Жаңалықтар

Войти через

  • 03:40:09
  • 12°C

Вторник, 15 июня

 

Жаңалықтар

Қандас (Оралман) мәртебесін қалай алуға болады?

Tinfo.kz “Азаматтарға арналған Үкіметпен” бірлесе қандас  (Оралман) мәртебесін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алу жолдары туралы сауалға жауап береді. Ол үшін: (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Алдымен ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз;Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз. Қандас (Оралман) мәртебесін алу үшін: Еркін түрде жазылған өмірбаян;Отбасы мүшелерінің әрқайсысының  3х4 көлеміндегі екі суреті;Мәртебені алушы барлық отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі. Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса: Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхат және өтініш беріледі. Мәртебе мерзімі:  Мәртебе 1 жылға жарамды. Бұл мерзім бітерде ҚР азаматтығын алу үшін өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады. Мәртебені ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң, қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз.   Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде:Мәртебені алу – 15 жұмыс күні;Мәртебені ұзарту – 5 жұмыс күні. Ескерту!Сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтер тексерілгеннен кейін, өтініш берушіге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ ХҚО операторынан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты алуды ұмытпаңыз.

Еңбекшіқазақ ауданында азаматтық қоғам өкілдерімен жиын өтті

«Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Қазақстанның әлеуметтік жаңаруындағы ҮЕҰ рөлі» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Tinfo.kz. Жиын барысында еліміздің дамуы жолында азаматтық қоғам институттарын құрудың маңыздылығы жайлы айтылды.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); “Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар қоғамның кез келген мәселесін шешетін билік пен халық арасындағы байланыс көпіріне айналды. Сонымен қатар қоғамда ынтымақ пен ауызбіршіліктің болуына үлесін қосып келеді. Ел Президенті өз жолдауын азаматтық қоғамды дамыту, сол арқылы билік пен бұқара арасына алтын көпір қалыптастыруды қолға алу қажеттігін нығырлап айтып жүр. Шыны керек өазір үкіметтік емес ұйымдардың жұмысында қарқын бар. Олар өз қоғам алдындағы миссиясын жүйелі атқарып келеді”, - деді «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев. Жиын барысында қатысушылар жан-жақты пікір алмасты.

Талдықорғанда ірі монша кешені өртенді (ВИДЕО)

Талдықорған қаласында "Papillon" монша кешені өртенді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Tinfo.kz. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, өрт туралы хабарлама 23 қараша күні 21.36 келіп түскен. Монша кешенінің аумағында екі монша өртенген. Өрттің тез таралуына үлкен өрт жүктемесі және ғимараттың дизайн ерекшеліктері ықпал етті. Кешен ағаштардан салынған. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); “Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, сағат 23.03-те сөндірілді, өрттің аумағы 180 ш.м. құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД өрт сынақ өрт зертханасы жұмылдырылды”, - деп атап өтті департаментте. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-нің 45 қызметкері мен 11 техникасы, сондай-ақ қалалық қызметтерден "ТАЭТК", апаттық-газ қызметі, жедел медициналық көмек және полиция қызметкерлері жұмылдырылды.https://www.instagram.com/p/CH8ffMWH6tC/  

Кәсіпкердің жосықсыз қатысушы еместігі дәлелденді

Алматы облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аралуысымен жеке кәсіпкердің мемлекеттік сатып алу саласындағы құқығы қорғалды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Белгілі болғандай, Алматы облысының ветеринария басқармасының «Ветеринариялық пункттері бар Ақсу ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ЖК “Шынғыс” келісім-шарт бойынша өзіне алған міндеттемесін орындамағанын негізге ала отырып, сотқа берген.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Кәсіпорын келісім – шартта көрсетілген мерзім – 2020 жылдың 14 мамыр деп белгіленгенін, алайда өнім беруші міндеттемесін орындамағанын алға тартты. Сотта жауапкердің шарттық міндеттемелерді толық орындағаны,Тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы және іс-әрекетімен талап қоюшыға еш-бір жағымсыз салдар туындамағаны анықталды. Сот, Қазақстан Республикасы АПК-нің 117, 223, 224, 225, 226- баптарын басшылыққа ала отырып, кәсіпорынның жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қою арызын қанағаттандырусыз қалдырылсын. Осылайша ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімінің қолдауы арқасында Ақсу ауданының кәсіпкерін “қара тізімге” енбейтін болды.

Алтынай Жорабаева Түркиядан үш бөлмелі пәтер сатып алды (видео)

Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаева өнердегі әріптестерінен қалыспай, Түркия елінен баспаналы болды. Шоу-бизнес жұлдызының енді Алания қаласында пәтері бар деп жазады KAZ.NUR.KZ. Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында Түркиядан үйлі болғанын хабарлап, барша оқырмандарын алаңдатып қойды. Олар әншінің енді Қазақстаннан көшіп кететінін болжап, уайымға салынды. Алайда, өнер иесі қалың көпшілік дұрыс түсінбей, халық арасында жалған қауесеттер тарап кетпеу үшін басты сұраққа өзі жауап берген. Эстрада өкілі жариялаған жазбасында қоныс аудару мәселесіне қатысты тоқталып өтті. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); “Алла ұлық! Алла ұлық! Барлық мақтаулар мен мадақтар тек Аллаға ғана тән. Түркия елінен ,Алания қаласынан ,теңіздің жағасынан 7 жұлдызды KINGDOM PREMIUM Тұрғын үй кешенінен 2+1 ( 3 бөлмелі) пәтер сатып алдық. Үй Алла бұйыртса 2022 жылы желтоқсан айында салынып біткенше бөліп төлейміз. Әр қазаққа жұғысты болсын! Демалуға келіп тұрамыз Алла қаласа . Басқа уақытта жалға беріп, ақша табуға болады” , – деп жазды Жорабаева.  Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов та жақында Түркиядан пәтер сатып алған болатын.https://www.instagram.com/p/CH68jyGg_33/

Танымал айтыскер-ақын Алматы облысының Құрметті азаматы атанды

Елімізге танымал айтыскер-ақын Надежда Лушникова Алматы облысының Құрметті азаматы атанды. 22 қараша күні ақын 80 жасқа толды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Надежда Андрейқызының шаңырағына келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын тапсырды.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); «Құрметті Надежда Андреевна! Сізді мәртебелі мерейтойыңызбен құттықтаймын! Халқымыз өзіңізді айтыс өнерін дамытуға мол үлес қосып келе жатқан айтулы ақын, ұзақ жылдар бойы білім беру саласында қажырлы қызмет атқарған ұлағатты ұстаз ретінде жақсы біледі және құрметтейді. Елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау, достық пен сыйластық жағдайында бақытты өмір сүру, сол арқылы өркениетті мемлекет қалыптастыру бағытында жалынды жырларыңызбен жеткізген тілектеріңіз Қазақстанның әрбір азаматының жүрек төрінен орын алады деп есептеймін. Өнегелі өмір жолыңызда ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп келесіз. Ел жастарының бойына адами асыл қасиеттер мен отансүйгіштік рухын сіңіру туралы ізгі бастамаларыңыз әрдайым қолдау таба берсін. Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс және отбасыңызға амандық пен құт-береке тілеймін», - делінген хатта. Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли облыс басшысының құттықтауын тапсырды.  «Жас шағыңызда Сыр өңірінен басталған ізденіс жолы туған өлкеңіз Жетісу жерінде одан әрі толысып, сізді өмірдің де, өнердің де үлкен баспалдақтарына бастады. Тұтас өміріңіз қазақ өнерімен біте қайнасты. Жастайыңыздан ойы ұшқыр, жүрегі жалын, сөз құдіретін өз құдіретім деп білетін ерек қасиетіңізбен дараландыңыз. Айтыстың хас дүлдүлдері Сүйінбай, Жамбыл, Үмбетәлі бабалардың салған сара жолын жалғап, сөз өнерінің туын көтердіңіз. Журналистика, мәдениет салаларында атқарған еңбегіңіз бір төбе. Елжанды пейіліңіз, дархан ниетіңіз, туған елдің тілі мен дәстүріне деген құрметіңіз сізді қазақ үшін тілегі бір, жүрегі бір асыл адамға, аяулы келінге, абзал анаға, ардақты ақынға айналдырды. Өзіңіздей ақылы кенен, парасаты терең аңыз адамның бүгінде арамызда жүргені, Жетісу өлкесінің азаматы болғаны – біз үшін зор мәртебе. Сіздің мағыналы да байсалды өмір тәжірибеңіз – кейінгі буын өкілдеріне, тәуелсіз еліміздің жастарына өнеге боларлық тағылымды жол. Ұлағатты ұрпақтарыңызбен мың жасаңыз. Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыңызға құт-береке тілеймін! Тойыңыз тойға ұлассын!», - делінген құттық хатта. Ақын, сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловадан, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан да алғыс хаттар алды. Аудан әкімі Бағдат Әлиев ақынға барша Жамбыл ауданы тұрғындарының  ыстық сәлемін жеткізіп,  сый-сияпат жасады. Еске салсақ, Надежда Лушникова 1940 жылы 22 қарашада Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында туған. Қазақ мектебінде білім алған. 1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты филология факультетінің қазақ бөлімін бітірді. Жастайынан  өлеңді жазып та, суырып та шығарады. Алғаш1963 жылы Қызылордадағы облыстық айтысқа қатысып, жүлдегер болды. Шымкенттік Қалдыбек Әліқұловпен айтысы киноға түсірілді. 1965-1979 жылдар алалығында аудандық, облыстық айтыстарға қатысып әріптестерін жеңді. Тек айтыс өнерінде ғана емес,  газетте әдеби қызметкер, баспа редакторы, мектепте мұғалім болды. 1985 жылдан бастап Үмбетәлі Кәрібаев мұражайының директоры қызметін атқарып, зейнетке шықты.  Бүгінде Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Алматы облысының, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.

Райымбек ауданында жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Алматы облысының әкімдігі халыққа қолайлы жағдай жасау  мақсатында Райымбек ауданының орталығы Нарынқолда толыққанды ХҚО ашты, деп хабарлайды Tinfo.kz. Бұған дейін Райымбек ауданындағы мемлекеттік қызмет көрсету секторының мамандары 395 шаршы метрді құрайтын жалдамалы нысанда жұмыс істеген еді. Енді олар қажетті деңгейде жабдықталған, аумағы 1087 шаршы метр зәулім ғимаратта қызмет көрсететін болады. «Бұл жерде қызмет алушылар үшін барлық жағдай жасалып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустар мен шақырту түймелері қарастырылған. Халықтың игілігі үшін осындай су жаңа ғимарат салуға мұрындық болған Алматы облысының әкімдігіне ризашылығымызды білдіреміз», - деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Алматы облыстық филиалының директоры Ермек Бекжүнісов.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Ашылу салтанатына қатысқан Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, 40 мыңнан астам халқы бар аудан үшін заманға сай жасақталған Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу қажеттілігі бұрыннан туындаған. «2018 жылы облысымыздағы бір аудан Райымбек және Кеген аудандары болып екіге бөлінді. Нәтижесінде аудан орталығы мәртебесіне ие болған Нарынқол жаңа серпінмен дамып, гүлденіп келеді. Соның бір көрінісі – халық игілігіне арналған осындай жаңа орталықтың ашылуы», - деді ол. Жаңа техника және жиһаздармен жабдықталған орталықтың операциялық залында 12 маман қызмет етеді, ал дайын құжаттарды беру секторында 10 жұмыс орны бар. Зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеңілдік терезесі де ұйымдастырылған.                                                                                                     Сондай-ақ зәулім ғимаратта мемлекеттік корпорацияның фронт-офис мамандары ғана емес, жылжымайтын мүліктің техникалық сипаттамасы мен жер кадастрын, зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептейтін бэк-офис бөлімдері де орналастырылған. Орталық ауласында қызмет алушыларға арналған автотұрақ та бар.

