Войти через

  • 19°C

Четверг, 28 марта

Алакөл ауданының азаматтары 75 отбасына көмек көрсетті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алакөлдік азаматтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында 18 наурыз «Игі істер» күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Қолы ашық, жомарт жандар ауданымыздағы әлеуметтік осал топтағы аз қамтылған және көп балалы 75 отбасына көмек көрсетті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Артынша, «Алакөл аруы» байқауы өтті. Шара «Аялы алақан», «Асар»  акциялары бойынша жүзеге асады. Жергілікті атқарушы органдардың бөлім басшылары, халық қалаулылары, кәсіпкерлер мен жастар бастаған топ азық – түлік себеттерін үйді – үйге апарып, Ұлыстың Ұлы күні наурыз мейрамымен аудан тұрғындарын құттықтап қайтты.

«Наурыз меркесіне орай ұйымдастырылған «Аялы алақан», «Асар» акцияларына барлық бөлім – мекеме басшылары, мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер мен жастар  мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, аз қамтылған көп балалы отбасыларға жалпы саны 75 адамға көмек көрсетті. Әр бөлімнің мекеме басшылары азық – түлікке толы себеттерді өз қаражаттарына сатып алды. Жалпы іс – шараға 1.5 млн.теңге қаражат жұмсалынды»,-дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. Садирбекова.

Жалғыз басты зейнеткер Валентина Дегтярева өз кезегінде жомарттық танытып, мереке қарасаңында күтпеген сыйлық жасаған қауымға алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Қолға алған игі бастамаларына сәттілік тіледі. Зейнеткеріміздің айтуынша, өңірімізде қайырымды адамдардың көп болғаны көңіл қуантады.                    

Это может Вас заинтересовать