Войти через

  • 10°C

Четверг, 25 апреля

Алаяқтар мемлекеттік бағдарламаның атын жамылып ақылы қызмет ұсынған

TINFO
TINFO
Служба новостей
Алматы облысында алаяқтар «Бастау Бизнес» жобасының қатысушыларына қомақты сомаға сертификаттар ұсынуда, деп хабарлайды Tinfo.kz.Облыс тұрғындары емтихандарды тапсыруға, бизнес-жоспар құруға, сондай-ақ «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаны туралы сертификат алуға көмектесе алатын бір компаниядан месенджерлер арқылы жаппай хабарлама алуда.

Хабарламада компанияның 3 жыл бойы осындай қызметтермен айналысатындығы жөнінде айтылған. Хабарлама мазмұны: «Сіздерді «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға түсулеріңізбен құттықтаймыз! Егер сіз белгілі бір себептермен Атамекен, «Бастау Бизнес оқуын оқи алмайтын болсаңыз, біз көмектесеміз. Біз жеке компания қызметін ұсынамыз, үш жыл бойы «Бастау Бизнес» оқуын оқытып сертификаттарын алып беріп келеміз. Сіздің орныңызға сабақ оқып, экзамендер тапсырып, бизнес план жасаймыз. Курсты толық бітірген туралы сертификат алып береміз. Орындар шектеулі, тезірек тапсырыс беріңіз».
Осыған байланысты, Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың барлық қызметтері ӨТЕУСІЗ НЕГІЗДЕ жүзеге асырылатынын хабарлайды.

Осындай алаяқтық сипаттағы хабарламаларды жаппай жібермеуді және бөгде адамдардың қызметтерін пайдаланбауды сұраймыз! Оқыту барысында жобаға қатысушыларды тек жоба кеңесшісі және әр топтың бизнес-тренері сүйемелдейтінін естеріңізге саламыз.

Это может Вас заинтересовать