Войти через

  • 10:27:36
  • -10°C

Четверг, 03 декабря

 

Жаңалықтар

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық төмендеген

IMD-2020 жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижесі бойынша Қазақстан екі орынға көтеріліп 27 орын алды, деп хабарлайды Tinfo.kz.  Сауалнама негізінде қалыптасатын және кәсіпкерлердің жемқорлықты қабылдауын көрсететін парақорлық пен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл индикаторы бойынша Қазақстан екінші жыл қатарынан өз орнын жақсартып келеді. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Биыл бағалауға қатысқан 63 мемлекеттің арасында еліміз 29-дан 27-ге, яғни 2 орынға көтеріліп, 10 баллдың 5,01 баллын алып, орташа әлемдік көрсеткіштен (4,80) асты. Қазақстан бұл талап бойынша Польшадан (28 орын), Израильден (30), Оңтүстік Кореядан (31), Литвадан (32), Қытайдан (33), Испаниядан (39), Чехиядан (44), Ресейден (51) және т.б. жоғары орналасқан. Жалпы, бизнес жүргізудегі жемқорлықтың біртіндеп төмендеуін Бүкіләлемдік банктің «Enterprise Survey», Қазақстандағы Транспаренси Интернешнлдің «Сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне мониторингін» және  PRS «Елдік тәуекелдерді бағалауын» қоса алғанда басқа агенттіктер жүргізген зерттеулердің нәтижелері де айғақтайды. Рейтинг халықаралық менеджментті дамыту институтының (Institute for Management Development, Швейцария) әлемдік бәсекеге қабелеттілікті зерттеу орталығымен жарияланады.

Алматы облысында 20 адам коронавирус жұқтырды

Алматы облысында өткен тәулікте 20 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Өсім 2,9% құрады. Жалпы өңірде ауырғандар 701-ге жетті. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қазақстанда өткен тәулікте 547 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,6% құрады. 195 адам емделіп шықты және 12 адам қайтыс болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 72 (1,9%) Алматы қаласы - 54 (1,5%) Шымкент қаласы - 53 (3,4%) Ақмола облысы - 15 (3,3%) Ақтөбе облысы - 51 (6,6%) Алматы облысы - 20 (2,9%) Атырау облысы - 11 (0,7%) Шығыс Қазақстан облысы - 46 (6,6%) Жамбыл облысы - 13 (1,9%) Батыс Қазақстан облысы - 42 (3,0%) Қарағанды   облысы - 43 (2,0%) Қостанай облысы - 12 (2,6%) Қызылорда облысы - 19 (3,0%) Маңғыстау облысы - 6 (1,3%) Павлодар облысы - 35 (5,2%) Солтүстік Қазақстан облысы - 20 (5,6%) Түркістан облысы - 35 (4,4%) Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 21327, емделіп шыққандар - 12933, кайтыс болғандар - 178.

Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды

Бүгін, 26 маусым күні елордадағы «Қазмедиа орталығында»  Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының лауреаттары анықталды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Биыл алғаш рет белгілі журналист және қоғам қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығы тағайындалған болатын. Төрт номинация бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қабылдау 2020 жылдың 26 мамыры мен 15 маусымы аралығында өткен болатын. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Жігер» сыйлығының лауреаттары: Мерей Шохманова ("Хабар 24" ТК, "әлеуметтік тақырыптағы үздік ТВ сюжеті" аталымында), Азамат Қасым ("Egemen Qazaqstan" газеті, "әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала"), Ақжелең Рахатдинқызы ("Алматы" ТК, "әлеуметтік тақырыпта ең үздік жарияланым (әлеуметтік желіде), Ольга Бугаева, (АА "Pavlodarnews.kz", "әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет" аталымында).

