Войти через

  • 09:47:08
  • -10°C

Четверг, 03 декабря

 

Жаңалықтар

Алматы облысында 81 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте Алматы облысында 81 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Оның ішінде 21 – симптомды, 56 – симптомсыз жағдай. Жалпы өңірде ауырғандар саны 2831. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қазақстанда өткен тәулікте 1962 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 1209 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалып/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы - 120 / 65 Алматы қаласы - 177 / 46 Шымкент қаласы - 61 / 25 Ақмола облысы - 35 / 27 Ақтөбе облысы - 89 / 38 Алматы облысы - 81 / 56 Атырау облысы - 658 / 532 Шығыс Қазақстан облысы - 113 / 43 Жамбыл облысы - 57 / 47 Батыс Қазақстан облысы - 91 / 34 Қарағанды облысы - 150 / 108 Қостанай облысы - 111 / 71 Қызылорда облысы - 28 / 20 Маңғыстау облысы - 70 / 53 Павлодар облысы - 57 / 26 Солтүстік Қазақстан облысы - 36 / 7 Түркістан облысы - 28 / 11 Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 53021.

Алматы облысында шөп ұрлаған азамат ұсталды

Алматы облысында пресстелген 200 шөп бумасын ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Жағдай Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында болған. Полиция бөліміне 39 жастағы ауыл тұрғыны 200 байланған шөп теңінің ұрланғаны жайында хабар жеткізді. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары ұрлық жасаған адамның ізіне түсті. 30 жастағы жергілікті тұрғын шөпті жымқырғанын мойындап, материалдық шығынын толығымен өтеп беретінін жеткізді. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бап 1 бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу амалдары барысында күдіктіге үйден тыс жерлерге шықпауы және тиісті тәртіпті сақтауы туралы бұлдартпау шарасы қолданылды.

Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 2691-ге жетті

Алматы облысында өткен тәулікте коронавирус індетін жұқтырған 51 жағдай тіркелді. Оның 40-ы симптомсыз жағдай, деп хабарлайды  Tinfo.kz. Бүгінгі таңда ауырғандардың жалпы саны 2691-ге жетті. Жазылғандар саны – 610. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қазақстанда өткен тәулікте 1109 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 649 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы - 95 / 42 Алматы қаласы - 157 / 41 Шымкент қаласы - 39 / 32 Ақмола облысы - 32 / 25 Ақтөбе облысы - 86 / 59 Алматы облысы - 51 / 40 Атырау облысы - 101 / 94 Шығыс Қазақстан облысы - 62 / 30 Жамбыл облысы - 59 / 32 Батыс Қазақстан облысы - 128 / 102 Қарағанды облысы - 93 / 52 Қостанай облысы - 63 / 22 Қызылорда облысы - 7 / 5 Маңғыстау облысы - 13 / 13 Павлодар облысы - 52 / 34 Солтүстік Қазақстан облысы - 19 / 7 Түркістан облысы - 52 / 19 Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 49683.

Текелі Абайды таныған қала

Текелі қаласының №4 орта мектебінде ұлы Хәкiм Абайдың 175 жылдығына арналған "Менiң Абайым" атты ғылыми-танымдық кеш ұйымдастырылды деп хабарлайды Tinfo.kz. Ғылыми-танымдық кеш барысында, оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарымен таныстыра отырып, Абайдың балалық шағынан үзiндi көрiнic қойып, Ұлы ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді орындап, әлемге әйгілі 45 қара сөздерін оқыды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); “Сонымен қатар күйлері де орындалып, бастауыш сынып оқушылары Абай атамыздың өнегелі өміріне шолу жасады. Ұлы ойшыл өзінің шығармаларында адамгершілік, имандылық тәрбиесіне, оқу –білімге, әлемдік өркениетке жетуге көп көңіл бөлген”, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Астана күніне орай екі жедел жәрдемінің көлігінің кілті табысталды

