Талдықорғанда алғашқы бау-бақша мен ландшафт орталығы ашылды

Войти через

  • 03:59:38
  • 12°C

Вторник, 15 июня

Талдықорғанда алғашқы бау-бақша мен ландшафт орталығы ашылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорғанда кәсіпкерлер Олеся Ильченко мен Яна Беленко облыс орталығындағы тұңғыш бау-бақша мен ландшафт орталығын ашты, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Осыған дейін кәсіпкерлер табиғи өнімдер сатылатын «Сельпо» дүкенін ашқан болатын. Бақша-ландшафт орталығы осы жобаның жалғасы болды. Екі жобаны да жүзеге асыруда Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы белсенді қолдау көрсетті.


Олеся Ильченконың айтуынша, орталық осы жылдың наурыз айында ашылған. Нысанды іске қосуға жеке қаражат жұмсалды. Бақша-ландшафт орталығында 100-ден астам тауарлар бар. Оның ішінде көшеттер, тұқымдар, гүлдер, бау-бақша құралдары мен жабдықтары, өсімдіктерді қорғау құралдары сатылады. Біздің дүкенде  бау-бақшасы бар әр бағбан қажеттінің бәрін таба алады, дейді кәсіпкер.

«Біз сатып алушыға кепілдік беру үшін және оның сенімінен шығу үшін жоғары сапалы тауарларды ұсынуға дайынбыз. Сондықтан біз жеке тұлғалармен жұмыс істемейміз, тек тәлімбақтармен ғана серіктестік жүргіземіз. Мысалы, көшеттердің сапасы жақсы деңгейде болып, бейімделуден өтуі керек. Орталықта сатып алушыларға кеңес беріп, тауарға қатысты барлық ілеспе құжаттарды ұсынамыз. Осының арқасында өсімдіктер біздің ауа райына жақсы бейімделген. Бұл біздің жұмысымыз үшін аса маңызды», - дейді Олеся Ильченко.

Жақын арада орталықтың жанында өсімдіктер өсіруге болатын шағын тәлімбақ салу жоспарда бар. Онда ересектер мен балаларға экскурсиялар мен «жанды сабақтар» ұйымдастыруға болады.

«Бізде тұрғын үйлердің биік ғимараттарында тұрып, өмірінде ешқашан бау-бақша көрмеген ұрпақ өсіп келеді. Көрсе де, тек теледидардан немесе Интернеттен бақылап-көрген. Сондықтан осындай питомникке келіп, танысып, қолымен ұстап бәрін тірідей көрсін деген тілегіміз бар», - дейді Яна Беленко.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Дана Жамболатова атап өткендей, бау-бақша мен ландшафтық орталықты дамыту бойынша серіктестерді іздеуде қолдау бойынша, ақпараттық-консалтингтік көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру көздерін анықтау мәселесі пысықталуда.

Это может Вас заинтересовать