Войти через

  • 12°C

Пятница, 29 марта

"30 игі іс" марафоны жалғасуда

TINFO
TINFO
Служба новостей

Ел іргесі қаланған күннен бастап 30 жылдық мерейтойдың өтілуіне орай бастау алған "30 игі іс" қайырымдылық марафоны қазіргі таңда барлық өңірлерде қайырымдылық ұйымдары, қоғам қайраткерлері, еріктілік қозғалыстарынан қолдау алып, өз жалғасын табуда. Марафон негізінде жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлерге, көпбалалалы және мұқтаж отбасыларға, сондай-ақ белгілі бір өмір себептеріне байланысты қиын жағдайға түскен жандарға көмек көрсетілуде.

Мәселен, бүгінде Қазақстанның әр бөлшегінде орын тапқан аталмыш бастама Алматы облысында да жүйелі түрде орындалып жатыр. Бүгінде "Jas Otan" жастар қанаты белсенділері еңбек ардагері Рая апайға көмек көрсетті. Акция барысында жасотандық жастар үй тазалығына қатысты жұмыстарды, оның ішінде аула жинау, бақша суару, қоқысты жинау сияқты істерді атқарды.

Жыл басынан бері  "Jas Otan" жастар қанатының еріктілері облыс аумағында 287 шара ұйымдастырып, 2 473 адамға көмек көрсетті.

Ендігі жыл соңына дейін 300 шара ұйымдастыру арқылы 2000 адамға көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Алдағы уақытта да "30 игі аясында" көп іс-шаралар өткізуге белсенділер даяр. Себебі бұл марафон елдің тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктердің құндылығын көрсетіп қана қоймай, қайырымды істер арқылы әлемнің жақсы жаққа өзгеруіне кепілдік бере алады.

Это может Вас заинтересовать