Бүгін Алматы облыстық партия филиалында 6 шілде Астана күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Облысы әкімінің орынбасары Б.Байжұманов және облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев құттықтау сөздерін сөйлеп, партия қатарына өткен бір топ жас маманға партия билетін, Алакөл ауданына 2 жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстап, ерікті М.Кенешовке «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Жалпы Алматы облысында нұротандықтардың ауруханаларға көрсетіп жатқан көмегі аз емес. Осы уақытқа дейін «Nur Otan» партиясының мүшесі-кәсіпкер В.Сычев Талдықорған қаласындағы облыстық жедел жәрдем станциясына реанимобиль, Қапшағай қаласында «Nur Otan» партиясының мүшесі-кәсіпкер М.Сергебаев қалалық ауруханаға ретро автокөлік мұражайынан «Волга» автокөлігін сыйға тартты. Сонымен қатар, 8 млн. теңгеге Covid-19 коронавирус індетін анықтауға арналған 1900 экспресс тест және Еңбекшіқазақ ауданының көпсалалы ауруханасына 53,2 млн. теңге көлеміндегі қаржыға жұқпалы ауруларды анықтауға қажеттіліктермен жабдықталған жылжымалы зертханасын сатып алып берді. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({});

Алматы облысында 21 адамнан коронавирус табылды

Өткен тәулікте Алматы облысында коронавирус індетімен ауырған 123 адам анықталды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Оның ішінде 21-і симпомы бар, 102-і симптомсыз жағдай. Осылайша өңірде ауырғандар саны 2330 адамға жетті. Жазылғандар саны 610. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қазақстанда өткен тәулікте 1501 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 1005 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы - 119 / 49 Алматы қаласы - 206 / 131 Шымкент қаласы - 100 / 56 Ақмола облысы - 46 / 36 Ақтөбе облысы - 59 / 27 Алматы облысы - 123 / 102 Атырау облысы - 327 / 267 Шығыс Қазақстан облысы - 91 / 38 Жамбыл облысы - 65 / 48 Батыс Қазақстан облысы - 50 / 50 Қарағанды облысы - 77 / 50 Қостанай облысы - 48 / 24 Қызылорда облысы - 25 / 15 Маңғыстау облысы - 78 / 71 Павлодар облысы - 37 / 11 Солтүстік Қазақстан облысы - 21 / 15 Түркістан облысы - 29 / 15 Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 44075.

Cайлауға түс, кәсіпкер! Алматы облысының Өңірлік кеңесіне сайлау басталады

Құрметті кәсіпкер! Егер Сіз «Атамекен» Өңірлік кеңесінің мүшесі атанғыңыз келссе, онда сайлау додасына қатысыңыз! Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтініш қабылдау 7 шілдеде басталады. Құжаттарды офлайн түрінде Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына Талдықорған қ., 8 ы/а Астана д-лы 2 А, Көрме кешенінің ғимараты мекенжайы бойынша немесе онлайн нысанда https://vote.atameken.kz/ сайты арқылы жіберуге болады. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен ӨКП-да аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады. Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс: Қазақстан Республикасының азаматы болу; өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу; кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу; өңірде жария тұлға болу; кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу; бизнесінің тарихы оң болуы; әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу; облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады; Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы. 7-15 шілде аралағында кандидаттарды таныстыру, ары қарай 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстары басталады, ал дауыс беру онлайн режимде 20-22 шілде аралығында өтеді. Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық(одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады. Толық ақпарат https://vote.atameken.kz/ сайтында жарияланған, сондай-ақ сайлау жайында ақпаратты 1432 колл-орталығынан алуға болады. Және Алматы облысы кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады: +7 771 554 8858, +7 7282 401 282

Алматы облысында 11 адам коронавирис жұқтырды

Алматы облысында 111 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Tinfo.kz.  Ауырғандардың 16-ы сиптомы бар, 95-ы симптомсыз жағдай. Осылайша өңірде ауырғандар саны 2207 адамға жетті. Жазылғандар саны 574. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қазақстанда өткен тәулікте 1509 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 981 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр Сұлтан қаласы - 81 / 40 Алматы қаласы - 195 / 110 Шымкент қаласы - 43 / 18 Ақмола облысы - 52 / 42 Ақтөбе облысы - 63 / 40 Алматы облысы - 111 / 95 Атырау облысы - 287 / 210 Шығыс Қазақстан облысы - 111 / 52 Жамбыл облысы - 45 / 34 Батыс Қазақстан облысы - 112 / 72 Қарағанды   облысы - 97 / 51 Қостанай облысы - 11 / 4 Қызылорда облысы - 105 / 82 Маңғыстау облысы - 83 / 77 Павлодар облысы - 59 / 20 Солтүстік Қазақстан облысы - 28 / 20 Түркістан облысы - 26 / 14 Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 42574.

