Войти через

  • 20°C

Вторник, 23 апреля

5 жыл бойы шеше алмаған мәселесі «Nur Otan» арқылы оңды шешімін тапты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Соңғы үмітін арқалаған жетісулықтар «Nur Otan» партиясына келіп, өздерінің өзекті мәселелерін оңды шешіп, алғыстарын білдіруде. Алматы облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Қарасай ауданы Әйтей ауылының тұрғыны М.Омишева есік алдында жоғары кернеулі электр бағанасы тұрғандығын және сол бағананы қоршаудың сыртына шығарып беру бойынша өтінішін білдірді. 2016 жылдан бері мәселесін түрлі мекемелерге жазып, оңды жауап ала алмағандығын қынжыла айтты.

Сұрағы қордаланып, 5 жылдан бері мәселесінің шешілмегендігі бойынша нұротандықтар анық-қанығын біліп, партиялықтар өз тарапынан Қарасай ауданының әкімшілігіне хат жолдап, мәселені өз бақылауына алды.

Осыдан кейін, мәселе орнынан қозғалып, өтініш білдірген М.Омишеваның мәселесін ескеріп, аудан әкімшілігі «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Әйтей ауылдық округіне қарасты Әйтей ауылының электр желілерінің қайта құру  жұмыстары жүргізіліп, электр бағанасы ауыстырылды.

М.Омишева өз сөзінде «Мәселемді 2016 жылдан бері көтеріп, оңды жауап ала алмадым. Таныстарым Nur Otan партиясына бару туралы кеңесін беріп, нұротандықтарға өтінішімді білдірдім. Мәселемді бақылауға алып, аулада тұрған бағана сыртқа ауыстырылып, мәселемді шешіп берді, көп рахмет», деп партияға алғысын білдірді.

Это может Вас заинтересовать