Войти через

  • 20°C

Среда, 24 апреля

26 жылдан кейінгі қауышу!

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жақындарымызды бір ай, бір апта көрмей қалсақ көңіліміз құлазып қалатыны рас. Ал келесі жазғалы отырған оқиғада әкесі мен балаларының 26 жылдан кейінгі қауышуы туралы жақын күндері Талдықорған қаласындағы жақсы жаңалықты жеткізгелі отырмыз, tinfo.kz хабарлайды

Үстіміздегі жылдың сәуір айындағы, Талдықорған қаласындағы облыстық «Жетісу» телеарнасында, аты-жөні белгісіз, 60-65 жас шамасындағы ер адам жайлы бейнесюжет шықты. Бұл азамат, Талдықорған қаласы «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 08.10.2021 жылы түскен екен. Қарияның қолында ешбір құжаты болмады. Алғашқыда есте сақтау қабілетінің ішінара жоғалуына байланысты, өмірінен тек жекелеген үзінділерді ғана есіне түсіре алатын.

Орталық директоры Бекпенбетов Султамұрат Жарылқасынұлының тапсырмасы бойынша әлеуметтік қызметкерлердің жүргізген жұмыстарының нәтижесінде, бұл азаматтың Қырғызстан Республикасының азаматы және отбасының бар екендігі анықталды. Туған жылы, әйелі мен баласының есімдерін есіне түсірді. ​ ​

Осыдан кейін, аталған жұмысқа «Бармысың бауырым» бағдарламасының еріктісі, "Авангард" бастауыш партия ұйымының төрағасы Ғазиз Аманжолұлы кірісіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің комитет төрайымы Айгүл Сайфоллақызы Құспанға өтініші жазылды, Қырғыз елі тарапынан көмек көрсету туралы мәселені жеткізді.

Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы мамандары, еріктілер халық қалаулылары және блогерлермен жан-жақты осындай іздестіру жұмыстары арқасында 60-тан асқан атамыздың туыстары табылды. 26 жылға дейінгі үзілген байланыс...... Атамыздың құжаттары елшілік тарапынан рәсімделіп туыстарымен жақын күндері толығымен қауышты.

Жақсы істер істеуге асығайық ағайын! Істеген сауапты істеріміз көп болсын! Арамызда қиналып жүрген азаматтарға материалдық көмек көрсете алмасақта, тым болмаса осындай көмек жұмыстары тау қопарарлық жұмысқа тең!

Өз тілшіміз

Это может Вас заинтересовать