Abai tv телеарнасы ашылды

Мәдени-ағарту бағытындағы «Абай» телеарнасының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Tinfo.kz. Арнаның ашылуы – Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған тарту. Сосын індеттен көңілі құлазып жүрген көрерменге де демеу. Өйткені, арнадан қара сөзге қанығатын, таным көкжиегін кеңітетін хабарлар, ұлттық өнердің шебер туындылары мен ұлы дала әуендері үзілмек емес. Тиісінше, журналистерге артылатын жүк те ауыр. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Abai tv «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы жанынан ашылып отыр. Арна ақынның бағытын бағдар қып алды. Данышпанның толық адам тұжырымдамасын іске асыратын тәрбие әрі идеология құралына айналмақ. Бүгінде «Абай жолын бірге оқиық», «Сарасөз» бағдарламалары жарыққа шықты. Әлі де талай ағартушылық дүние қалың көрерменге жол тартады. Ашылу салтанатына ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері, Парламент депутаттары қатысты. «Әлемде қалыптасқан күрделі ахуалға қарамастан 2020 жыл еліміздегі ерекше маңызды оқиғалармен есте қалатындығы анық. Соның бірі - Абайдың 175 жылдығы. Биыл ұлы ақынның мұрасын дәріптеуге арналған ауқымды жұмыстар басталды. Іс-шаралар әлі де жалғасып жатыр. Бұл - барымызды бағалайтын, болашағымызды бағдарлайтын нақты қадам болып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген қоғамдық сананы қайта түлету ісінің мән-маңызы осында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан« атты мақаласында «ақынның мұрасы бүкіл адамзат баласының рухани азығы« деп лайықты баға берді», - деді Дәурен Абаев өзінің құттықтау сөзінде. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы қоғамдық сананы түлетуге телеарна түрткі болмақ. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ақынның мұрасы — бүкіл адамзат баласының рухани азығы»,- делінген. «Жаңа арнаның «Абай» деп аталуы тегін емес. Біріншіден, мәдени-ағарту бағытындағы жалғыз телеарнаға ұлт руханиятының темірқазығы Абайдың атын беру өте орынды. Өйткені, ұлы ақынның өнегелі жолы әлі талай ғасырға жалғас ады. Екіншіден, жаңа телеарна төл мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттауды мақсат етеді. Бұл турасында ұлы ойшылдың «Пайда ойлама ар ойла, талап қыл артық білуге», «Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан» деген өсиеттерін есте ұстауымыз керек... Ұлы ақын тағы бір сөзінде адам баласын заман өсіреді дейді. Біздің жаңа телеарнамыздың жұмысы да осы қазіргі дәуірдің талабына бейімделеді», - деді Дәурен Абаев. Ақпарат кеңістігіне «Ақыл ойдың айнасы» деген ұранмен жол тартқан «Abai tv» телеарнасы ұлттық және әлемдік өнер мен мәдениеттің інжу-маржанын, түрлі ұлттардың әдеби және тарихи мұра жауһарларын, спектакль, балет сияқты бекзада өнер түрлерін қалың бұқараға ұсынады. «Abai tv» арнасының ашылуы қазақ қоғамы үшін үлкен мереке. Өркениетіміз мен мәдениетіміз үшін маңызды арналардың бірі болады деп сенемін. Мәдениет саласындағы азаматтарды телеарнаға өнімдері мен өнерлерін ұсынуға шақырамын» - деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова. Жаңа телеарна Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылды және қазақстандықтарды ұлы Абай мұрасы, Қазақстанның және бүкіл әлемнің мәдениеті мен өнерінің жетістіктерімен таныстыруға арналады. Осы бағыттағы «Абай жолын бірге оқиық», «Сарасөз» бағдарламалары жарыққа шықты. Одан бөлек, бағдарламалар кестесіне қазақ қаламгерлерінің драмалық шығармаларын талдауға арналған «Үркер», жастардың «Жыр майданы», қазақ музыкасы мәдениеті мен тарихы жайындағы «Музыка Великой степи», спектакльдер мен балет қойылымдарына арналған «Премьеры» бағдарламасы көрерменге жол тартты. «Осы бір кездің өзінде қиыншылыққа қарамастан, жаңа телеарнаның ашылуы, соған барлық мүмкіндікті жасау игі істердің бірі. Абайдың аты - өте ардақты. Осы арнада қызмет ететін қыз-жігіттердің мойнына өте ауыр жүк артылады. Абай атын иеленгеннен кейін Абайдың әділдігін, ойшылдығын, сөзге деген ерекше ықыласын, ғажайып жырлары мен әндеріндегі нәзіктік пен сұлулықты сақтап, сол биіктен көрініңіздер», - деп, жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалы жаңа арнаға ізгі тілегін білдірді. Телеарна қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 17 сағат (07:00-ден 00:00-ге дейін) хабар тарататын болады. Арна «Otau TV» ұлттық спутниктік операторы, «Alma TV», «ID TV» кабельдік желілері арқылы таралады. www.abaitv.kz ресми сайты арқылы онлайн көру мүмкіндігі бар.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып Қуанышбек Қашқымбаев тағайындалды, деп хабарлайды Tinfo.kz.  Бүгін жаңа әкімді аудан активіне Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушы Ләззат Тұрлашов таныстырды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қуанышбек Қашқымбаев 1962 жылдың 11 маусымында дүниеге келген. 1988 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Кентау электр инженері», 2011 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң мамандығы бойынша қатардағы жұмысшыдан бастап, басшылық қызметтерге дейін өскен. 1994-2014 жылдар аралығында жер қатынастары, жерге орналастыру жер ресурстарын басқару саласындағы ұйымдарда әртүрлі қызметтер атқарған. 2014-2016 жылдары Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі болған. 2016-2018 жылдары Алматы қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасын, 2018 жылдан осы уақытқа дейін Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Қазақстанда дәріханалар табысын жасырып келген - МКД