Алматы облысында 351 мыңға тарта оқушы қашықтан білім алуда

Бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы Сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша партиялық куратор комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz. Комиссия жетекшісі Жамал Құлахметова жүргізген онлайн жиын «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы, Сайлауалды бағдарламасының 2020 – 2021 оқу жылында карантиндік шаралар жағдайында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын компьютерлік техникамен қамтамасыз ету жайын талқылады. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); “Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер,технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту”, - деді комиссия жетекшісі Жамал Құлахметова. 2020-2021 оқу жылында Алматы облысында 760 мектепте 429 мыңнан аса оқушы білім алуда. Оның ішінде 564 мектептің 351 мыңға тарта оқушысы қашықтықтан білім алуда. 16 мыңдай оқушы білім алатын 196 мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Ал ата-аналардың өтініші негізінде 62 347 оқушы білім алуы үшін 5025 кезекші сынып ұйымдастырылған. Штаттық режимде жұмыс істейтін және кезекші сыныптар ұйымдастырылған мектептер санитарлық талаптарды толықтай сақтап білім беруде. Бұл мақсат үшін 226,9 млн. теңге қаржы қаралған. Бұл қаржыға 5877 дезинфекциялық тоннель, 1003 тепловизор, 1741 дезинфекциялық  кілемше, 1724 бактерицидті лампа, 6240 санитайзер сынды жабдықтар алынған. Мұнан бөлек аталған мектептерден тыс қосымша 371 тепловизор, 50 тоннель, 716 дезинфекциялық кілемше, 304 бактерицидті лампа, 498 санитайзер алуға жергілікті бюджеттен қаржы қаралған. Бүгінде аталған құралдар толықтай сатып алынған.  “Облыстың білім саласы қашықтықтан оқыту жүйесін толықтай игерді. Жазғы демалыста 4 мыңнан аса мұғалім «Қашықтықтан білім беруді үйренемін» тақырыбындағы курстан өтті. Нәтижесінде облыстың оқушыларының білім алуына барлық жағдай жасалған. Қашықтықтан білім беретін 524 мектеп Online-mektep, 38 мектеп Daryn online, 2 мектеп Edupage ғаламтор платформасымен жұмыс істейді. Мұнан бөлек Bilimland.kz білім беру платформасына кең жолақты интернет желісіне мектептердің 97 пайызы, ал «Күнделік» жүйесіне 95 пайызы қосылған. Қазіргі таңда мектеп оқушыларын компьютерлік техникамен қамтылуы 93,5 пайызды құрап отыр. 23 678 дана компьютер оқушыларға уақытша қолдануға берілсе, 246 мыңнан аса оқушы өз меншігіндегі компьютерін пайдалануда”, - деді Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова.  Мектеп оқушыларын одан әрі компьютермен қамту үшін жергілікті бюджеттен 4 млрд. теңге, республикалық бюджеттен 8,6 млрд. теңге қарастырылған. Аталған қаржыға 55 017 компьютерлік техника сатып алынған. Мұнан бөлек демеушілердің қолдауымен 2110 компьютер алынған. Бүгінде компьютерлік техникамен 22 932 оқушы қамтылмаған. Осы оқушыларды тиісті құралмен 30 қарашаға дейін қамтамасыз етілмек.

