысушыларын құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. "Зил" автокөлігінің жүргізушісі Үшарал қаласының ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ, осы ЖКО салдарынан патрульдер де зардап шеккен, олар көптеген кесілген дене жарақаттарын алған. Бірақ, тәртіп сақшылары бұған қарамастан, өз қызметтік міндеттерін атқаруды жалғастырған. Жедел жәрдем келгенге дейін зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жол-көлік оқиғасы болған жерді қоршап, басқа көліктердің өтуін қамтамасыз еткен. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алматы облысында 43 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте Алматы облысында 43 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды  Tinfo.kz. Оның ішінде 33-і – симптомсыз жағдай. Жалпы облыста ауырғандар саны – 3625, жазылғандар саны – 2429. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Ал Қазақстан бойынша  өткен тәулікте 1499 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 706 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы - 226 / 100 Алматы қаласы - 221 / 105 Шымкент қаласы - 43 / 22 Ақмола облысы - 52 / 29 Ақтөбе облысы - 13 / 2 Алматы облысы - 43 / 33 Атырау облысы - 130 / 94 Шығыс Қазақстан облысы - 112 / 36 Жамбыл облысы - 104 / 58 Батыс Қазақстан облысы - 95 / 43 Қарағанды облысы - 148 / 62 Қостанай облысы - 56 / 40 Қызылорда облысы - 19 / 9 Маңғыстау облысы - 42 / 36 Павлодар облысы - 106 / 12 Солтүстік Қазақстан облысы - 69 / 19 Түркістан облысы - 20 / 6 Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 71838.

Талдықорған қалалық сотының барлық қызметкері карантинге жіберілді

Талдықорған қалалық сотының ғимаратында шілде айының 17-і мен 31-і аралығында карантиндік шаралар енгізілді, деп хабарлайды Tinfo.kz. Осыған байланысты Талдықорған қалалық сотының барлық қызметкерлері он бес күндік үй карантиніне оқшауланады. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Бұл ретте сот жұмысының қызметі дәл осындай уақыт кезеңіне уақытша тоқтатылады. Істерді қарау неғұрлым кейінгі уақытқа қалдырылды, тараптарға сот жұмысының басталғаны және істерді қарауды қайта бастау туралы қосымша хабарланады. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері COVID-19 короновирусты инфекцияның таралуы жөніндегі жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін», -делінген Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алматы облысында зейнеткер әже ауруханаға тегін саумал жеткізеді

Панфилов ауданы Шолақай ауылының тұрғыны  Мейрамгүл Мұқаева аудандық аурухананың провизорлық бөлімде ауырып жатқан науқастарға тегін саумал әкелуде, деп хабарлайды Tinfo.kz. Көпбалалы ана күнде таңертең ауруханаға 10-15 литр саумал жеткізеді. Бұдан бөлек сауыншы апаның үйінен саумал ішетіндердің де қарасы көп. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Қазір еліміз қиын кезді бастан өткізіп жатыр. Жерлестерім, жақындарым аурып жатқанда менің қолымнан келетін көмегім осы. Саумал барлық ауруға шипа. Сондықтан ауруханаға көмек етейін деп шештім», - дейді көп балалы ана. Аудандық бас дәрігер Төлеу Сарпеков саумалдың науқастарға пайдасы бар екенін айтады. «Қазір саумал келген бойда емделушілерге нормамен беріп жатырмыз. Осы орайда Мейрамгүл апамызға аурухана ұжымы атынан алғыс білдіремін»,- деді ол. 1964 жылдан бері бие байлап, саумалың емдік қасиетін пайдаланып келе жатқан сауыншы бес бала тәрбиелеп, немерелеріне жылқы малының пайдасын үйретумен келеді.

Талдықорғанда елді алдап, ақшаны казиноға жұмсаған алаяқ сотталды

Алматы облысында 62 жастағы азамат алаяқтық әрекеті үшін үш жылға сотталды. Ол өзін жылу желілерін орнату шебері ретінде таныстырып, оған жүгінген азаматтардың ақшасын иемденіп келген, деп хабарлайды Tinfo.kz. Сот процесі барысында ол өзінің кінәсін толығымен мойындап, шын мәнінде алаяқтық жасағанын жеткізді. Сот тергеуінде алаяқтың ұрланған ақшаны өз қажеттіліктеріне, атап айтқанда казинода ойын ойнауға жұмсағандығы белгілі болды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Оның құқыққа қайшы іс-әрекеттерінен ондаған азамат зардап шеккен. Күдікті өзін полиция іздеп жүргенін білгеннен кейін қашуға тырысқан. Алайда, криминалдық полиция қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің нәтижесінде, ол 2020 жылдың 6 ақпанында Алматы қаласында ұсталып, бірден қамауға алынды. Жуырда Талдықорған қалалық соты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмыстық әс-ірекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылған күдікті азаматқа қатысты үкім шығарды. Сот оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтей отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

42 500: кімге төленеді және өтінішті қалай береді

42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау ережесі қабылданды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Tinfo.kz. Жалпы негізгі қағидат, бұл төлем жұмыс жасап, жұмыс істеп жүргене қатысты өзінің табысынан айырылған азаматтарға төленеді. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Кімге төленеді? Жалдамалы жұмыскерлер (ақысыз демалысқа жіберілген болса). Өтінішті жұмыс беруші береді. Жұмыстан шығып кеткен болсаңыз, жұмыспен қамту орталығына хабарласқан жөн. Ол электронды түрде жасалынады. Жеке кәсіпкерлер (жеке практикамен айналысатын азаматтар). Тапсырысты өздері береді. Бұл жолы біз оларға зейнетақы жарналарын немесе әлеуметтік жарналардың төленуі/төленбеуі туралы талапты қоймаймыз. Бұл жерде жалғыз шарт - олардың жұмыстарының карантинге байланысты тоқтап қалуы/қалмау туралы аудандағы штаб, салық комитетінің өкілдері белгілейтін болады. Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдер бойынша жұмыс істеп жүрген азаматтар (фрилансерлер). Өтінішті тікелей өздері береді. Бір шарт - осы 2020 жылда 6 айдың ішінде бір рет болса да зейнетақылық жарналарын аудару туралы талап. Өз бетінше жұмыс істеп жүрген азаматтар. Жұмыстары тоқтап калса, төлем ала алады. ЕСП төлеудің қажеті жоқ, Бейресми жұмыс істеп жүрген азаматтар ТЖ кезінде бір рет ғана ЕСП төлегендерден кім ала алмайды? Мемлекеттік бюджеттің есебінен зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек немесе сақтандыру қорынан тиісті көлемде көмек алып жүрген азаматтар ала алмайды.    

Алматы облысына Ресейден 30 дәрігер келді

Алматы облысына коронавируспен күресуде көмек қолын созуға Ресейден 30 маман келді, деп хабарлайды Tinfo.kz «КТК» телеарнасына сілтеме жасап. Арнаның ақпаратынша, дәрігерлер аймақтағы ауруханалардың жайын өз көзімен көріп, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Олардың тек бесеуі ұзақ мерзімге, жағдай тұрақталғанша осында  қалмақ. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Облыста дерт дендегендердің саны үш мыңнан асып кетті. Ахуалды ауыздықтауға әкімдік қазына қаржысынан қосымша 3 млрд теңге бөлді. Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы: - Бұл қаржыға ең бірінші кезекте қажетті ИВЛ аппараттары, сонымен қоса кислородтық концентраттар және індетпен күресуге қажетті дәрі-дәрмектер алынады. Бұдан бөлек қосымша рентген аппараттары, сонымен қатар шалғайдағы аймақтарға арналған жылжымалы рентген аппараттары алынады