Мемлекеттік кірістер комитеті көшпелі тексерулерсіз фарм қызметіне талдау жүргізді. Дәрі-дәрмектерді сатуға ҚҚС салынбайтындықтан, дәрілік заттар айналымы өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін тауардың тарихын қадағалауға мүмкіндік беретін тауарларды бақылау жүйесіне кірмейді. Сондықтан талдау белгілі бір кезеңде дәріхана қандай пайда алғанын қадағалауға болатын онлайн - БКМ көрсеткіштерінде құрылған. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Жаздың алғашқы 2 аптасында ғана қазақстандық дәріханалар 10 миллиард теңгеден астам табыс тапты. Алайда барлық кәсіпкерлер нақты айналымдарды көрсетпеді. Республика бойынша дәріхана – қызмет түрін көрсете отырып, барлығы 3 527 кәсіпкер, 7 674 онлайн-БКМ тіркеген. Онлайн-БКМ енгізу салық есептілігін күтпестен, айналымдар сомасын ғана емес, өткізілген тауар, жұмыс немесе қызмет үшін есеп айырысу кезінде оны қолданбайтын кәсіпкерлерді де мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өту қажет. Мысалы, 868 дәріхана иелері онлайн-БКМ қолданбайтыны аңықталды, бұл ретте олар өз қызметін тоқтатқан жоқ. 239 дәріхана белгілі бір күндері чектерді шығарады, кейбір күндері онлайн-БКМ пайдаланылмайды, яғни нөл бойынша түсім. Күндізгі түсімі 5000 теңгеден кем болатын 99 дәріхана. Күн сайын бір түсімді көрсететін дәріханалар бар, мысалы, дәл 700 немесе 1000 теңге. Нәтижесінде, 3 527 дәріхананың ішінен адал және заңға мойынсұнды 60% немесе 2137 дәріхана нақты айналымдарды көрсетті. Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде чектерді талап ете отырып, азаматтық белсенділік танытуға шақырады. Ағымдағы жылдың 13 мамырынан бастап Комитет жыл сайынғы «Чекті талап ет — жүлдені  ұтып ал! !» акциясын бастады.  Жіберілген чектер үшін акцияға қатысушылар ұялы телефон теңгеріміне ақшалай қаражатты бірден алу мүмкіндігіне ие, ал чекті бермеген жағдайда акцияға қатысушылар тиісті шағымды ұялы қосымша арқылы жібере алады, шағымды растаған жағдайда кепілді ақшалай қаражатты ұялы телефон теңгеріміне ала алады. Сонымен қатар, дәрілік заттар үшін ҚҚС-сыз ЭШФ енгізудің орындылығы мәселесі туындайды, бұл айналымды де, баға белгілеуді де қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл мәселені мемлекеттік кірістер комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнеспен пысықтайтын болады.

