Войти через

  • 13°C

Четверг, 28 марта

Алакөлде 85 кәсіпкердің құқығы қорғалды

TINFO
TINFO
Служба новостей
Үшарал қаласында кәсіпкерлердің құқығын қорғауды қадағалауды күшейту мақсатында Алакөл аудандық прокуратурасы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы және бақылаушы органдары басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Өткізілген кездесу барысында аудан прокуратурасымен ағымдағы жылы бизнес субъектілерінің құқықтарын заңсыз тексеру және басқа да бұзушылықтар мысалдары ұсынылды, онда аудан прокуратурасымен 85 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Уәкілетті органдар тарапынан осындай бұзушылықтарға жол бермеуге назар аударылды.

Сонымен қатар, кездесу барысында қатысушылар кәсіпкерлердің өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарын талқылады. Осылайша, аудан прокуратурасы уәкілетті органдарға кәсіпкерлерді қылмыстық процесс шеңберіне заңсыз тартуға және олардың қарым-қатынастарын заңсыз тексеруге жол бермеу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Это может Вас заинтересовать