Бейсен Құранбектің анасы дүние салды

73 жасқа қараған шағында Бейсен Құранбектің анасы Ямали қайтыс болды, деп хабарлайды Tinfo.kz.  Бұл туралы бейсенбі, 25 маусым күні белгілі журналист, «Жетісу» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің бас редакторы Есболат Айдабосын Fаcebook парақшасында жазды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Бүгін өмірге Бейсендей ұлды әкеліп, бірақ ененің қас-қабағына қарап, көңіліне кірбің түсірмейін деген оймен "балам" деп емірене алмай кеткен Ямалиға (Зияш) анамыз 73 жасында бақилыққа аттаныпты. Ертеңгі күн Бейсағаңның қырқына қамданып отырғанбыз. Сағат 12.00 ге құдайы тамақ берілетін де еді. Амал не, қайғы үстіне қайғы жамалды. Иманы жолдас болсын!», - деп жазды ол. «Хабар» телеарнасының Алматы облысындағы тілшісі Шыңғыс Қалиден де әлеуметтік желіде Құранбек әулетіне көңіл айтты. «Бейсен ағаның қырқына дайындалып жатқанда анасы қайтыс болыпты. Аға "Айтуға оңай" бағдарламасын жүргізу үшін таңмен таласа Талдықорғаннан Алматыға жолға шығатын еді. Сол кездерде анасы тапа нан беріп жіберетін еді. Бейсен аға оны ұжымға әкеп беретін. Жұп жұмсақ исі аңқып тұратын наннан талай ауыз тиіп едік. Иманды болсын. Құранбек әулетіне сабыр берсін», - деп жазды журналист. Еске салсақ, осы жылдың 18 мамырында 48 жасында ауыр дерттен белгілі журналист Бейсен Құранбек қайтыс болды. Ол 2014 жылдан бастап облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры болып қызмет атқарды. 2017 жылдан бері «Қазақстан» телеарнасында «Қарекет» бағдарламасын жүргізді.

Алматы облысында 15 адамнан короновирус анықталды

Өткен тәулікте Алматы облысында 15 адамнан короновирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Өсім 2,4% құрады. Өңірде ауырғандар саны 645-ке жетті. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қазақстанда өткен тәулікте 465 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,4% құрады. 338 адам емделіп шықты. Сондай-ақ 4 адам қайтыс болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 67 (1,9%) Шығыс Қазақстан облысы - 54 (9,7%) Қарағанды   облысы - 46 (2,3%) Батыс Қазақстан облысы - 38 (3,0%) Шымкент қаласы - 36 (2,5%) Қостанай облысы - 25 (6,3%) Павлодар облысы - 25 (4,4%) Атырау облысы - 24 (1,5%) Ақмола облысы - 23 (5,9%) Ақтөбе облысы - 23 (3,3%) Түркістан облысы - 20 (2,9%) Алматы қаласы - 19 (0,5%) Қызылорда облысы - 19 (3,2%) Алматы облысы - 15 (2,4%) Солтүстік Қазақстан облысы - 15 (5,2%) Жамбыл облысы - 10 (1,6%) Маңғыстау облысы - 6 (1,3%) Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 19750, емделіп шыққандар - 12220, кайтыс болғандар - 140.

Карантин «Қорғас» орталығының жұмысына қалай әсер етті?