Бейсен Құранбек туралы естелік кітап шықты

Журналист Бейсен Құранбек туралы «Біздің Бейсен» атты естелік кітап жарық көрді, деп хабарлайды Tinfo.kz.  «Біздің Бейсен» кітабы 1000 данамен шықты. Жинаққа Елбасының, мемлекет басшысының көңіл айтуынан бастап ел ағаларының естелігі, замандастарының толғаныстары,қарапайым көрермендердің ықыласы топтастырылды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Бейсекең кеткелі жазылған әрбір жазбаны алуға тырыстық. Барлығы 170-тей естелік пен 90-ға тарта арнау өлеңі бізге жеткен екен, алаламай, көркемдік қуатын сараламай түгел енгіздік. Секең, Досекең үшеуміз отырып "кітап құрастырамыз" деп шешім қабылдап, іске кіріскенде көп адам тілеулес болды, бір жағымыздан шығысып жәрдемдесті. Солардың бәріне Бейсен Құранбектің отбасы атынан, бауырлары атынан, дос-жаран, әріптестері атынан алғыс айтамыз! Айтпақшы кітап мұқабасының дизайнын Бейсекеңнің қызы Іңкәр жасады», - деп жазды құрастырушылардың бірі, журналист Есболат Айдабосын. Бейсен Құранбектің досы болған журналист Серік Әбікенұлы кітапты «сыйлы сөз бен жылы лебіздің белгісі» деп атап өтті. «Кітап қолға тиді. Бейсекең жайлы естеліктер, жырлар... Даулет Ашимхан бауырыма рақмет, тең жартысын тегін шығарды. Есболат Айдабосын, Ришад Турганбаев, Арай Жүндібаева, еңбектеріңізге мың алғыс! Достан қалар бір белгі - сыйлы сөз бен жылы лебіз! Көптен күңіренген көңілге бұл да бір медеу!», - деп жазды «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Әбікенұлы. Еске салсақ, елімізге танымал журналист, «Жетісу» телеарнасының директоры болған Бейсен Құранбек 18 мамыр күні 49 жасына қараған шағында дүние салды. Ол «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламалары арқылы отандық журналистикада өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Журналисттің жарқын бейнесін есте қалдыру мақсатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Бейсен Құранбек атындағы жастар арасындағы «Жігер» сыйлығын жариялады.

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинали Ысқақ зейнетке шықты

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинали Ысқақ зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты қызметінен босатылды, деп хабарлайды Tinfo.kz.  Бұл туралы ол сейсенбі 30 маусым күні Instagram жеке парақшасында жазды (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «... Өмірімдегі ең үлкен бақыт – ғұмырымның жартысынан астамы осы шыбық ексең тал болған қасиетті мекен Еңбекшіқазақ ауданының дамуына тамшыдай болсын үлесімді қосқандығым. Өзім басшылық жасаған 8 жылдан астам уақытта өздеріңізбен бірге табысты еңбек еттік деп есептеймін. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындар тұрмыс-тіршілігінің түзелуіне, кәсіпкерлік саласының өсіп-өркендеуіне жол ашу – басты мақсатым болды. Осы жолда табан ет, маңдай терімді тіліп еңбек еттім», - деп жазды ол. Бинали Ысқақ жұмыс кезінде жетістіктермен қатар, кемшіліктердің орын алғанын атап өтті. «Әрине, жеткен жетістіктер аясында таңды таңға жалғап айтуға болады, әйткенмен, орын алған кемшіліктер де көрініс тапты. Өткен өмірдің берер сабағы, үлгі-өнегесі көп-ақ, бірақ оған қорытынды жасау маңызды. Мен ешқашан ауданды өзім өркендеттім деп айтпаймын. Қандай биік белестерді бағындырсақ та, Сіздермен бірге қол жеткіздім. Себебі, халық – таразы. ... Осынау жылдар ішінде күрделі кезеңдерде бірге өттік, осы ақжарылқап күнге бірге жеттік. «Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ» деген. Жіберілген кемшіліктерім, ақталмаған үміттеріңіз болса, кешірім өтінемін. Өйткені менде ет пен теріден жаралған адаммын!», - деді. «Осы орайда, Сіздерге, құрметті аудан тұрғындары, ел жанашырлары, шынайы ризашылығым мен алғысымды білдіруді жөн санап отырмын. Рас, Сіздердің тараптарыңыздан түрлі сын-ескертпелерді тыңдап, сын мен мінді түзедім, одан сабақ алдым. Себебі, орынды сын ойлантпай қоймайды. ... «Екінші өмірдің» жасына шықсамда, өзімнің сүйген ісімді, бойымнан қуат кеткенше істеп, ауданның жанарашыры болып қала берем. Ел тізгінін ұстаған Дінмұхаммед Ахметұлы айтқандай, «Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім». Мен әрқашанда Сіздермен біргемін!», - деп қорытты жазбасында. Айта кету керек, Бинали Ысқақ Алматы облысының тумасы. 1957 жылы дүниеге келген. Қазақ политехникалық институты мен Қазақ ауыл шаруашылығы институтын аяқтаған. 2010 жылы экономика ғылымдарының докторы атанды. Әр жылдары түрлі бизнес құрылымдарда қызмет атқарды. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің проректоры, Алматы облыстық қаржы бөлімі басшысының орынбасары, «Қазпошта» филиалының директоры сынды қызметтерде болды. Алматы облысындағы Жамбыл ауданын басқарды. 2012 жылдан бері Енбекшіқазақ ауданының әкімі болды.

