Войти через

  • 11°C

Четверг, 25 апреля

Ақсулықтарға мемлекеттік тіл саясатының бағыттары түсіндірілді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қазанның 10-13 аралығында «Ақсу ауданының ішкі саясат,мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ және «YERKIN» Өнер Академиясы» жастар қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру негізінде Ақсу ауданы деңгейінде бірқатар маңызды іс-шаралар өткізілді, tinfo.kz хабарлайды

Оның ішінде Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ақпараттық – түсіндіру бағытында «Тіл ғұмыры – Ұлт ғұмыры», «Тіл мәртебесі» тақырыбында кездесу, «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты дөңгелек үстел, «Өмір өзегі – тіл тағдыры, ұлт мұраты» атты семинар өткізілді.

«YERKIN» Өнер Академиясы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Даулет Ауданбаев аталған іс-шаралар мемлекеттік тіл саясатының негізгі бағыттары және оны іске асыру мақсатында ұйымдастырылып жатқанын ескере отырып, спикерлер мемлекеттік бағдарламаның мақсатын түсіндіріп, тіл саясатындағы мәселелер бойынша пікір алмасып, сауалдарына жауап берілді.

Это может Вас заинтересовать