Войти через

  • 11°C

Пятница, 19 апреля

Абайдың өлеңін оқыған жетісулық бүлдіршін республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысы Кербұлақ ауданының бес жасар тұрғыны Бағым Сақижан «Мен де жұлдыз боламын» республикалық байқауының жеңмпазы атанды. Ол Абайдың «Ата-анаға көз қуаныш»" өлеңін оқып, «Көркем сөз» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

«Мен де жұлдыз боламын» республикалық байқауы Алматы қаласында өтіп, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналды. Конкурс вокал, би, көркемсөз сынды бірнеше жанрлар бойынша ұйымдастырылды. Барлығы 100-ден астам өнерпаз қатысқан.

«Көркем сөз» аталымының жеңімпазы Бағым Сақижан енді 2021 жылы Түркия елінде өтетін халықаралық байқауға жолдама алды.

Бес жасар Бағым Сарыөзек ауылындағы №49 орта мектептің мектепалды сыныбының оқушысы. Бағым қазіргі уақытта Алматы қаласында Kinokids балалар тележобасында актерлік шеберлік бойынша тәлім алуда. Алдағы айда киноға түсуге шақырту алған. Кішкентай жұлдыз өскенде актриса болғысы келеді.

Это может Вас заинтересовать