Войти через

  • 13°C

Пятница, 29 марта

Алакөл ауданында жас жұбайлар дауыс берді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Президенттік сайлаумен қатар, Алакөл ауданы,Үшарал қаласында Несіпбек әулетінде шаңырақ көтеріліп жатыр, tinfo.kz хабарлайды

Атап айтқанда кезектен тыс президенттік сайлау күні қарсаңында Үшарал қаласының тұрғындары Несіпбек Асхат және Дәуренқызы Асем шаңырақ көтеріп жатыр. Жас жұбайлар өмірлеріндегі маңызды күн бола тұра, республикалық саяси науқанға да көңіл бөлген. Тарихи сәтте жас жұбайлар алғаш рет №48 сайлау учаскесіне келіп той алдында дауыстарын берді.

«20 қарашада өтетін сайлау өтетінін бәріміз білдік. Осыған орай той алдында сайлау учаскесіне келіп, өз дауысымызды береміз деп шештік. Мұндай күні әр азамат еліміздің болашағын ескеріп, өз дауыстарын беруі қажет. Осыған орай азаматтық жауапкершілігімді білдіре отырып осы керемет сәтті пайдаланудамыз. Бұл бір жағынан өміріміздегі қызықты сәттердің бірі ретінде есте қалатыны сөзсіз», деді Несіпбек Асхат.

Это может Вас заинтересовать