2005 жылы құрылған «Қорғас» орталығы шекара маңында сауда дамуының алаңына айналды. Мемлекетаралық жобаның мақсаты трансұлттық компанияларды тарту, қазақстандық экспортты ілгерілету, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекары маңындағы сауда көлемін өсіру болды. Тұтастай алғанда, бірегей жоба бизнесті жүргізу, инвестицияларды тарту және туристерге қолайлы жағдай жасауға бағытталды. 2019 жылы компанияда айтарлықтай өзгерістер жасалды: акциялардың 100% пакеті мемлекеттен Алматы облысының коммуналдық меншігіне берілді. Акционерлік қоғамына Басқарушы компания (АЭА БК) мәртебесін беру –инвесторлар және арнайы экономикалық аймақ қатысушыларымен заңнамамен қарастырылған жеңілдіктерді ұсыну арқылы жаңа шарттарда келісімшарттар жасауға мүмкіндік берді. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Алайда 2020 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қызметін сынға алып, орталықтың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін және 2025 жылға дейінгі сауда саясатының нақты бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Осы жылдың ақпан айында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына жаңа төраға тағайындалды. Бұл қызметке осыған дейін Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы басшылығында болған Дінмұхамед Әбсаттаров келді. Бірегей «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қызметін дұрыс арнаға салуда қандай жұмыстар атқарылғаны жайында материалда баяндаймыз. Бірінші кезекте ситуативті талдау жүргізілді, соның нәтижесінде шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының мықты және осал тұстарын белгіленді. Талдау нәтижесінде орталық дамуының негізгі бағыттарын анықталып, инвестицияларды тарту және туризмді дамытуға басымдық берілді. Осы тармақтар арнайы экономикалық аймақтың даму стратегиясына мұрындық болды. Атқарылған шара қызметтер мен тауарлар экспорты дамуына мультипликативті әсер бермек.  Екінші бағыт – басқарушы компанияның клиентке бағдарланған компания ретінде қалыптасуына, үшінші – инженерлік инфрақұрылымның дамуына назар аударылды. Арнайы экономикалық аймақтың логистикалық мүмкіндіктері – оның Алтынкөл станциясы жанында және ҚХР мен Оңтүстік-Шығыс Азияны – Орта Азия, Каспий теңізі және Еуропа елдерімен байланыстырып тұрған еуразиялық трансконтинентальді көпір іспетті болған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль магистралі маңында орналасқанын ескерсек, бұл өте жақсы артықшылықтар. Мемлекет басшысы жыл басында орталық жұмысына қатысты сын айтып, тиісті тапсырмалар берді.  «Қорғас» ШЫХО жобасын іске асыруда қазақстандық тараппен салыстырғанда бастапқы жағдай қытай тарапынан айтарлықтай тиімді болғанын атап өткен жөн. «Қорғас» орталығының Қытай бөлігі инженерлік және көлік инфрақұрылымы сол кездегі 90 мың тұрғыны бар Қорғас қаласының бұрыннан бар инфрақұрылымының негізінде құрылған. Қазақстан бөлігінің инфрақұрылымы болса түбегейлі «таза парактан» салынды. Қорғас орталығын толық немесе ішанара қамтамасыз ете алатындай жақын маңда инженерлік инфрақұрылымның көздері мен ірі объектілердің болмауына байланысты қуаттылығы 120 МВт жылу қазандығы, электр қосалқы станциясы, су жинау нысандары мен кәріз тазалау нысандары салынып, сыртқы және ішкі кіреберіс жолдары жүргізілді.  Бұдан бөлек, «Қорғас» орталығының батыс жағында ағып жатқан селге қауіпті Қорғас өзенінің жақын орналасуына байланысты өңірдің төтенше жағдай департаменті орталықтың бүкіл аумағы бойы селден сақтау және жағалауды нығайту бойынша жұмысты жүргізіп жатыр. Пандемия факторы да кері әсерін тигізбей қоймады. Пандемия салдарынан арнайы экономикалық аймақ бес айдан астам уақыт жұмыс істемеді, осындай жайт кірісті тоқтатып, сәйкесінше даму қарқынына кедергі келтірді.  Алайда, қаржыландырудың болмауына қарамастан, инфрақұрылым объектілерін күту бойынша жұмыс жалғастырылды,  жекелеген жаңарту жұмыстары қолға алынды. Жоғарыда айтылғандай, ситуативтік талдау және технологиялық аудит жүргізілді. Нәтижесінде қазіргі таңда «Арнайы экономикалық аймақ аумағын цифрландыру» жүргізіліп жатыр. Бұл ауқымды шара барлық бизнес-процестерді оңтайландырып, инвесторлар, туристер, сондай-ақ АЭА қызметін қаматамасыз ететін органдарға оң әсер етпек.  Біріншіден, қолайлылық пен бастапқы қызметтер мен ақпаратты алу үшін «Қорғас» ШЫХО сайты жаңартылды, жуық арада онлайн консультациялар алу үшін call-орталық іске қосылады. Компанияның бүкіл құжат айналымы оңтайландырылып, электронды форматқа ауыстырылды. «Қорғас» орталығы қызметінде кіру және шығу кезінде бақылау-өткізу пунктінен өту процесінде орын алған проблемалар айтарлықтай кедергі болғаны баршаға мәлім. Осы мәселелерді алып тастау үшін өткізудің автоматтандырылған жүйелерін орналастыру, сондай-ақ жеке тұлғадан багажды бөлу жолға қойылуда, мұның бәрі өткізу пунктінен өту уақытын қысқартады. Билеттер бойынша өткізу режимі процесінің өзі келушілердің көңілінен шығады: егер осыған дейін сатып алу үшін жеке куәліктің болуы сұралып, ал кіру-шығу билеттің штрих-коды арқылы жүзеге асырылған болса, енді билеттің өзін ресми сайттар арқылы онлайн сатып алуға болады, сонымен қатар басқа да алаңдар қаралуда. Сондай-ақ, енді келушілер багажды қолмен алып жүрмейтін болады, жүкті багаж қабылдау пунктіне өткізсе болғаны. Билет құнына 25 келіге дейінгі багажды алып жүру енгізілген.  Орталық ғимараты жөндеуден өтіп, орталыққа қарасты аумақ абаттандырылды: еденнің беткі қабаты ауыстырылды, шыны жақтаулардағы торлар алынып тасталды, орталық аумағындағы қоршаулар ауыстырылды, ғимараттың ішінде ауа кондициялау жүйесі жаңартылды.  Енді орталыққа келушілерге паспортттық және кедендік бақылауды жалпыға белгіленген режимде өтуге немесе қолайлы жағдай қарастырылған бизнес-терминал арқылы өту бойынша таңдау беріледі. Бизнес-терминалды іске қосу бойынша дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Айта кетелік, «Қорғас» ШЫХО ақылы қызмет көрсету, инфрақұрылым объектілерін, жер телімдерін, ғимараттар мен нысандарды мүліктік жалға беру және қосалқы жалгерліктен кіріске, және жарғылық капиталды толықтыруға аударылған қаражат есебінен қаржыландырылады.

