Войти через

  • 14°C

Вторник, 19 марта

Алакөлде мұнайшылар аллеясы ашылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Үшарал қаласында «КазТрансОйл» акционерлік қоғамының бастасымен аудан әкімдігінің қолдауымен мұнайшылар аллеясы ашылды. Ардагерлер үйінің маңынан ашылған жаңа аллеяның алдына ел ағалары мен мұнай өндіріп, зерттеуге сүбелі үлес қосып жүрген сала қызметкерлері жиналды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Айта кету керек, аллеяның жалпы ауданы 1338 ш.м. құрайды. Оны көркейту мақсатында аумаққа 300 текше метрге жуық құнарлы топырақ әкелініп, жүзден астам қылқан жапырақты ағаш отырғызылған. Сондай-ақ, саяжол қала тұрғындарының демалуына арналған орындықтармен жабдықталған, жолдар тротуарлық тақтайшамен төселген және сәндік жарықтандыру мен ескерткіш гранит постаменті орнатылған.  Постаментте «Елдің болат желілеріндегі көмірсутектердің мәңгілік шексіз қозғалысын» білдіретін композиция бейнеленген.

Шараға Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Қанағатов, «КазМұнайГаз» АҚ Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының басшысы Бегайдар Маденов  қатысып, барша мұнай-газ саласының ардагерлері мен қызметкерлерін аллеяның ашылуымен құттықтады.

«Бүгінгі таңда аудан орталығы Үшарал қаласында халық қажеттілігі үшін түрлі ғимараттар көптеп бой көтеруде. Сонымен бірге мемлекетіміз халықтың әл-ауқаты мен болашақ ұрпақтың бос уақытын дұрыс пайдалануын басты назарға қойып, жер-жерде жалпы халық демалатын түрлі орындар көптеп ашылуда.  Оның айғағы аудан орталығындағы «Жастар» демалыс саябағы мен «Астана», «Талапкер»  саябақтары бүгінгі күнде халықтын ең көп жиналатын орнына айналып отыр. Сондай-ақ, бүгінгі ашылған «Мұнайшылар» аллеясы  да Үшарал қаласының көрікті жерлерінің біріне айналары сөзсіз», - деді Дәурен Орынбайұлы.

Фото: Алакөл ауданының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать