Войти через

  • 22°C

Вторник, 23 апреля

2020 жылы садақаның мөлшері қандай болады?

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Рамазан айында берілетін пітір садақаның көлемін анықтады, деп хабарлайды TINFO.KZ muftyat.kz сілтеме жасап.

ҚМДБ Төралқа мәжілісінің шешімімен биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге деп бекітілді.

«Пітір садақаның құны ұнның республика бойынша есептегенде нарықтық орташа бағасымен шығарылды. Ал материалдық жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен бергені абзал», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталады.

Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать