Войти через

  • 18°C

Суббота, 20 апреля

42500 теңге төлемді қалай алуға болады

TINFO
TINFO
Служба новостей

42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған жаңа бот іске қосылды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, іздеу жолағына @Help42500Bot деп жазып, «Start» батырмасын басу қажет.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат үшін:

1.«Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;
2. Өзінің ЖСН енгізу;
3. Электронды пошта адресін енгізу;
4. Телефон нөмірін енгізу;
5. Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);
6. Өтінішті растау;

7. Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
-сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
-сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
-сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.

Қызметкер үшін:

1.«Қызметкер» батырмасын басу;

2.Өзінің ЖСН енгізу;

3.Жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;

4.Электронды пошта адресін енгізу;

5.Телефон нөмірін енгізу;

6.Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);

7.Өтінішті растау;

8.Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:

-сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;

-сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;

- сіздің өтініміңіздің өңделгені туралы жауап.

Еске салсақ, 42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұмыс істейтін азаматтарға берілетін төлемдер

Атап айтқанда, карантин жарияланған қалалардағы жалдамалы қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (Жеке кәсіпкерлер, АҚС, ЖК, БЖТ төлеушілер). ТЖ жарияланғанға дейін соңғы 12 ай ішінде кем дегенде бір әлеуметтік аударымының болуы жеткілікті.  Формалды емес, бейресми өзін-өзі жұмыспен қамтығандар Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлесе жеткілікті.

Бұл әлеуметтік төлем БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне кем дегенде бір ай да қатыспаған адамдарға тағайындалмайтынын атап өтеміз.

Дереккөз: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Это может Вас заинтересовать