Алматы облысы: 10 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте Алматы облысында 10 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Өсім 1,6% құрады. Өңірде ауырғандардың жалпы саны 630. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қазақстан бойынша өткен тәулікте 520 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,8% құрады. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 62 (1,8%) Алматы қаласы - 60 (1,7%) Шығыс Қазақстан облысы - 48 (9,5%) Батыс Қазақстан облысы - 46 (3,8%) Шымкент қаласы - 42 (3,0%) Қарағанды   облысы - 41 (2,1%) Түркістан облысы - 41 (6,3%) Павлодар облысы - 33 (6,2%) Қостанай облысы - 26 (7,0%) Ақмола облысы - 23 (6,3%) Ақтөбе облысы - 22 (3,3%) Атырау облысы - 20 (1,3%) Солтүстік Қазақстан облысы - 16 (5,9%) Қызылорда облысы - 12 (2,1%) Жамбыл облысы - 11 (1,8%) Алматы облысы - 10 (1,6%) Маңғыстау облысы - 7 (1,6%) 368 адам емделіп шықты. 2 адам қайтыс болды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 19285, емделіп шыққандар - 11882, кайтыс болғандар - 136.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына пошта маркасы шықты

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пен «Қазпошта» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркаларын сатылымға шығару рәсімін өткізді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тақырыптық марка шығарған алғашқы құқық қорғау органы. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Марка дизайнына құқық қорғау органының коммуникативті логотипі негізге алынған. Маркада Агенттіктің «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» құндылықтары жазылған. Бұл құндылықтар логотипте қолданылған түстерде де берілген: аспан түстес – әділдікті, кемелдікке, жаңаруға ұмтылуды; көк түс – сенім мен қауіпсіздікті бейнелейді. Пошта маркасына естелік белгі соғу салтанаты Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев пен «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы Сакен Сарсеновтің қатысуымен өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы өз сөзінде шараның маңыздылығын атап өтті. «Жемқорлықпен күрес өзгеріске ұшырады. Бұрынғы қорқынышты, жазалау шараларына берілген басымдық енді құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оның мүмкіндіктерін жоюға ауысты. Cондықтан, Агенттік қылмыстық-құқықтық шаралармен қоса, жемқорлықты қабылдамау идеясын насихаттауға, ақпараттандыруға, сонымен қатар азаматтық қоғамды кеңінен жұмылдыруға күш салуда. Марканы шығару – осы жолдағы қадамның бірі», - деді Алик Шпекбаев. Ұлттық пошта операторының басшысы Сакен Сарсенов: «Марка шығару - Қазақстан аумағында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу идеясын таратуға және сыбайлас жемқорлыққа көріністеріне жол бермеу туралы Елбасы мен Мемлекет Басшысының ұстанымын сақтауға мүмкіндік беретін құрметті әрі ұмытылмас оқиға болады деп үміттенеміз», - деп атап өтті. Марка 2020 жылдың 24 маусымынан бастап айналымға енеді. Бағасы – 200 теңге. Таралымы – 10 000 дана. Марканы «Мемлекет саясаты» сериясымен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шығарды. Автор және графикалық дизайнер Д.Со, техникалық дизайн І.Оңғарбай.

