Войти через

  • 10°C

Четверг, 25 апреля

«100 жаңа есім»: өтініштер қабылдау жалғасуда

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жобаға өтінімдерді қабылдау 1 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

2019 жыл Тұңғыш Президент – Елбасы ұсынысымен «Жастар жылы» болып белгіленгендіктен, биылғы жобаға 39 жасқа дейінгі жас қазақстандықтардың жетістіктерінің тарихын іздеуге және таңдауға ерекше назар бөлу жоспарланған.

Жобаның басты мақсаты – Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту.

Үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтында өтінім толтырып және қалауы бойынша өз жетістіктері туралы бейнероликті жүктеп жобаға қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 1 қазанынан 1 қарашаға дейін жүзеге асырылады. Осыған орай, ұйымдастырушылар елорданың мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, бизнес, спорт, қоғам саласында қызмет етіп, Қазақстанды көркейтуге үлес қосып жатқан азаматтарды жобаға қатысуға шақырады.

Жобаға қатысу критерилері:

  1. 39 жасқа толмаған азамат болуы керек;
  2. Нақты бір саладағы жетістіктері болуы тиіс;
  3. Үміткер Қазақстан азаматы болуы тиіс.

Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать