Шығыс Қазақстан облысындағы пробация қызметінің инспекторы сотталушыға несие алуға көмектесті

Войти через

  • 02:37:27
  • 13°C

Вторник, 15 июня

Шығыс Қазақстан облысындағы пробация қызметінің инспекторы сотталушыға несие алуға көмектесті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Шығыс Қазақстан облысының пробация қызметінің инспекторы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға  әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасынан мал өсіру үшін несие алуға көмектесті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Облыстық пробация қызметінде есепте тұрған Арман К есімді азамат алған несиеге ұсақ мал сатып алып, оны өсірумен айналысады.  

"Арман несиені осы жылдың сәуір айында алды. Бұл азамат бұрын фермада жұмыс істеген. Сондықтан болар мал өсіруді қолға алғысы келетінін бізге жеткізді. Біз  мал шаруашылығымен айналысу үшін Ұлттық Кәсіпкерлер палатасынан несие алуға болатынын айтып, кеңес бердік. Сонымен қатар несие алуға қажетті құжаттарды жинап, көмек көрсеттік, – дейді ШҚО Тарбағатай ауданының №2 пробация қызметінің бастығы Қанатбек Зейнелғабиденов.


Полицейдің айтуынша, Арман пробация қызметінің есебінде екі жылдан бері тұр. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 191 бабы 2 бөлігімен 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, пробациялық бақылау белгіленген.

Это может Вас заинтересовать