Абай атындағы бес мектепте ақынның бюсті орнатылады

Алматы облысында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай кешенді шаралар жүргізіліп келеді. Биыл облыс бойынша ұлы ақын атындағы бес мектепте бюст ескерткіштер орнату жоспарланған, деп хабарлайды Tinfo.kz.   Өңірдегі «Рухани жаңғыру» орталығының ақпаратынша, мерейтой аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы іске асырылып, «Қазақ халқының даңқты батырлары», «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында байқау, «Ұлы даланың Ұлы тұлғасы – Абай», «Ұлы ойшыл ғұлама» тақырыптарында көрмелер және «Шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыбында тарихи танымдық сағат ұйымдастырылса, «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобасы аясында «Экрандық бейнелер» тақырыбында байқау өткізілген.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Ал «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы аясында Райымбек ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ұлы Жібек жолындағы Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі, «Түркі әлемінің алтын бесігі» тақырыбында оқыту семинары өтті.  «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы аясында «Сүйінбай айтыс өнерінің алтын діңгегі» тақырыбында оқырмандар байқауы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай сарыны» атты концерт, «Дәстүрлі ән – ұлттық қазына» тақырыбында шеберлік сағат ұйымдастырылды. Бұл шараларда Абай сияқты қазақ классиктерінің шығармашылығы және оның қазіргі заманмен үндестігі мен сабақтастығы кеңінен талқыланды. Ағымдағы жылы Бикен Римова атындағы облыстық драма театрында облыс тұрғындарының назарына режиссер Асанәлі Әшімовтың «Абай» спектаклін ұсынып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Мерейтой қарсаңында облыс орталығы Талдықорған қаласында осы жылдың соңына дейін Абай Құнанбаевтың монументалды ескерткішін орнатылады. Аталмыш ескерткіш ақынның рухына тағзым және қаланың тағы бір "визит картасына" айналады. Сонымен бірге Еңбекшіқазақ ауданында Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат мекемесін ашу жоспарланып отыр.

Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 620-ға жетті

Алматы облысында өткен тәулікте 23 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Өсім 3,9% құрады. Өңірде ауырғандардың жалпы саны 620-ға жетті. Қазақстанда өткен тәулікте 534 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,9% құрады. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 77 (2,3%) Атырау облысы - 65 (4,4%) Шығыс Қазақстан облысы - 47 (10,2%) Шымкент қаласы - 47 (3,5%) Қарағанды облысы - 43 (2,2%) Алматы қаласы - 41 (1,2%) Батыс Қазақстан облысы - 35 (3,0%) Түркістан облысы - 34 (5,5%) Солтүстік Қазақстан облысы - 25 (10,2%) Алматы облысы - 23 (3,9%) Ақмола облысы - 19 (5,4%) Ақтөбе облысы - 18 (2,8%) Павлодар облысы - 14 (2,7%) Маңғыстау облысы - 13 (3,0%) Қызылорда облысы - 12 (2,1%) Қостанай облысы - 11 (3,1%) Жамбыл облысы - 10 (1,6%) 356 адам емделіп шықты. 7 адам қайтыс болды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 18765, емделіп шыққандар - 11514, кайтыс болғандар - 134.  

Парижде Абай мерейтойының халықаралық тұсаукесері өтеді

Қазан айында Париждегі ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде Абай мерейтойының халықаралық тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Tinfo.kz. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ОКҚ алаңы арқылы онлайн режимде халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Министр сөзінде Абай шығармашылығын насихаттау мақсатында елде және шетелде оның еңбектері әлемнің 8 шет тіліне аударылып, басылып шығарылатынын атап өтті. «Прагада Абайдың мәдени-ақпараттық орталығы ашылды. Братислава, Будапешт, Берлин қалаларында «Абай оқулары», көрмелер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты құрылды. Мерейтойдың негізгі шараларын қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысында өткізу жоспарланып отыр. Қазан айында Париждегі ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде Абай мерейтойының халықаралық тұсаукесері өтеді», - деді Ақтоты Райымқұлова. Сонымен бірге ведомство басшысы Абайдың 175 жылдығын атап өтуде ысырапшылдыққа жол берілмейтінін айтты. «Осы жылы біз халқымыздың көрнекті ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының мерейтойын атап өтудеміз. Абай философиясы біздің мәдени және ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды. 21 қаңтарда «Астана Опера» театрында Ұлы Абайдың мерейтойын ресми түрде ашу рәсімі өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында ең басты мақсат – той тойлау емес, ой толғау, ой өрісімізді кеңейту екеніне зор мән беріп отырғанын білесіздер. Бекітілген жалпы республикалық жоспардың барлық іс-шаралары идеологиялық және ағартушылық жүктемені көтереді», - деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ алаңы арқылы онлайн режимде халық алдында есеп беру кездесуінде. Министр Мемлекет басшысы атап өткендей, мерейтойдың күн тәртібі тұжырымдамалық тұрғыдан елде және шетелде Абай тұлғасының жаһандық ауқымын кеңінен танымал етуге арналған идеологиялық-мазмұнды және сапалы іс-шараларды өткізуге негізделетінін айтып өтті. «Бұл ретте биыл атап өтілетін маңызды іс-шаралар барысында ысырапшылдық пен науқаншылдыққа жол берілмейтіндігіне баса назар аударғым келеді. Бүгінгі күні Абайдың мұражай-үйінде, Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілуде. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығын толыққанды ғылыми-зерттеу орталығы етіп қайта құру тұжырымдамасы әзірленді. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысындағы 18 нысанда жұмыстар жүргізілуде», - деді ол.

