Войти через

  • 10°C

Суббота, 20 апреля

Абай атындағы бес мектепте ақынның бюсті орнатылады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай кешенді шаралар жүргізіліп келеді. Биыл облыс бойынша ұлы ақын атындағы бес мектепте бюст ескерткіштер орнату жоспарланған, деп хабарлайды Tinfo.kz.  

Өңірдегі «Рухани жаңғыру» орталығының ақпаратынша, мерейтой аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы іске асырылып, «Қазақ халқының даңқты батырлары», «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында байқау, «Ұлы даланың Ұлы тұлғасы – Абай», «Ұлы ойшыл ғұлама» тақырыптарында көрмелер және «Шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыбында тарихи танымдық сағат ұйымдастырылса, «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобасы аясында «Экрандық бейнелер» тақырыбында байқау өткізілген. 

Ал «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы аясында Райымбек ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ұлы Жібек жолындағы Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі, «Түркі әлемінің алтын бесігі» тақырыбында оқыту семинары өтті.  «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы аясында «Сүйінбай айтыс өнерінің алтын діңгегі» тақырыбында оқырмандар байқауы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай сарыны» атты концерт, «Дәстүрлі ән – ұлттық қазына» тақырыбында шеберлік сағат ұйымдастырылды. Бұл шараларда Абай сияқты қазақ классиктерінің шығармашылығы және оның қазіргі заманмен үндестігі мен сабақтастығы кеңінен талқыланды.

Ағымдағы жылы Бикен Римова атындағы облыстық драма театрында облыс тұрғындарының назарына режиссер Асанәлі Әшімовтың «Абай» спектаклін ұсынып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Мерейтой қарсаңында облыс орталығы Талдықорған қаласында осы жылдың соңына дейін Абай Құнанбаевтың монументалды ескерткішін орнатылады. Аталмыш ескерткіш ақынның рухына тағзым және қаланың тағы бір "визит картасына" айналады. Сонымен бірге Еңбекшіқазақ ауданында Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат мекемесін ашу жоспарланып отыр.

Это может Вас заинтересовать