Войти через

  • 18°C

Четверг, 25 апреля

Алакөлде 700-ге мың жуық адам демалған

TINFO
TINFO
Служба новостей

Биылғы шомылу мауысымынан бері Алакөлдегі демалушылар саны 629 мыңнан асты. Оларға 3 млрд 739 млн теңгенің қызметі көрсетілді, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Көл жағалауындағы санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы мониторинг топ құрылған. Бүгінгі күні ауданда 4 мониторинг тобы күнделікті жұмыстар атқаруда.

Мониторинг тобының зерделеу жұмыстары барысында көл жағалауында құрылған барлық 17 стихиялық шатырлы лагерлер жабылды. Көл жағасындағы тыйым салынған, Заңсыз сауда жүргізген тұлғаларға ескертулер беріліп, айыппұлдар салынды. Жағалаудағы демалыс орындарындағы санитарлық жағдай қатаң бақылауға алынып, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 

Туризм саласындағы 262 нысанның 171-не жұмыс істеуге рұқсат берілген. Онда барлық санитарлық нормалар сақталған. Алакөл көл жағалауына  екі айдың қорытындысы бойынша 630 мың турист келсе, бұл көрсеткіш шомылу мауысымының аяғына дейін 1 млн-ға жетпек.

Туристердің негізгі ағыны автобуспен келіп жатқанын ескере отырып, «Талдықорған-Өскемен» және «Үшарал-Достық» күре жолын қалпына келтіру бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Алакөл ауданы әкімдігінің хабарлауынша, «Алматы-Жетіген-Достық» теміржолы мен «Үшарал» әуежайында «Астана-Үшарал-Астана», «Алматы-Үшарал-Алматы» (аптасына жеті күн, SCAT әуе компаниясы), «Талдықорған-Үшарал-Талдықорған» («Жетісу» әуе компаниясы) әуе рейстері қызмет көрсетуде. Санитарлық алгоритмге байланысты Үшарал әуежайы тепловизормен және ұшып келу, кету залдарында  арнайы дизенфекциялық  тунелмен қамтылған. Үшарал әуежайы арқылы күніне Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған қалаларынан қатынайтын рейстермен 180, ал көл жағалауына күніне барлығы 12 512 турист келуде.

Сондай-ақ Алакөл жағалауы бойынша Көктұмада 3 шақырым, Ақшиде 10 шақырым көл жағалауын бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Это может Вас заинтересовать