Алматы облысында мемқызметшілер мұқтаж жандарға азық-түлік пен дәрілер табыстады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті қызметшілері кезекті #Игіістеруақыты акциясын өткізіп, көмекке мұқтаж талдықорғандықтарға бірінші қажеттілігі бар азық-түлік тауарлары мен дәрі-дәрмектерді табыстады, передает Tinfo.kz.   "Департамент қызметшілері қазіргі кезде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қолдауға ниет білдіріп, бастама жасады. Мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсету азаматтардың әлеуметтік және жеке жауапкершілігінің көрсеткіші болып табылады. Қазіргі уақытта мұндай акциялар өте қажет. Адамдар өздерінің қиындықтарымен жалғыз қалмауы керек", - деп атап өтті Департамент басшысы Бейсеқұлова Ляззат Мұқатайқызы. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Естеріңізге сала кетейік, бұл #Игіістеруақыты акциясы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованың бастамасы аясында өткізіліп отыр. Төраға Еріктілер жылы аясында мемлекеттік қызметшілерді игі істерге белсенді атсалысуға шақырды. Департамент қызметшілері алдағы уақытта да Алматы облысының зейнеткерлеріне, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына белсенді көмек көрсетуді жалғастыруды жоспарлап отыр.

Алматы облысының Мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының телефондары

Карантиндік шаралардың күшейту мақсатында 2020 жылғы 16 маусымнан бастап мемлекеттік кірістер органдарында мемлекеттік кірістер басқармаларында және кеден бекеттерінде көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетудің жаңа регламенті белгіленген. Онлайн қол жетімді Мемлекеттік қызметтер тек электронды түрде ұсынылады. Электрондық түрде іске асырылмаған мемлекеттік қызметтер (кіріс құжаттарын қабылдау және шығыс құжаттарын беру) "электрондық үкімет" порталы, өтініштерді беру сервисі арқылы ұсынылатын болады. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Кеңес телефондары арқылы жүргізіледі. Тікелей байланыстарды азайту мақсатында "салық төлеуші кабинеті" электрондық сервистерін, "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясын пайдалана отырып, қашықтықтан жұмыс істеуді сұраймыз. Сондай-ақ, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанында байланыс орталығы жұмыс істейтінін хабарлаймыз.– 8/728-2/60-11-21, 8/728-2/60-11-97, 8/728-2/ 24-01-04. Облыстың барлық мемлекеттік кірістер басқармаларында төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде байланыс орталықтары құрылды: Балқаш ауданы бойынша МКБ - 8/72773/91969, 8/72773/91447; Жамбыл ауданы бойынша МКБ- 8/72770/2-22-16, 8/72770/ 2-28-36,8/72770/ 2-28-36, 8 /72770/2-24-96, 8 / 72770/2-00-84, 8/72770/2-30-18, 8/72770/2-17-83; Іле ауданы бойынша МКБ - 8/72752/2-16-10, 8/727 52/2-16-10, 8/727 52/2-26-10; Қарасай ауданы бойынша МКБ - 8/727/298-36-06, 8/72771/2-27-55; Райымбек ауданы бойынша МКБ - 8/72779/22047; 8/72779/22068, 8/72779/21222; Талғар ауданы бойынша МКБ - 8 /72774/ 2-25-92, 8 (72774) 2-25-92, 8/727/ 295-61-90; Ұйғыр ауданы бойынша МКБ - 8/72778/2-15-05, 8/72778/2-39-32, 8/72778/2-16-57, 8/72778/21509; Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ - 8/72775/2-06-84, 8/72775/7-55-83; Қапшағай қаласы бойынша МКБ - 8/72772/4-38-84, 8/727722/4-71-54, 8/72772/ 4-71-56, 8/72772/4-41-15; Ақсу ауданы бойынша МКБ - 8/72832/21476, 8/72832/21629, 8-728-32-2-15-12; Алакөл ауданы бойынша МКБ - 8-728-33-2-22-96, 8-728-33-2-27-05, 8-728-33-2-12-81, 8-728-33-2-24-47, 8-728-33-2-11-67,8-728-33-2-23-75; Қаратал ауданы бойынша МКБ - 8/72834/-2-15-84,  8/72834/2-14-07; Кербұлақ ауданы бойынша МКБ - 8/72840/ 32658, 8/72840/ 31145; Көксу ауданы бойынша МКБ - 8/72838/42440, 8/72838/42450; Панфилов ауданы бойынша МКБ - 8/728-31/5-13-55, 8/728-31/5-18-46, 8/728-31/5-38-56,  8/728-31/5-34-95, 8/728-31/5-34-85; Сарқан ауданы бойынша МКБ - 8/72839/2-13-65, 8/72839/2-18-67, 8/72839/2-29-02; Ескелді ауданы бойынша МКБ - 872836/3-07-59, 872836/3-02-42, 3-13-52 872836/3-07-33; Талдықорған қаласы бойынша МКБ - 8/7282/24-70-61,  8/7282/24-53-13, 8/7282/24-41-42,  8/7282/24-47-96,  8/7282/24-70-53; Текелі қаласы бойынша МКБ - 8/72835/43543, 8/72835/42251, 8/72835/42520,8/72835/44032; Кеген ауданы бойынша МКБ - 8/72777/22511, 8/72777/22313; «Алтынкөл-жол» кеден бекеті – 8 705 555 71 10 (Адетбеков Диас), 8 705 532 04 60 (Махамбетов Казбек), 8 701 048 88 80 (Жуасбаев Болат); «Қорғас-ШХЫО» - 8 705 555 22 28 (Копбаев Жандос), 8 778 334 12 14 (Абдыхамитов Олжас); «Қалжат» кеден бекеті – 8 707 330 00 11(Расупов Бауыржан), 8 701 246 11 11 (Букембаев Рустем); «Нұр Жолы» кеден бекеті -  8 701 780 17 42 (Джумагулов Абдиманап), 8 776 181 76 67 (Жумагулов Нурлан); «Талдықорған» кеден бекеті – 8 701 210 22 98 (Карымсаков Канат),  8 700 487 12 90 (Алипов Санат); «Достық» кедені, «Алакөл» кеден бекеті, «Теміржол» кеден бекеті – 8 775 182 21 65 (Кайсин Самат), 8 775 986 30 40 (Жадаев Алмас), 8 778 107 85 67 (Мухамеджанов Мухтар), 8 778 570 37 77 (Тогизаев Елдос). Бағыттар бойынша МКБ бөлінісінде телефондар қоса беріледі.