Алматы облысының қысқы тазалық жұмысына дайындығы пысықталды

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы облыстың қысқы тазалық жұмысына дайындықты пысықтаған отырысы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz. «Zoоm» платформасымен онлайн жүйеде өткен жиынға Алматы облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Танекенов қатысты. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Басқарма басшысының сөзінше, тиісті құрылымдар қысқа әбден дайын. “Құрал-жабдықтар, техникалар сақадай сай. Оларға қажетті жанар-жағар май да, жолға себілер қоспалар да жеткілікті. Мамандар да қажеттілікті қамтамасыз етеді. Қаланы қар құрсауында қалдырмас үшін тиісті жұмыстар атқарылады. Тек жүргізушілер мен жүргіншілердің түсіністігі керек. Қар жауған сәтте жүргізушілер көліктерін жол жиегіне қойып кетіп, арнайы қар тазалайтын тахникалардың жұмысына кедергісін де келтіреді”, - деп атап өтті ол.

Шаруасы шалқыған қожалық

Жуырда «Nur Otan» партиясы Алакөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Көкебаев аудандағы шаруа қожалықтарын аралап, олардың жұмысымен қожалық өкілі Назымбек Мырзалиев таныстырды.  Өңірдегі ірі шаруашылықтың бірі – «Ырыс». Бұл шаруашылықтың негізгі кәсібі – Зеңгі баба төлін өсіру. Бүгінде «Ырыс» шаруашылығында 1000 бас мүйізді қара бар. Оның 200 басы бордақыға орналастырылған. Шаруашылық жұмысын дөңгелету үшін 6 пайыздық мөлшермен 100 млн. теңге несие алған. Шаруашылық жем-шөпті өздері даярлайды, сол үшін де 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнан бөлек, мемлекеттен 3 млн. субсидия алып отыр. Бір қызығы шаруашылық бүгінде ет өнімін базар бағамынан төмен бағамен өз сауда нүктелерінде сатады. Жылына 130-150 тонна ет өндіретін қожалық дайын өнім өндіруді де қолға алмақ.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({});  - Мал шаруашылығы – қазақтың ата кәсібі. «Асық ойнаған - азар, доп ойнаған - тозар, бәрінен де мал бағып, кәсіп еткен озар» демей ме баба жұрт. Шаруа қожалығының өнімін аудан халқынан бөлек, өзге өңірлер де пайдаланады. Себебі, «Ырыстың» өнімі базар бағамынан әлде қайда төмен. Мұндай қожалықтарға қолдау білдіру арқылы – ауылшаруашылығының тамырына қан жүгіртеміз, - деді Nur Otan» партиясы Алакөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Көкебаев.

Алматы облысынан «Nur Otan» партиясының съезіне 30 делегат қатысады

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясының күн тәртібінің бірі - «Nur Otan» партиясынан Алматы облысының мәслихатына депутаттыққа сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту мәселесін қарастырды.   «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы облыстық партиялық тізімінде 30% әйелдер мен 20% жастардың сапалық құрамы сақталған. Тізімге облысымыздағы беделді, танымал тұлғалар енді. Ал жалпы, Алматы облыстық мәслихатында  45 депутаттық мандат бар. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Келесі мәселе «Nur Otan» партиясының  кезектен тыс XX Съезіне Алматы облысынан делегаттарды сайлауда облысымыздан 30 партияластарымыз бекітілді.  Алда келе жатқан, саяси науқанға орай, партияластарға облыстық  сайлауалды штабының басшылығы таныстырылып, партия филиалының төрағасы А.Баталов бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Штаб құрылып, 39 адаммен бекітілді. Соңғы мәселе партиялықтар облыстық Саяси Кеңес құрамына өзгеріс енгізуін қарап, Қаулы жобасы бекітілді.