Алматы облысында 10 адамнан коронавирус табылды

Өткен тәулікте Алматы облысында 98 адамнан коронавирус табылды, оның 10-да симптомдары бар, деп хабарлайды Tinfo.kz.  Өңірде ауырғандар саны 730-ға жетті. 30 маусымдағы жағдай бойынша 705 адам жазылып шықты. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Ал Қазақстан бойынша өткен тәулікте 1604 адам коронавирус індетімен ауырғаны (симптомдары бар және симптомсыз) белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 110 Алматы қаласы - 113 Шымкент қаласы - 69 Ақмола облысы - 92 Ақтөбе облысы - 37 Алматы облысы - 98 Атырау облысы - 229 Шығыс Қазақстан облысы - 98 Жамбыл облысы - 48 Батыс Қазақстан облысы - 149 Қарағанды   облысы - 191 Қостанай облысы - 32 Қызылорда облысы - 45 Маңғыстау облысы - 71 Павлодар облысы - 89 Солтүстік Қазақстан облысы - 81 Түркістан облысы - 52 Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 41055.

Алматы облысында жігіт қызғаныштан бойжеткенді ұрлап, соққыға жықты

Алматы облысының Қарасай ауданында 21 жасар қызды жатын бөлмедегі терезеден ұрлап кеткен жігіт ұсталды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Қыздың әкесі түнгі сағат 01:00 шамасында Қарасай ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне хабарласып, арызданған. Ол белгісіз біреудің терезені бұзып, күш қолдану қатерін төндіре қызын белгісіз бағытта алып кеткенін жеткізген. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері "LEXUS 470" автокөлігін Қаскелең қаласынан тоқтатқан. Көлікте 21 жастағы бойжеткен және оны ұрлады деген күдікке ілінген Шалқар ауылының тұрғыны болған. Бойжеткеннің бұған дейін айырылысып кеткен жігітінің түнгі уақытта қысқыш арқылы шегелермен бекітілген терезені бұзып, үйге кіріп, дөңгелекті жөндеу үшін пайдаланылатын шиланың көмегімен бойжеткенді қорқытып, оны ұрлап кеткендігі анықталды. Күдіктіні тәртіп сақшылары ұстағанға дейін адам жоқ жерлерде бірнеше рет тоқтап, қызғаныш салдарынан, бойжеткенді қолымен және аяғымен соққыға жыққан»,- деп хабарлайды Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр. Күдікті азамат уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Одан алынған спиральді шило мен терезеден табылған қысқыштар іске зайғақзат ретінде тіркелді. Келтірілген дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Аталған дерек ҚР ҚК 125-бабы "Адам ұрлау" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Швейцариялық Альпіде «Абай оқулары» өтті