Алматы облысында 14 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте Алматы облысында 14 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Tinfo.kz.  Өсім 2,4% құрады. Жалпы өңірде коронавируспен ауырғандар саны 597-ге жетті. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Ал Қазақстан бойынша өткен тәулікте 499 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,8% құрады. Аймақтар бойынша: Шымкент қаласы - 61 (4,7%) Нұр-Сұлтан қаласы - 59 (1,8%) Қарағанды облысы - 53 (2,8%) Алматы қаласы - 39 (1,2%) Атырау облысы - 35 (2,4%) Қостанай облысы - 33 (10,2%) Шығыс Қазақстан облысы - 31 (7,2%) Батыс Қазақстан облысы - 29 (2,5%) Ақтөбе облысы - 25 (4,0%) Түркістан облысы - 22 (3,7%) Солтүстік Қазақстан облысы - 21 (9,3%) Ақмола облысы - 21 (6,4%) Павлодар облысы - 21 (4,2%) Қызылорда облысы - 17 (3,1%) Жамбыл облысы -16 (2,7%) Алматы облысы - 14 (2,4%) Маңғыстау облысы - 2 (0,5%) Өткен тәулікте 261 адам емделіп шықты. 7 адам қайтыс болды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 18231, емделіп шыққандар - 11158, кайтыс болғандар - 127.

Талғар ауданындағы мектептер 10 автобуспен толықты

Бүгін Талғар ауданындағы сегіз мектепке оқушы тасымалдау үшін 10 жаңа автобус берілді. Жаңа көліктердің кілтін мектеп директорлары мен ауыл әкімдеріне аудан басшысы Жолан Омаров табыстады, деп хабарлайды Tinfo.kz.   10 жаңа 21 орындық автобустарды сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 133 млн теңге бөлінген. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Өткен жылы аудан мектептерін аралап жүріп, ауылдағы балаларды тасымалдайтын автобустардың жағдайын көріп, жүрегімді ұстағаным бар. Сол кезде бұл мәселені тезірек қолға алу керектігін түсіндім. Бұл көліктер оқушылардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін және жақсы оқып, үлгілі оқушы болулары үшін беріліп отыр», - деген аудан басшысы, сондай-ақ ауыл әкімдеріне жаңа көліктерді талапқа сай ұстап, қарауға тапсырма берді. Сонымен бірге, тасымалдау қажеттілігін толық шешу үшін, алдағы уақытта 3 мектептің саяжайдан 809 оқушысын тасымалдайтын және Талғар қаласына МТФ-дан 45 оқушы тасымалдайтын автобустар сатып алу жоспарда бар. Айта кетсек, ауданда  жалпы  білім  беретін 42 орта мектеп жұмыс жасайды.  Оның ішінде 14 мектепке 25  мектебі жоқ елді мекендерден 2526 оқушы тасымалданып оқытылады.

