Войти через

  • 8°C

Среда, 24 апреля

Ақсу ауданында жаңа оқу жылында 12 мектеп оқушы қабылдайды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының Ақсу ауданында 80 оқушыға дейінгі бала санымен 12 мектеп жаңа оқу жылында оқушылар қабылдайды. Олардың 7-бастауыш, 4-шағын жинақталған негізгі және 1-шағын жинақталған орта мектеп жаңа оқу жылына дайын. Бұл білім ошақтарында 321 бала білім алады, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Ақсу ауданында ‪2020-2021‬ жаңа оқу жылын аудан бойынша 7662 оқушы бастайды деп жоспарлануда.  

“Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында білім ордаларында барлық қажетті заттар қойылады. Мектеп кіре-берісіне дизинфекциялық тоннель орнатылып, келушілердің барлығының дене қызуы өлшенеді. Оқушылар сабақ оқитын бөлмелерге бактерицид лампалары (кварц), санитайзерлер орнатылатын болады. Білім алушылар оқитын білім беру мекемелерінде толығымен санитарлық талаптар қатаң сақталады. Басты мақсат ұстаздар мен оқушылардың денсаулыған сақтау”, - деп атап өтті аудан әкімдігінде.

Это может Вас заинтересовать