Қазақ халқының ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өту аясында Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі Цюрих университетінің академиялық орта өкілдері, Абай шығармашылығымен сүйсінетін швейцарлықтар, сол елде оқитын қазақстандық студенттер, қазақ диаспорасы мен елшілік достарының қатысуымен «Абай оқулары» атты open-air іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Іс-шара Люцерн маңында Альп және атақты Люцерн көлімен қоршалған ескі Мегган сарайы жанында өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты мұндай формат өте қолайлы және орынды болды, өйткені Абай өлеңдері академиялық қабырғаларға қарағанда табиғат аясында ерекше оқылады. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қазақстан Елшісі Әлібек Бақаев «орыстар үшін Толстой, ағылшындар үшін Шекспир, немістер үшін Гете қалай бағаланса, қазақ халқы үшін Абай да сондай құрметке ие. Егер әлем Абай туралы және оның қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесі туралы білсе, онда біз қазақ әдебиеті әлемдік классикалық әдебиетте өзінің маңызды орнын алды деп айта аламыз». Цюрих университетінің Антропология және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының жетекшісі, қазақ тілін меңгерген профессор Петер Финке Абай шығармашылығы қазақ әдебиеті мен тарихы үшін аса құнды екенін атап өтті. Ұлы ақынның шығармашылығымен таныс іс-шара қонақтары Абай шығармаларын қазақ, француз және неміс тілдерінде оқыды. Ұлы қазақ ақынын еске алуға арналған «Абай оқулары» өте жылы және достық атмосферада өтіп, қазақ әдебиетін насихаттап, барлық қатысушыларға жағымды естеліктер қалдырды.

Алматы облысында өткен тәулікте 19 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте Алматы облысында коронавирус инфекциясына қатысты 19 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Tinfo.kz. Өсім 2,7% құрады. Бүгінгі таңда өңірде ауырғандар саны 720-ға жетті. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қазақстанда өткен тәулікте 492 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,3% құрады. Аймақтар бойынша: Алматы қаласы - 59 (1,6%) Нұр Сұлтан қаласы - 57 (1,5%) Шығыс Қазақстан облысы - 51 (6,9%) Қарағанды   облысы - 49 (2,2%) Шымкент қаласы - 38 (2,4%) Ақтөбе облысы - 34 (4,1%) Батыс Қазақстан облысы - 31 (2,2%) Павлодар облысы - 31 (4,4%) Қостанай облысы - 27 (5,7%) Атырау облысы - 23 (1,4%) Солтүстік Қазақстан облысы - 22 (5,8%) Алматы облысы - 19 (2,7%) Түркістан облысы - 14 (1,7%) Қызылорда облысы - 11 (1,7%) Ақмола облысы - 10 (2,1%) Жамбыл облысы - 10 (1,5%) Маңғыстау облысы - 6 (1,3%)75 адам емделіп шықты. 10 адам қайтыс болды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 21819, емделіп шыққандар - 13008, кайтыс болғандар - 188.

Тоқаев әкімдер мен министрлер жұмысына шағымын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер мен министрлерге халықпен байланыс орнатудың маңыздылығын ескертті, деп хабарлайды Tinfo.kz.   Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды. Олардың арыз-шағымдарына дер кезінде жауап бермейді. Сондықтан тұрғындардың көпшілігі қайда барарын білмей, торығуда», - деді президент. Мемлекет басшысының сөзінше, соңғы кезде мемлекеттік органдар коронавирус індетіне қарсы шараларды босаңсытып жіберді. «Коронавирус бойынша үш ай бұрын арнайы құрылған Республикалық коммуникациялық орталық қазіргі уақытта іс жүзінде жұмыс істемейді. Осыған сәйкес, бүгінде бірыңғай нақты ақпараттар дерегі жоқ. Індетке қарсы күресте жауапты шенеуніктер теріс ақпарат беріп, халықты одан әрі адастырады. Ең жаманы осы», - деп атап өтті Тоқаев.

Тоқаев әкімдерге сөгіс жариялады

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Tinfo.kz.  Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды. Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжановқа сөгіс жариялады. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиевке ескерту жасады. Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті. Аталған мәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты екенін айтты», - деп жазды Уәли.

Тоқаев коронавирусқа қатысты ақпараттық жұмысты сынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қатысты жүргізілген ақпараттық жұмыстарға көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды Tinfo.kz.  Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды. «www.coronavirus2020.kz сайтына қырық мыңға жуық сұрақ келіп түсті. Қазіргі таңда оның үштен біріне ғана жауап берілді. Мұндай қарым-қатынастың нәтижесінде теріс әрі жалған ақпараттар өршіп тұр. Бұл біздің жұмысымызды одан сайын қиындатуда. Ақпараттық жұмыстарға қатысты тәсілді түбегейлі өзгерту керек. Телеарналардан, тікелей эфир арқылы дәрігерлерден кеңес алып, сұрақтарына жауап алатын күнделікті бағдарламаларды ұйымдастыруға неге болмайды? Азаматтарға емдеудің протоколын, алгоритмін жеткізу керек. Дәрі-дәрмектер, оны пайдалану жөнінде түсініктеме беру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({});