Войти через

  • 20°C

Пятница, 19 апреля

28 млн теңге қарызы бар Талдықорған тұрғынының көлігі тәркіленді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласында 28 млн 568 мың теңге салық және әкімшілік айыппұлдары бойынша берешегі бар азамат ұсталды. Құқық бұзушының «Газель» автокөлігі тәркіленді, деп хабарлайды Tinfo.kz.  

Осылайша атқарушылық құжаттарды уақтылы орындамағаны үшін тұрғынның автомашинасы мемлекеттік кірістер органдарының мамандандырылған тұрағына орналастырылды.

Әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарғандар азамат «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында анықталды. Шара аясында полиция қызметкерлері жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, мемлекеттік кірістер органдарының және Әділет департаментінің өкілдерімен бірлесіп айыппұлдарды, салық міндеттемелерін, алименттерді және басқа да төлемдерді төлеуден жалтаратын жүргізушілерді анықтап келеді.

Жедел алдын алу шарасының бірінші күнінің жұмысы нәтижесі бойынша борышкерлерден жалпы сомасы 8 млн 861 мың теңгеге 680 айыппұл өндіріліп алынды. Сонымен бірге 13 автокөлік мамандандырылған тұрақтарға орналастырылды.

Фото: Алматы облысының ПД баспасөз қызметі

Это может Вас заинтересовать