Амандық Баталов коронавирус жұқтырды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқшауланды. Соңғы зертханалық сынама облыс басшысының бойында COVID-19 белгілерін анықтады, деп хабарлайды Tinfo.kz. Баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, ауру белгісіз (симптомсыз) өтуде. Осы уақыт аралығында облыс әкімі оқшауланып ем қабылдап, жұмысын жалғастырады. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({});

Алматы облысында 10 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам анықталды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Өсім 1,7% құрады. Өңірде ауырғандардың жалпы саны 583. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қазақстанда өткен тәулікте 507 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,9% құрады. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 103 (3,2%) Қарағанды   облысы - 58 (3,2%) Атырау облысы - 38 (2,7%) Шығыс Қазақстан облысы - 34 (8,6%) Қостанай облысы - 33 (11,3%) Батыс Қазақстан облысы - 32 (2,8%) Алматы қаласы - 32 (1,0%) Павлодар облысы - 31 (6,6%) Солтүстік Қазақстан облысы - 27 (13,6%) Ақмола облысы - 22 (7,2%) Шымкент қаласы - 19 (1,5%) Түркістан облысы - 19 (3,3) Ақтөбе облысы - 18 (3,0%) Маңғыстау облысы - 15 (3,6%) Алматы облысы - 10 (1,7%) Жамбыл облысы - 9 (1,5%) Қызылорда облысы - 7 (1,3%) 226 адам емделіп шықты. 2 адам қайтыс болды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 17732, емделіп шыққандар - 10897, кайтыс болғандар - 120.

Абайтану саласында жаңа еңбектер жарық көрді

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Абай академиясы» сериясын таныстырды. Жоба аясында елордада ғалым, алаштанушы Тұрсын Жұртбай мен профессор әрі депутат Нұрлан Дулатбековтің кітаптарының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Tinfo.kz. Белгілі абайтанушы ғалым Тұрсын Жұртбайдың «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының арнайы жобасымен шығарылған «Білмей мұны жазған жоқ» еңбегі Абай өлеңдері мәтіндеріндегі айырмашылықтарды қолжазбалар негізінде салыстыру арқылы талдап, салмақты қорытынды шығаруымен маңызды. Еңбек екі үлкен бөлімнен түзілген. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Абай өлеңдерінің түпнұсқасы, дәлдігі абайтанудың әлі шешімін таппай келе жатқан күрделі мәселесі екені белгілі. Авторлық қолжазба нұсқасы сақталмағандықтан бірнеше нұсқалы көшірмелер арқылы қағазға түскен өлең мәтіндері нақтылауды қажет етеді. Т.Жұртбай еңбегінде Шығыс Түркістан аймағындағы Зият Шәкерімұлы қолындағы Абайдың 1909 жылғы жинағы, Шәкерімнің қолжазба дәптерімен салыстырылып көшірілген Шериаздан Марсековтың нұсқасы, сондай-ақ бізге беймәлім Хаткер-кәтіптің 1909 жылғы кітаптан көшірген қолжазбалары негізге алынып, салыстырмалы талдаулар жасалған. Сонымен бірге Тұрсын Жұртбайдың «Кешегі өткен би Құнанбай» еңбегі қазақ тарихындағы ірі тұлғалардың бірі, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлының шынайы бейнесін тарихи шындық тұрғысынан танытуға бағытталған. Автор әуелі көркем бейне ретіндегі Құнанбайға таңылған әрекет пен тағылған айыптауларға назар аударып, бұлай болуының себептерін талдап көрсетеді. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы – Құнанбай мен Абай – әке мен бала – бір-біріне мүлде кереғар қалыпта көрінеді. Ескі мен жаңаның бітіспес тартысы да осы екі тұлғаның бойына жинақталады. Құнанбайдың күрделі болмысын қайшылықты сипатта таныта отырып, оны қатыгез билеуші, ескінің қалт етпейтін сақ қорғаушысы етіп бейнелеу сол кездегі идеологияның қатаң талабынан туындаған. Автор осы мәселерге ерекше назар аударып, өмірдегі Құнанбайдың шынайы болмысын, бір бойында ірілік, қайраткерлік, қаталдық тоғысқан дала шонжарының ерекше қасиетін ашып көрсетуді мақсат етеді. Ал ҚР ҰҒА коореспондент-мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековтің «Құнанбай ісі» атты дерекнамалық зерттеу еңбегі Құнанбай Өскенбайұлының өмірбаянына қатысты барынша бай дерек көздері – архив құжаттары. Солардың ішінде Омбы облыстық тарихи архивінде сақталған құжаттардың маңызы зор. Құнанбай Өскенбайұлының өмірі мен қызметіндегі ең бір күрделі кезең – оның үстінен іс қозғалып, ұзақ уақыт тергеуде болатыны, соның зардабынан Омбы қаласына дейін шақырылып, мырзақамақта отыратыны, ықтиярсыз тергеуде астында жүретіні. «Құнанбай Өскенбаев ісі» осы кезеңдегі оқиғаларды суреттейді. Жинақта Қ.Өскенбаев пен оның інісі Майбасардың қылмыстық ісіне қатысты мән-жайларды анықтап беретін тарихи деректер бірізге түсіріліп, жүйеленіп берілген.

28 млн теңге қарызы бар Талдықорған тұрғынының көлігі тәркіленді

Талдықорған қаласында 28 млн 568 мың теңге салық және әкімшілік айыппұлдары бойынша берешегі бар азамат ұсталды. Құқық бұзушының «Газель» автокөлігі тәркіленді, деп хабарлайды Tinfo.kz.   Осылайша атқарушылық құжаттарды уақтылы орындамағаны үшін тұрғынның автомашинасы мемлекеттік кірістер органдарының мамандандырылған тұрағына орналастырылды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарғандар азамат «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында анықталды. Шара аясында полиция қызметкерлері жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, мемлекеттік кірістер органдарының және Әділет департаментінің өкілдерімен бірлесіп айыппұлдарды, салық міндеттемелерін, алименттерді және басқа да төлемдерді төлеуден жалтаратын жүргізушілерді анықтап келеді. Жедел алдын алу шарасының бірінші күнінің жұмысы нәтижесі бойынша борышкерлерден жалпы сомасы 8 млн 861 мың теңгеге 680 айыппұл өндіріліп алынды. Сонымен бірге 13 автокөлік мамандандырылған тұрақтарға орналастырылды. Фото: Алматы облысының ПД баспасөз қызметі

19 маусымнан бастап Алматы облысында ХҚО жұмыс кестесі өзгерді

Бүгіннен бастап Алматы облысының  Халыққа қызмет көрсету орталықтары  жұмыс кестесін уақытша өзгертті, деп хабарлайды Tinfo.kz.   Алматы  облысының Бас мемлекеттік санитариялық  дәрігерінің  19 маусымдағы қаулысына сәйкес, облыстағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды күнделікті сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайтын болады. Осыған байланысты  Халыққа қызмет көрсету  бөлімдерінен  қызмет алу үшін кезекті сағат 16:30-ға дейін брондау қажет. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({});

Амандық Баталов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды передает Tinfo.kz. Құттықтау Facebook жеке парақшасында жарияланды. «Құрметті медицина қызметкерлері! Биылғы жылы кәсіби мерекелеріңізді күрделі кезеңде қарсы алып отырсыздар. Дегенмен әлемге таралған індет жағдайында сіздер кәсіби дайындықтарыңызды, іскерлік шеберліктеріңізді, жанкешті еңбектеріңізді, көмек көрсетуге деген құлшыныстарыңызды айқын көрсете білдіңіздер. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Халықтың саулығы – мемлекеттің байлығы, дамудың негізгі тірегі. Бұл орайда адамның денсаулығын нығайту мен өмірін сақтау жолында сіңірген еңбектеріңіз зор. Сіздердің күрделі де жауапты, ізгі еңбектеріңізге ризашылық білдіру, құрмет көрсету, қолдау – міндетіміз. Біздің ортақ салиқалы шешімдеріміз бен қабылдаған шараларымыз туындаған қиындықтарды қажырлықпен еңсеруге мүмкіндік береді. Кәсіби мерекелеріңізбен сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық пен төзімділік, игілік пен береке тілеймін!», - деп жазды өңір басшысы.

Жетісулықтар Елбасыға жылы лебіздерін жеткізді

«Кайнар-АКБ»ЖШС-нің ұжымы Нұрсұлтан Әбішұлына жылы лебіздерін жеткізді. Тілек білдіруші ұжымның қатарында «Кайнар-АКБ»ЖШС-нің бақылау кеңесінің төрағасы Ажмағанбетов Қуаныш Мәдиұлыда бар. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Ол өз кезегінде «Жер әлемге сынақ келді десек артық айтқандық емес шығар. Дерт бір мезетте бірнеше адамды құрығына байлады. Олар біреудің баласы, бірінің бауыры, енді біреуі отбасының тірегі. Ел арасында осылай қамығып жүргенде бүгін Тұңғыш Президет коронавирус инфекциясын жұқтырды деген хабар тарады. Қиын әрине. Бірақ біз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерік-жігеріне, қажыр-қайратының мықтылығына сенеміз. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің тез сауығып кетуіңізге шын жүректен тілектеспіз. Жетісулықтар сізбен бірге!»,-деп ізгі ниетін білдірді.