“Ерліктің даңқы, елдіктің нарқы” кітабы шықты

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Алматы облысында “Ерліктің даңқы, елдіктің нарқы” атты кітап жарық көрді, деп хабарлайды Tinfo.kz. Туынды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және аймақ басшысы Амандық Баталовтың қолдауымен шыққан.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Ұлы Отан соғысы жайында баяндалатын тың туындының авторлары - белгілі журналист, жазушы Қажет Андас және Алматы облысы ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Райхан Қапышқызы. "Ерліктің даңқы, елдіктің нарқы" деп аталатын кітапқа қазірден сұраныс көп. Ең алғаш аталмыш кітапқа қызығушылық танытқан - ардагерлер қауымы болды. “Бұл кітаптың тұсауын Жеңіс күніне қарсы салтанатты түрде кесеміз деп жоспарлаған болатынбыз, мына індеттің өршуіне байланысты, кейінге маусым айына қалдырылған, ол да болмады. Ардагерлерімізден осы кітапқа сұраныс болып жатқандықтан, бүгін облыстық және қалалық ардагерлер ұйымының басшыларына апарып, табыстадым. Бұл кітапты біраз уақыттан кейін облысымыздағы барлық кітапханалардан алып, танысуға болады”, - деді Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев Алматы облыстық және Талдықорған қалалық Ардагерлер үйінің басшыларына табыстау рәсімінде. Жақын арада "Ерліктің даңқы, елдіктің нарқы" атты тың туынды кітапхана сөрелерін толықтырып, сүйікті оқырмандарымызға жол тартатын болады.