Алматы облысынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер анықталды

Талдықорған қаласында өткен «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясында Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру рәсімі өтіп, конференцияға қатысушы делегаттар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы 26 үміткерге дауыстарын берді, деп хабарлайды Tinfo.kz. Үміткерлер ішінен 140 делегат лайықтыларды анықтап, әрбір делегат бірнеше дауыс бере алды. Яғни, әрбір делегат бір үміткерге немесе тізімдегі барлық үміткерге дауыс беруге мүмкіндігі болды.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қорытындысында  8 үміткер анықталып, тікелей эфир режимінде өткен конференция барысында нәтижелері көрсетілді. Олардың қатарында: Ә.Абсеметова, Е. Жасыбаев,  Д.Алимбаев,  Ж.Тельпекбаева, М. Тажмағамбетова, Д. Дигай, Д.Каримов,  К.Нестеров жоғары рейтинг жинап, пікір-сайысқа қатысқан басқа үміткерлер облыстық мәслихатағы депутатттыққа үміткер ретінде тіркелді.

«Nur Otan» партиясының Алматы облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы бекітілді

Алматы облыстық партия филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы барысында делегаттар облыс бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын бекітті. Бұл жайында облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі А.Баталов конференция барысында баяндады, деп хабарлайды Tinfo.kz. Бағдарлама партияның nurotan.kz сайтында жарияланған. Осы уақытқа дейін, бағдарлама жобасы қалың бұқараға таныстырылып, 1012 ұсыныс түскен. Бұл ұсыныстардың 818-і бағдарламада қарастырылған. Ал  қалған 144 ұсыныс негізінде бағдарламаға өзгерістер енгізіліп, партия және праймериз жайындағы 50 талап-тілекке түсіндірме жұмысы жүргізілді. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Еске айта кететін жайт, сайлауалды бағдарлама 7 басым бағыттан тұрады. Атап айтқанда: Экономикалық тұрақты аймақ. Қолайлы аймақ. Әлеуметтік-бағдарланған аймақ. Жастарға арналған аймақ. Тарихы мен мәдениеті бай аймақ. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар. Қауіпсіз аймақ. Назарға сала кетсек, осы уақытта облыстық партия филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтуде.   Тікелей көрсетілім:https://youtu.be/lJjtFy0dI4Y

Қапшағай індеттің екінші толқынына дайын ба?

Қапшағай қалалық ауруханасы коронавирус таралмауына барлық шараларды қабылдап жатыр. Бүгінгі таңда емдеу мекемесінде 30 төсек орын дайындалған. Тағы 20 орын резервте тұр.Әзірлік барысын көшпелі брифингте қала әкімі Нұрлан Құматаев баяндады, деп хабарлайды Tinfo.kz. Ауруханалар ең алғашқы қажеттілік оттегі консентраттары мен ИВЛ аппараты, жасанды желдету құрылғыларымен жабдықталған. Қалалық аурухана басшысының айтуынша, емханаға 128 орталықтанған оттегі нүктесі тартылған. Мұнымен қоса қажетті дәрі-дәрмек, медициналық құрылғылар тапшылығы жоқ.  (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Қала бойынша індетпен күреске 129 қызметкер жұмылдырылған. 34і дәрігер,  58 орта, 22 кіші санаттағы қызметкер жұмыс істеуде. Қалалық бас мемлекеттік санитар қаулысына сәйкес, карантин шаралары күшейтіліп, қоғамдық орындарда бетперде, арақашықтық талап етілуде.  “Бізде қазір қатаң режимдегі дезинфекциялық тәртіп сақталуда.Есіктен кіре беріске санитайзер, қолды сүртуге арналған антисептик, мекемеде күніне 3 реттік тазалық жүргізіліп отырады. Дәрігерлерге жеке қорғаныш костюмі мен бетперде, антисептик, препараттармен қамтылған. Жоспар бойынша толық дайынбыз деп айтуға болады”, - деді Айман Рақышева.

Қапшағайда 180 пәтер беріледі

Қапшағайда 180 пәтер беріледі Қала қазір баспаналардың құрылысы қарқынды. Жуырда 180 отбасы өз пәтерлеріне кіреді. Бұл туралы көшпелі брифингте қала әкімі бөлісті, деп хабарлайды Tinfo.kz. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Бүгінгі күні 50 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталған. Нысандағы жұмыстар толық аяқталып,  қолданысқа берілу кезеңіңде. Шаңырақ шаттығын тойлайтындар көп балалы, аз қамтылған және кезектегі тұрған отбасылар.  Үйлердің барлығы заманауи қажеттіліктермен қамтылған.  Сапаға баса мән берілді деді шаһар басшысы. Тұрғынүйжинақ банкі салымшылары да биыл  жаңа пәтерлерді ала алады. Қапшағайда тағы  50 жалдамалы баспаналар салынуда. 5 қабатты нысандарда жұмыс 100 пайызға аяқталды.  Жалпы,  қаладағы 180 тұрғын жаңа үйлерге кіреді. 4 баспаналардың құрылысы жүргізілуде. 2 еуі бүгінгі күні үлестіріліп берілді. Қалғаны жыл аяғына дейін деп жоспарланған деді қала әкімі Нұрлан Құматаев.

Талдықорған тұрғынына алғаш рет көлік нөмірін үйге жеткізу қызметі көрсетілді

Талдықорған тұрғыны Сәбит Қасенов  автокөлік сатып алып, пандемия кезінде көлікті қайта тіркеу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға бармай-ақ, онлайн режимінде жаңа көлікті қайта рәсімдеп, дайын техпаспорт пен нөмірлік белгілерді де үйге жеткізуге тапсырыс берді. Бұл  жақында ғана eGov.kz порталында қолданысқа енген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік беретін қызметтің арқасында мүмкін болды. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Ол үшін  «Электрондық үкімет» порталында  «Көлік және коммуникациялар» бөлімінің «Автомобиль көлігі» тармағында «МТНБ (мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі) және КҚТК-ны (көлік құралын тіркеу туралы куәлік) үйге жеткізу» қызметін таңдап, авторизациядан өту және оған тапсырыс беру қажет. Бұл жерде қажетті деректерді толтырып, тұрғылықты мекенжайын көрсетіп, қызметке ақы төлеу жеткілікті. Қызмет құны  2240 теңге. Осыдан кейін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті МХҚО қызметкерінің үйге жеткізіп беруін күтесіз. “Осындай ыңғайлы қызмет үшін рахмет. Мен барлық автокөлік иелеріне осылай жасауға кеңес берер едім”, – дейді Сәбит Қасенов  Дайын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізу қызметі бір елдімекен шегінде, мамандандырылған ХҚКО бар қалалардың, облыс орталықтарының, аудан орталықтарының тұрғындарына қолжетімді екенін атап өткен жөн.

Қапшағай өңіріндегі Қосқұдық ауылына ауыз су тартылды

Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Қосқұдық ауылы таза сумен қамтылады. Соған сәйкес, «Алматы облысы, Қапшағай қаласы Қосқұдық, Тасқұм, Бөктер, Құлан-төбе станцияларындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу» жобасы қолға алынып су жинайтын орындары салынды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Бүгінде аталған станцияларда жаңа құбырларды тарту ісі жалғасуда. Ондағы құрылыс жұмыстары биылғы жылы аяқталады деп күтілуде. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Негізі мамандардың сөзіне қарағанда, 1928 жылы Шеңгелді аумағына теміржол салына бастағанда бұл істе қатар жүргізіліп, құбырлар ішнара жасалған. Жыл өткен сайын халық саны артып қосымша желілер тартылып, осы су құбырлары 1965 жылы қайта жаңғыртудан өткізілген. Содан бері адам қолы тимеген құбырлардың тозығы жетіп, ақырында істен шыққан. Қазіргі таңда су жүйесі бастан-аяқ жаңартылып, құбырлар ауыстырылуда. Сыйымдылығы 300 куб болатын бұл орындардағы тіршілік нәрі алдағы уақытта орталық магистральдік жүйесі арқылы Тасқұм, Бөктер, Құлан-төбе бекеттеріне жіберіліп, жаңа желілер сала мамандарының тексеруінен өтпек. Барлық сынақтан өткен жүйелер жарамды болса, халыққа тазартылған ауыз толыққанды жеткізілмек. Осының арқасында балаларға арналған «Балдәурен» демалыс орны да су тапшылығын көрмейтін болады. 

Көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны қалай рәсімдеуге болады?

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы тек ХҚО арқылы рәсімделеді. Ол үшін: (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Тұрғылықты мекенжайыңызға қарасты ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз; Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз; Операторға төмендегі құжаттарды өткізу арқылы жәрдемақыға өтініш жазыңыз: Жеке куәлік; Балалардың құжаттары; Банктік есепшот жөніндегі анықтама. Ескерту, 18 жасқа толған балалары бар отбасыларға жәрдемақы, бала жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып жатса және ол 23 жасқа толғанша оқуынан анықтама өткізсе ғана төленеді. Төлем мөлшері: 4 бала үшін - 16,03 АЕК (44 531 тг); 5 бала үшін – 20,04 АЕК (55 671 тг); 6 бала үшін – 24,05 АЕК (66 810 тг); 7 немесе одан да көп бала үшін - 28,06 АЕК (77 950 тг). Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 8 жұмыс күні.

Партиялық куратор комиссиясының отырысы өтті

Облыстық Nur Otan партияcы филиалында ZOOM платформасы арқылы партия сайлауалды бағдарламасының «Индустриялық даму» бағыты бойынша өңірлік партиялық куратор комиссиясының отырысы өткізілді. Отырыста партиялық куратор комиссиясының мүшесі Р.Салыкова, облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров, мекеме басшылары, мәслихат депутаттары, БПҰ төрағалары қатысты. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Күн тәртібінде өнеркәсіптік өндіріспен өнімдер көлемінің ұлғаюы, «Даму» қорының қызметімен кәсіпкерлікті қолдау мәселелері қаралып, жауапты мекеме басшылары партиялықтарға есептерін берді.   Баяндамашылардың есептері бойынша комиссия мүшелері сұрақ-жауап алмасып, шара соңында жиында айтылған мәселелерді негізге ала отырып, мекеме басшыларына тиісті ұсыныстар жолданды.

Алматы облысында «Орақты батыр» тарихи-драмасының премьерасы болды

Орақты Алшағырұлының 600 жылдық мерейтойына орай «Орақты батыр» тарихи-драмасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz. Қойылым алдында Б. Римова атындағы драма  театрында тарихи-драмаға арналған баспасөз конференциясы өтті. БАҚ өкілдерімен кездесуге қойылымның авторы Серік Сарыбай, қоюшы режиссері Ерлан Кәрібаев, Алматы облысы маслихаты хатшысының м.а Серік Мұқанов және Д. Қонаев атындағы гуманитарлық заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалаири қатысты. (adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({}); Модератор ретінде Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев болды. Шара барысында қатысушылар қойылымның шығу тарихына тоқталып, шығарманың қай тұсына басымдық берілгендігі туралы айтты. Қойылымда XV ғасырдың ішінде туылған, туған жері мен елі үшін жан аямай күрескен Алшағырұлы Орақты батырдың жаужүрек батыр бейнесі жан-жақты ашылды. Сахнада 1465 жылы шаңырақ көтерген Қазақ хандығының нығаюына үлкен үлес қосып, ойрат басқыншыларына қарсы шайқастарда ерлік көрсеткен батырдың жорықтары мен қатар жан тебірентер махаббатқа толы өмірі суреттеледі. Орақты батыр тарихи-драмасы көрермен көңілін тербетіп, жігерін жандыра түсті. Қойылымнан ерекше әсер алған көрермен орнында біраз тосылып, ыстық ықыласпен қол шапалақтады.