«Адал еңбек - адал табыс» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

TINFO
Служба новостей

Қаратал ауданының мансап орталығы «Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде «Адал еңбек - адал табыс» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Бұл іс-шараға түрлі саладағы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеп жүрген азаматтар қатысты.

Жәрмеңкенің басты мақсаты - жұмыссыз тұрғындарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру және жұмыспен қамту саласындағы белсенді шаралармен таныстыру болды.

Шара барысында жұмыс іздеушілерге 30-ға жуық бос жұмыс орны ұсынылып, кәсіби кеңестер берілді. Нәтижесінде 7 адам тұрақты жұмысқа орналастырылып, тағы 4 азамат жастар практикасы бағдарламасы аясында жұмысқа жолданды.

Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға және еңбекпен қамту деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.

Это может Вас заинтересовать