Войти через

  • 17°C

Четверг, 25 апреля

Ақсулық тіл шеберлері анықталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін» – деп, алдағы уақытта қазақ тілінің мәртебесі артатыны туралы жариялағаны баршаға мәлім. 2019 жылы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мәресіне жетіп, одан кейін Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді, tinfo.kz хабарлайды

Осы орайда, қазанның 10-13 аралығында «Ақсу ауданының ішкі саясат,мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ және «YERKIN» Өнер Академиясы» жастар қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру негізінде аудан көлемінде бірқатар кешенді іс-шаралар өткізілді.

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан тұрғындары мен жастар арасында ақпараттық – түсіндіру кездесулер, сонымен қатар «Тіл – халық жанын танытудың кілті» атты шығарма жазу байқауы және «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты эссе байқауы ұйымдастырылып, үздік тіл шеберлері анықталды. Оның ішінде шығарма жазу байқауынан Шығарма 1 орын - Ойтоған ауылдық округінен Элмира Бекова, 2 орын - Сырттанов ауылдық округінен Назира Аубакирова, Қаракөз ауылдық округінен Бағдагүл Абеева, 3 орын - Қызылағаш ауылдық округінен Сацита Хасанова және Кеңқарын ауылынан Гүлбаршын Алтынбекова марапаттарға және бағалы сыйлықтарға ие болды. Ал, эссе байқауынан 1 орынды Жеңіс Ақнұр, 2 орынды Гулмира Ыдыршбаевамен Талғат Өтеген, 3 орынды Алма Құрманғалиевамен, Үсенов Нұрбол Қаметқалиұлы иеленіп шара қатысушыларының дипломдарымен сыйлары тарту етілді.

«YERKIN» Өнер Академиясы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәулет Ауданбаев аталған бағыттағы шаралар тек Ақсу ауданында ғана емес, облыстың басқа да аудан-қалаларында ұйымдастырылып жатқанын атап өтіп, мемлекеттік тіл саясатын іске асыруда белсенділік танытқан азаматтарға жылы лебіздерін білдіріп, аудан әкімдігінің бөлімімен бірлестік атынан Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Елубаева Айна Шегеқызына және бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табысталды.

Өз тілшіміз

Это может Вас заинтересовать