Войти через

  • 17°C

Четверг, 25 апреля

Абай әнін шырқаған талдықорғандық тәрбиешілер елді сүйсіндірді (ВИДЕО)

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласындағы «Катия апа» бөбекжай балабақшасының ұжымы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындап, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Балабақша тәрбиешілері әнді ұлы ақынның 175 жылдығына арнап, балабақшалар арасында челлендж бастады. Абайдың әнін айту эстафетасы қаланың өзге де балабақшаларына жолданды.

https://youtu.be/lG36wokO11w

Әлеуметтік желілерде аталмыш видео желі қолданушылары арасында қызу талқылауға түсті. Комментарий қалдырған қолданушылардың көпшілігі тәрбиешілердің орындауына "Керемет!", "Тамаша орындау", "Өте дұрыс және орынды жасалған, басқа да балабақшаларға құлақтарына алтын сырға!", "Супер маған қатты ұнады" деп баға берді.

Фото: видео скриншоты.

Это может Вас заинтересовать