TAZAKZ
  • 20°C

Суббота, 11 апреля

70 жастағы көпбалалы ана коронавирустан емделіп шықты

TINFO
Служба новостей

Алматы облысында 70 жастағы Балаған Бекзатхан короновирус инфекциясынан емделіп шықты. Қарт ана облыстық көпсалалы балалар ауруханасының инфекциялық бөлімінде 23 мамырдан бастап ем қабылдаған, деп хабарлайды Tinfo.kz.  

Балаған Бекзатхан - сегіз баланың анасы, Ескелді ауданында тұрады.

Облыстыұ аурухананың бас дәрігері Марат Досқалиев пациенттің ауыр жағдайда түскенін айтты.

«Пациент ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Бірден интенсивті терапия палатасына жатқызылды. Науқасты емдеу тәсіліне қатысты Астанадағы реаниматолог дәрігерлермен үнемі кеңесіп отырдық. Өйткені коронавирус инфекциясы егде жасқа келген адамдардың ағзасындағы  басқа да созылмалы ауруларды қоздырады. Сондықтан реаниматолог дәрігерлер 24 сағат бойы науқасты қатаң бақылауда ұстады. Дәрігерлердің 16 күн бойына үздіксіз ем жүргізуінің арқасында толық емделіп шықты, - деді бас дәрігер.

Өз кезегінде Балаған әже дәрігерлерге алғысын білдірді.

Фото: Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы

 

Это может Вас заинтересовать