«МӘМ» қамқоршылары мен қызметкерлері COVID-19-ға тексерілді

Биылғы 2020 жыл еліміз үшін өте қиын жыл болды.  Олай деуіміздің  себебі Қытай Халық Республикасынан шыққан   COVID-19  пандемиясы барлық әлемді шарлады.  Қазақстанда 16-наурыздан бастап төтенше жағдайға байланысты  карантин жарияланды. Пандемияға байланысты іс-шаралар қолданды. 1.Үнемі бетперде кию2.Ара-қашықтықты сақтау3.Әрдайым антисептик қолдану жайлы атап айтқанда мемлекетіміздің бас санитарлық дәрігердің алгоритіміне сәйкес қызмет атқарудамыз. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Төтенше жағдайға байланысты «Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының»  80% қызметкерлері қашықтықтан жұмыс жасауға көшті.  Орталықта 10 күндік кезекшілік жұмыс режиміне ауыстырылды.    Төтенше жағдайға  байланысты қызмет алушылардың ата-аналары, туыстарының келуіне уақытша тыйым салынды. Туған-туыстарымен онлайн режимінде байланысқа шықты.  COVID-19 пандемиясына байланысты 29.04.2020 жылы  121 қызметкер жәнеде 157 қызмет алушылар тест тапсырды. Тапсырған тест нәтижесі 5 жұмыс күн аралығында дайын болып, теріс нәтижесін көрсетті.  Біз «Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» қызметкерлері осы COVID-19 пандемиясына қарсы вакцина шығатынына сенімдіміз. Қиындықты міндетті түрде жеңеміз. Біз біргеміз! Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы  

«Нұр Отан» медициналық-әлеуметтік мекеме жұмысын бақылайды

Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылы  Шәкәрім  көшесі  №5 үйде орналасқан.                                    Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы  стационарлық үлгідегі  әлеуметтік-медициналық  ұйымдар қызметінің  тәртібін,  өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз психоневрологиялық ауытқулары бар 18 жастан асқан  1-2 топ мүгедектері    қызмет алушырдың туруына қолайлықты қамтамасыз етеді. Халықты  әлеуметтік қорғау саласында  арнаулы  әлеуметтік Cтандартына  сәйкес  қызмет көрсету шарттарының көлемі мен тәртібіне  қойылатын талаптарды  айқындай отырып , әлеуметтік қызмет түрлері  кеңінен көрсетіледі.                                                                                            (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қоғалы  арнаулы  әлеуметтік  қызмет  көрсету орталығы  2015 жылдың   желтоқсан  айында   Қоғалы  психоневрологиялық  интернат-үйі  болып  ашылды.2016 жылдың  06 тамызында  Алматы  облысы  әкімінің  № 363  қаулысына  сәйкес    Қоғалы  арнаулы  әлеуметтік  қызмет  көрсету  орталығы болып  өзгерді. 19.09.2018жылы  Әділет басқармасына тіркеуге қойылды.Бұл орталық 157 орынға  арналған.  Кәзіргі  уақытта  орталықта  155 қызмет  алушы тұрады.  Қызмет алушылардың жынысы мен жас құрамы бойынша -  100 ер, 55 әйел. Осы орайда, Қоғалы ауылдық округі әкім аппараты бойынша «Нұр Отан» партиясының атқарушы өкілі     Ермұханбет Алмас Нурғалиулы және Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының «Нұр Отан» қоғамының төрайымы Кулмурзина Аиля Адильхановна мекемеде бірігіп, қызмет алушыларға үй жағдайына жақындатылған, жасы мен денсаулық жағдайына барынша барабар тыныс-тіршілік  жағдайын жасау, қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және кірігу деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы қызметтердің орындалуын қадағалап, бақылайды. «Нұр Отан» азаматтардың құқықтарын іске асыруды бірінші орынға қоятын, саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі ретінде күшті тиімді мемлекетті қолдайды. «Нұр Отан» Қазақстанның әрбір өкілі жеке тұлға және толық құқылы азамат ретінде бірдей бағаланатын Қазақстан халқының мызғымайтын бірлігін қолдайды. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қоғалы  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

42 500: кімдерге және қалай төленеді?

Шектеу шараларына байланысты табысынан айырылған қазақстандықтарға 42 500 теңге қалай төленеді?COVID-19 ауруына байланысты жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шектеу шараларының енгізілуіне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста жүрген немесе табысын жоғалтқан жұмыс істейтін азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем төленеді.Біржолғы төлемді тағайындауға өтінімді:- жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер;- карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты қызметі шектелген жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бере алады.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде.Жұма күні азаматтардың өтініш беруге мүмкіндігі пайда болады деп үміттенеміз, ал дүйсенбіден бастап төлемдерді тағайындауға кірісуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біз жекелеген санаттағы азаматтар үшін проактивті форматта төлем тағайындау мүмкіндігін қарастырамызБейресми түрде өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға біржолғы төлемге өтініш беру үшін БЖТ-ны қайта төлеу міндетті емес.

Шілде айында 42 500 теңгені кімдер алады

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин елімізде карантиннің ұзартылуына байланысты тағайындалған 42 500 теңге көлеміндегі көмекті нақты кімдер алатынын айтты, деп хабарлайды Tinfo.kz.   «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралы кезінде табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақы ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу жөнінде шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өтінімі негізінде жүргізіледі», - деді ол үкімет отырысында. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Сондай-ақ, Асқар Мамин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тапсырма берді. «Еңбек министрлігіне төтенше жағдай кезеңіндегідей азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік өнімдеріне және ақшалай көмек беруді жалғастырсын. Бұл - 1 миллионнан астам адам», - деді үкімет басшысы.

Алматы облысында коронавируспен 34 адам ауырды

Өткен тәулікте Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 34 жағдай тіркелді. Оның ішінде 7 – симптомы бар, 27 – симптомсыз жағдай, деп хабарлайды Tinfo.kz. Жалпы өңірде коронавируспен ауырғандар саны 3130. Жазылғандар саны 2063. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 957 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы - 123 / 54 Алматы қаласы - 231 / 98 Шымкент қаласы - 81 / 16 Ақмола облысы - 35 / 22 Ақтөбе облысы - 63 / 40 Алматы облысы - 34 / 27 Атырау облысы - 266 / 220 Шығыс Қазақстан облысы - 100 / 60 Жамбыл облысы - 71 / 53 Батыс Қазақстан облысы - 99 / 53 Қарағанды облысы - 176 / 102 Қостанай облысы - 49 / 19 Қызылорда облысы - 54 / 24 Маңғыстау облысы - 107 / 100 Павлодар облысы - 77 / 21 Солтүстік Қазақстан облысы - 70 / 38 Түркістан облысы - 10 / 10

Абайдың 175 жылдығы: Ғасырлармен үндескен асыл қазына

Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы және 32363 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай “Ғасырлармен үндескен асыл қазына” атты әдеби-сазды шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Шараны Қапшағай қалалық кітапханасының директоры Назым Халелқызы Кенжебекова алғы сөзбен ашып, қатысушыларға Абай Құнанбаев туралы  мағлұмат бере отырып, бүкіл Қазақстан болып биыл қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақынның елі үшін, жас келешек ұрпақ үшін өшпес із қалдырған әдеби шығармаларымен бөлісті.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Кеш барысында қалалық кітапхана қызметкерлерінің арнайы дайындаған кітапхана көрмесі мен Абайдың өмірі туралы бейнеслайд қатысушылар назарына ұсынылды. Сонымен қатар әдеби-сазды композициялық  кеште Абай Құнанбаевтың өлең жолдары мен қара сөздері, арнаулар  оқылып,  Онегин мен Татьяна хаттарынан көрінісі,  И.А.Крыловтан аударған мысал өлеңі «Түлкі мен қарға» көріністері ұсынылды. Кеште  Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық-ай», «Айттым сәлем Қаламқас» атты әндері де шырқалды.   Әдеби сазды кешке қатысушы барлық қонақтар мен сарбаздардың қосыла шырқауында «Мен Қазақпын»- атты патриоттық әнімен шара өз мәресіне жетті.

Композитор Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеев дүниеден озды, деп хабарлайды Tinfo.kz.  Қаралы хабарды әнші Бота Бейсенова Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); "Қаншама әсем әндерді еліне сыйлаған композитор - Кеңес Дүйсекеев ағамыз өмірден озды.Өте өкінішті. Амал қанша. Иманды болсын. Туған туыстарына қайғырып көңіл айтамыз", - деп жазды әнші.